bs-preloader__icon
ru kz

Гауһар Бүрібаева «Халық-Life» ӨСК басқарма төрайымы болып тағайындалды

«Халық-Life» өмірді сақтандыру компаниясы директорлар кеңесінің шешімімен 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Гауһар Бүрібаева басқарма төрайымы әрі Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы сақтандыру компаниясының ресми ресурстарында хабарланды.
Гауһар Бүрібаева «Халық-Life» ӨСК басқарма төрайымы болып тағайындалды

Жаңа басшы — Қазақстанның қаржы және мемлекеттік секторларында 20 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби топ-менеджер. Соңғы жылдары Гауһар Бүрібаева «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын басқарды, оның жетекшілігімен бизнес пен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған негізгі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды.

Гауһар Бүрібаева 1983 жылы туған. Екі жоғары білімі бар: 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, ал 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Сонымен қатар, ол 2015 жылы (Ұлыбритания) The London College UCK оқу орнында бизнес-менеджмент саласы бойынша магистр дәрежесін алған. 2021 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қаласы) «Цифрлық банкинг және қаржы» бағыты бойынша MBA дәрежесін иеленді.

Еңбек жолы:

— 2019–2025 жылдары — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрайымы;
— 2013–2017 жылдары — ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты ұйымның қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті;
— 2025 жылғы ақпан–желтоқсан аралығы — ҚР Үкіметі Аппаратында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі (экономикалық блок).

Әр жылдары Гауһар Асылбекқызы сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Альянс Банк» АҚ, «Көлік логистикасын дамыту ұлттық орталығы» АҚ (қазіргі «KTZ Express» АҚ) және «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалында басшылық қызметтер атқарған.

Фото ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Климаттың өзгеру қаупі және АҚШ сақтандыру саласын реттеу
Климаттың өзгеру қаупі және АҚШ сақтандыру саласын реттеу

АҚШ-та сақтандыру саласын реттеу мақсаттары д...

Баланың болашағына қалай ақша жинауға болады
Баланың болашағына қалай ақша жинауға болады

Көптеген ата-аналар мезгіл-мезгіл балаға емти...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру