bs-preloader__icon
ru kz en

2017 жылғы әлемнің ең ірі қайта сақтандырушылардың қорытындылары шығарылды

Пайданың 5 есеге күрт төмендеп кетуінің себебі неде? Осы сұрақтың жауабын forinsurer.com. анықтады.
2017 жылғы әлемнің ең ірі қайта сақтандырушылардың қорытындылары шығарылды

2017 жылғы екінші жартыжылдығында орын алған ауқымды дауылдар, жер сілкіністер және су тасқындары $330 млрд мөлшерінде экономикалық залал келтірді, оның ішінде $144 млрд мөлшеріндегі залал сақтандырылған болып шықты.

Фориншурер хабарлағандай, 2017 жылғы табиғи апаттардан жаһандық сақтандырылған залалдар бір жылдағы шығындардың ең жоғары сомасын құрады.

Бүкіл әлем бойынша табиғи және техногендік апаттардан сақтандырылған шығындар жылдық кезең үшін тіркелген сомалардың ең жоғары мөлшерін көрсетті. Сақтандырылған шығындардың жалпы мөлшері $144 млрд құрады, ал бүкіл әлемдік экономиканың шығындары $337 млрд (бұл 2016 жылдағы шығындардан екі есе артық және мөлшері бойынша екінші рекордты көрсеткіш болып табылады), бұл орайда апаттардан өтелмеген шығындардың сомасы әлемдік деңгейде $193 млрд құрады.

Осының нәтижесінде Солтүстік Атлантикадағы дауылдардың маусымы үшін 2005 жылдан кейін 2017 жыл құны бойынша екінші жыл болды.

Сақтандырылған шығындар әрбір дауыл бойынша жеке-жеке бөлінді: Харви дауылы сақтандырушылар үшін $30 млрд құраса, Ирма — $30 млрд. және Мария — $32 млрдқұрады.

Сол сияқты рекордты шығындарды өрттер келтірді, олар әлемдік ауқымда сақтандырушылар үшін $14 млрд құрады, 2017 жылы бір жылда тіркелген осындай апат кезіндегі ең үлкен шығынға айналды.

Қайта сақтандырушылардың шығындары өсуде

Жаһандық сақтандырушы және қайта сақтандырушы топтарының көбісі 2017 жылы шығындар үлесінің күрт өсуін көрсетті, деп хабарлайды XPRIMM.

Munich Re, Swiss Re, Hannover Re, SCOR және Berkshire Hathaway де шетте қалмады. Олардың жиынтықтағы пайда мөлшері күрт төмендеп кеткенің көрсетті: 2016 жылы $9,53 млрд АҚШ долларынан, бұл көрсеткіш 2017 жылы $1,82 млрд АҚШ долларына дейін түсіп кеткен, ал бұл нәтижесінде бір жылдың ішіндегі пайданың жалпы пайдасының төмендетуін $11,35 млрд құрады.

2017 жылы табиғи апаттарға байланысты Swiss Re $4,7 млрд мөлшерінде зиян шекті. Дәл осындай оқиғалар бойынша Munich Re төлемдері $3,7 млрд. евроны құрады, оның ішінде  2,7 млрд. евро  Харви, Ирма және Мария дауылдары келтірді. Өткен жылдың оқиғаларына байланысты Berkshire Hathaway шығындары $2,4 млрд құрады.

2016-2017 жж. әлемнің 5 ең ірі қайта сақндырушының негізгі қорытындылары

Басты қайта сақтандырушылардың қол қойылған сыйлықақылардың жалпы мөлшері де 18,64% пайызға өсті. Swiss Re-ден басқасы, оның айналымы 2,37% пайызға төмендеді, Munich Re, Hannover Re, SCOR және Berkshire Hathaway 14 және 73,97% арасында өсудің екі есе қарқының көрсетті.

Жалпы табыстың мөлшері бойынша қайта сақтандырушылардың ТОП-5

Қайта сақтандырушы

Табыс 2017, млн. $

Табысохо­д 2016, млн. $

Қарқыны, %

1

Munich Re

37 821

33 154

14%

2

Swiss Re

34775

35 622

-2.37%

3

Berkshire Hathaway

24 212

13 917

73.97%

4

Hannover Re

21 313

17 232

23.68%

5

SCOR

17 718

14 569

21.6%

 6

Барлығы­

135 839

114 494

18.64%

5 қайта сақтандырушының жиынтық акционерлік капиталы 17,9% пайызға $438,6 млрд долларға дейін өсті.

Акционерлік капиталдың мөлшері бойынша қайта сақтандырушылардың ТОП-5

Қайта сақтандырушы

Капи­талы 2017, млн. $

Капи­талы 2016, млн. $

Қарқыны, %

1

Berkshire Hathaway

351 954

285 428

23.3%

2

Swiss Re

34 294

35 716

-3.98%

3

Munich Re

33 782

33 493

0.86%

4

Hannover Re

11 126

10 264

8.39%

5

SCOR

7 458

7 055

5.7%

 6

Барлығы­

438 614

371 956

17.9%

 

Таза нәтиженің мөлшері бойынша қайта сақтандырушылардың ТОП-5

Қайта сақтандырушы

2017, млн. $

2016, млн. $

Қарқыны, %

1

Hannover Re

1 148

1 650

-30.42%

2

SCOR

343

640

-46.41%

3

Swiss Re

331

3 558

-90.6%

4

Munich Re

144

2 670

-94.6%

5

Berkshire Hathaway

-3 648

1 012

-460%

6

Барлығы­

-1 820

9 530

-119%

 

Техникалық көрсеткіштерге келетін болсақ, құрама коэффициент Munich Re үшін 100% пайыздан асты (114%), Swiss Re (112%) және SCOR (104%) асты. Hannover Re компаниясында бұл көрсеткіш 6,1 тармаққа дейін түсіп, бірақ 100%-дан төмен болды (99.8% деңгейінде).

Құрама коэффициенттің мөлшері бойынша қайта сақтандырушылардың ТОП-5

Қайта сақтандырушы

2017, % 2016, % Қарқыны

1

Hannover Re

99.8

93.7

+6.1 тармақ

2

SCOR

103.7

93.1

+10.6 тармақ­

3

Swiss Re

111.5

93.5

+18 тармақ­

4

Munich Re

114.1

95.8

+18.3 тармақ

5

Berkshire Hathaway

-

89.4%

-

 

Қайта сақтандырушылар мен сақтандырушыларға ең үлкен зиянды не келтірді?

Ең ауқымды шығындарды Харви, Ирма және Мария дауылдары келтірді. Олар 2$17 млрд мөлшердегі зиян келтіріп, сақтандырушыларға  $92 млрд долларға түсті, бұл АҚШ ІЖӨ-нің 0.5% пайызға тең болды, деп есепте келтіріледі.

Сақтандырудың ірі шығындарының басты дереккөзі Солтүстік Атлантикадағы дауылдар мауысымы болды, атап айтқанда, қарқындылық санаты 4+ берілген, өзінен кейін Кариб бассейні аралдарында, Пуэрто Рикода, Техаста және батыс Флорида аумағының бөліктерінде қиратуларды қалдырған Харви, Ирма, Мария дауылдары.

Дереккөзі: https://forinsurer.com/news/18/05/07/35953

Фотосуреттер prostrahovanie24.ru, proins.ru, biznes-prost.ru сайттарынан алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру