bs-preloader__icon
ru kz
✕

Клиенттер өз дербес деректерін төмен сақтандыру сыйлықақыларына айырбастауға дайын

MuleSoft бағдарламалық қамтамасыз етудің жеткізушісі өткізген сауалнаманың мәліметтері осындай болып шықты. Өзінің Consumer Connectivity Insights 2018 зерттеуінде ол сақтандыру клиенттері үшін құпиялылық маңыздылығының дәрежесін қарастырды.
Клиенттер өз дербес деректерін төмен сақтандыру сыйлықақыларына айырбастауға дайын

УкрСтрахование хабарлағандай сауалнамаға әлем бойынша сақтандыру қызметтерінің 8000-нан астам тұтынушысы қатысты, олар бір қатар сұрақтарға жауап берді, оның ішінде: компаниялар клиенттердің болжалдарына сәйкес келеді ме, олар деректерді жинау, жіктеу және талдау технологиясын пайдаланумен дербесетендіруді қамтамасыз етеді ме.

Зерттеу нәтижесінде респонденттердің 44% әлеуметтік желілерден, оның ішінде Facebook-тан алынған өзге деректердің пайдаланылуын қолдайтындығын айтты, егер бұл сақтандыру сыйлықақыларын төмендетуге мүмкіндік берсе. 18-34 жас аралығында адамдар арасында сақтандырушының мұндай әрекеттерін 62% қолдайды.

Географиялық жағдай бойынша Сингапурдың (63%) және АҚШ (49%) тұрғындары Ұлыбританияның тұрғындарымен салыстырғанда, дербестендіру үшін ашықтау болып келеді. Ұлыбританияда өз деректерін сақтандыру сыйлықақысын төмендетуге тек респонденттің 36% ғана өз келісімін берді.

«Егер мұндай мәліметтер сақтандыру компанияларына әлеуметтік желілер арқылы қолжетімді болса, онда сала тиісті реттеу органдарымен клиенттердің дербестендірілген сыйлықақысын есептеу үшін деректердің қосымша көздерін пайдалану үшін келісімін алуды келісіп алуы тиіс. Бұл мәселені шеше алмағандар, клиенттердің бейілділігінен йырылып, инновациялық сақтандыру компанияларынан артта қалуға қауіпі бар», – баяндамада айтылды.

Дереккөзі: https://www.ukrstrahovanie.com.ua/news/opros-klientyi-gotovyi-obmenyat-personalnyie-dannyie-na-nizkie-strahovyie-premii

Фотосуреттер http://softline.ru, witget.com сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қатерлі ісік - дүние жүзінде әрбір алтыншы өлімнің себебі
Қатерлі ісік - дүние жүзінде әрбір алтыншы өлімнің себебі

Қатерлі ісік әлемдегі ең көп таралған аурулар...

Өз рахатыңызға қалай арықтауға болады
Өз рахатыңызға қалай арықтауға болады

Артық салмақтан арылу үшін, арнайы препаратта...

Өмірді сақтандыру полисін қалай сатып алуға болады
Өмірді сақтандыру полисін қалай сатып алуға болады

Адам есейген кезде өмірді сақтандыру полисіні...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру