bs-preloader__icon
ru kz en

Кім өмірді сақтандыру полистерін жиі сатып алады, ерлер ме немесе әйелдер ме?

Әйелдер өмірді сақтандыру полистерін ерлерден жиі сатып алады: олардың үлесіне шарттардың 60% астамы келеді. Бұл ретте ерлердің орташа чегі екі есе жоғары. Неліктен? – деген сұрақты forinsurer.com қояды.
Кім өмірді сақтандыру полистерін жиі сатып алады, ерлер ме немесе әйелдер ме?

Өмірді инвестициялық және жинақтаушы сақтандыру шарттарының валютасына қатысты едәуір айырмашылық байқалады. Әйелдер негізінен ұлттық валюталардағы сақтандыру өнімдерін артық көреді, олардың үлесі әйелдермен ресімделетін барлық полистердің 95%-ын құрайды. Ерлер әйелдерге қарағанда 2 есе көп шетел валютасында – АҚШ долларында және еурода шарттар жасайды.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша, әлемдегі әйелдер ерлерден шамамен 18%-ға аз табыс табады. Посткеңестік елдерде бұл айырмашылық едәуір (30%) жоғары көрсеткішті көрсетеді. Бұл жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру өнімдеріне жарна мөлшеріне де әсер етеді. Аз соманы инвестициялай отырып, әйелдер салымдарды әртараптандыру туралы аз ойлайды, ал ерлер тәуекелдерді жойып, ақшаны түрлі «себеттер» бойынша бөлуге ұмтылады. Бұдан басқа, ер-клиенттер әйелдерден гөрі, инвестициялар туралы шешім қабылдау кезінде қаржылық аналитиканы пайдаланады.

Өмірді инвестициялық-жинақтаушы сақтандыру полистерін ресімдей отырып, әйелдердің 100%-ы қолайсыз оқиға болған жағдайда жинақ алатын өмірді сақтандыру полисі бойынша нақты пайда алушыны көрсетеді. «Ерлер» полистері бойынша пайда алушылар 71% жағдайда ғана тағайындалды. Егер қолайсыз оқиға орын алса, нақты пайда алушыларсыз полис бойынша жинақ заңды мұрагерлерге өтеді.

Бұл сақтандырушылардың айтуынша, әйелдердің ерлерге қарағанда, жақындары үшін – әдетте балалары үшін белгілі бір қаржылық мақсатқа жинақтауымен байланысты болады. Ерлер көбінесе «өзі үшін» деген қаржылық мақсатқа  жинақтайды, бірақ бұл өзімшіліктің белгісі емес, отбасы басшысының рөлін орындау болып табылады. Ер адам қаржыны өзі бақылағысы келеді және қажет болған жағдайда балаға ЖОО-да оқуға қажетті соманы өз бетінше анықтағысы келеді.

Қалған аспектілерде әйелдер мен ерлерде тұтынушылық мінез-құлықтың ерекшеліктері ұқсас. Сақтандыру кезеңінің ұзақтығына келетін болсақ, айырмашылық аса үлкен емес: әйелдердің орташа сақтандыру мерзімі – 9 жылды, ерлер үшін – 10 жылды құрайды. Клиенттердің орташа жасы – 50 және 48 жасты сәйкесінше құрайды. Өмірді сақтандырудың артықшылықтарына келетін болсақ, ол ауыр аурулармен немесе жазатайым оқиға салдарымен байланысты денсаулығының кенеттен нашарлауы сақтандырылған адам мен оның отбасы үшін қаржылық күйреуге айналмайтынына сенімді қалуға мүмкіндік береді. Сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру төлемін жедел жүргізеді. Бұл клиентке сапалы және уақытылы медициналық көмек алуға, табыстың болмауын өтеуге және қалыпты өмір сүру деңгейін қолдауға мүмкіндік береді.

Өмірді сақтандыру полисі шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін кепілді төлемді, сондай-ақ компания өз қызметінің нәтижелеріне қарай есептейтін қосымша инвестициялық табысты алуға мүмкіндік береді. Зейнетақы сақтандыру бағдарламасының көмегімен жоспарланған кезең ішінде қосымша зейнетақы төлемдерін алу үшін капитал қалыптасады. Бұл ретте сақтандырылған адам өзінің болашақ зейнетақысының мөлшерін шарт жасасқан сәтте өзі анықтайды.

Сақтандыру жарнасынан есе асатын сақтандыру төлемі денсаулыққа байланысты туындаған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, қалпына келтіру және оңалту үшін қажетті ақшалай қаражатпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ еңбекке жарамсыздық кезеңінде әдеттегі табыстың жоғалуын өтеуге көмектеседі. 

Дереккөзі: https://forinsurer.com/news/19/08/21/37087

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру