Өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасай отырып, клиент сол арқылы алдын ала болжау мүмкін емес – күтпеген және ауыр ауру, жазатайым оқиғалар, қайтыс болу секілді жағдайлардан өз өмірі мен денсаулығын сақтандырады және бір мезгілде ақша жинайды.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы клиентке жинақталған соманы ғана емес, сонымен қатар оның қаражатын инвестициялаудан пайыздарды төлейді. Ал клиент қайтыс болған жағдайда оның ақшасы ол шартта көрсететін, пайда алушыға төленеді.
Осылайша, болашаққа ақшалай жинақтарды жасау мүмкіншілігі, бұл ретте сақтандыру қорғауында бола тұра, сақтандыру төлемінің кепілі – өмірді жинақтаушы сақтандырудың артықшылықтарының бірі. Тағы басқалары бар. Мысалы, егер шарттың қолданылу мерзімі 3 жылдан асатын болса сақтандыру сыйлықақысына және төлеміне салық салынбайды.
Сақтандыру ұйымымен шартты кез-келген мерзімге жасауға болады, ол егер банк салымы шартымен салыстырғанда өте ыңғайлы. Бірақ депозиттерден айырмашылығы өмірді сақтандыру шарттарына Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен кепілдік берілмейді. Яғни, клиент өмірді жинақтаушы сақтандыру полисін ала отырып, бұл тәуекелді ескеруі тиіс. Естеріңізде болсын, енгізілген сақтандыру жарналарын компания қайтармайды немесе шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде кем көлемде қайтарылады. Салынған қаражатты, алынған сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан жиырма пайыздан аспайтын шығыстар шегеріліп шартты жасаған сәттен 14-ші күннен бастап 30-шы күнге дейінгі аралықта ғана қайтаруға болады және сақтандыру жағдайы болмаған шартпен.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру және жедел сақтандырудың арасында айырмашылық неде?
Өмірді жедел сақтандыру кезінде сақтандыру сомасын компания егер сақтандырылған адам жарақат алса немесе өмірден өтсе төлейді. Бірақ, егер сақтанушымен шарттың қолданылуы аяқталғанша ештеңе болмаса, онда тиісінше сақтандырушыдан ол ештеңе алмайды. Сақтандырудың жедел түрі кезінде де сыйлықақының мөлшері жинақтаушыдан ерекшеленеді. Ол 10 есеге дейін төмен болуы мүмкін.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру кезінде клиент бүткіл соманы кепілдендірілген көлемде алады. Шартта оның мөлшері нақты көрсетілген. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде сақтанушыға ол жинақтаған сома пайыздарымен төленеді.
Мысалы, сіз 20 жылға өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасадыңыз. Сіздің сақтандыру компаниясына жыл сайынғы жарнаңыз 100 000 теңгені құрайды. 20 жыл өткен соң сіз 2 000 000 теңгені және есептелген пайыздарды ала аласыз.
Салыстырма үшін, сіз өмірді жедел сақтандыруды қаладыңыз делік, және әр жылы сақтандырушыға 150 000 теңге мөлшерінде сыйлықақы төлейсіз. Бірақ мұнда 20 жылдан кейін егер сізбен шарттың қолданылу мерзімінің аяғына дейін күтпеген және жағымсыз жағдайлар болмаса, сақтандыру компаниясы сізге ештеңе төлемейді. Егер сақтандыру жағдайы орын алса, сізге немесе сіздің отбасыңызға сақтандыру шартында көрсетілген сома төленетін болады.
Сурет ашық дереккөздерден