bs-preloader__icon
ru kz en

Індет кезінде де сақтандырушылар өз клиенттері үшін табыс табуда

Капиталдың халықаралық нарықтарында тұрақсыздық және кезекті екінші деңгейдегі отандық банктің жабылуы аясында өмірді сақтандырушылардың өз клиенттері үшін тұрақты және жоғары табыс табу қолынан келіп отыр. Сонымен, осы жылдың алғашқы бес айында ӨСК өз клиенттеріне 12,6 млрд теңге төледі. Өмірді сақтандыру компаниялары қайдан табыс табатынын LIFE INSURANCE-ке Freedom Finance Life-тің басшысы Азамат Ердесов айтып берді.
Індет кезінде де сақтандырушылар өз клиенттері үшін табыс табуда

Freedom Finance-тің клиенттеріне негізгі табысты өмірді жинақтаушы сақтандыру әкеледі. Бұл өнім көбірек танымалдылыққа ие, себебі соңғы бірнеше жылда депозит нарығындағы мөлшерлемелер құнсыздануды әрең өтеп жатыр. Осы жылдың небәрі бес айы ішінде ӨСК жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша 1,6 млрд теңге төледі.

«Біздің компаниямызда алуан түрлі бағдарламалар бар, және олардың әрқайсысы белгілі мақсаттарға арналған – мысалы, білім алуға қаражат жинау, құнсызданудан жинақтарды қорғау немесе өз капиталыңызды көбейту. Бұл бағдарламаларды екі типке бөлуге болады. Біріншісі – компанияның пайдасына қатысумен тиянақталған кірістілікпен өнімдер, екіншісі – кірістіліктің тиянақталған мөлшерлемесімен өнімдер, бірақ пайдаға қатыспай», - түсіндірді Freedom Finance Life-тің Басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Компания клиенттерге олар арқылы табыс ала алатын үш валютаны ұсынады: теңге, доллар немесе еуро. Теңгеде ең жоғары тиянақталған кірістілік 6%-ға дейін, долларда 4%-ға және еурода 1,5%-ға дейін жетуі мүмкін. Тиянақталған кірістен басқа, адамдар жазатайым оқиғалардан сақтандыру қорғауын алатынын айта кеткен жөн.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Freedom Finance-тің клиенттері жалпы табыстан қосымша сыйақыны алды. «ҚР-ның егеменді қарызы деңгейінде орташа-композитті рейтингін сақтай отырып, біздің инвесторлар теңгеде 9,1% мөлшерінде кепілдендірілген мөлшерлемені ескеріп, табыстылықты тіркей алды, - дейді сұхбаттасушы. – Инвестициялау құралдарын таңдаған кезде ақша қаражаттарын үлестіруге қайтып оралған кезде, біз компания бос ақша қаражаттарын жіберетін активтердің жоғары сапасын айтып өтсек дейміз, ол өз кезегінде дағдарыс кезінде жоғары құбылмалылықпен туындаған тәуекелдерді жоюға мүмкіндік береді».

Сақтандырушылар қайдан табыс табады

Өмірді сақтандыру компанияларының әрқайсысында өз инвестициялық стратегиялары бар. Клиенттер ӨСК-ге сеніп тапсыратын ақшаны сақтандырушылар түрлі қаржылық активтерге салады. Мысалы, акцияларға, облигацияларға, туынды қаржылық құралдарға. Өмірді жинақтаушы сақтандыру – бұл қаражатты қайтару кепілдігімен инвестицияларды қауіпсіз басқару.

«Біздің компания, ең алдымен, тиянақталған кірістілікпен құралдарға артықшылық береді. Бүгінгі күні барлық активтердің 95% тиянақталған кірістілікпен құралдарға инвестицияланады, ал қалған 5% - ETF (биржада саудаланатын қор) акциялары мен құралдарына инвестицияларға жіберіледі», - деп қорытындылады Азамат Ердесов.

Өмірді сақтандырушылар егер адам белгілі мерзімде нақты бір затқа жинағысы келсе және бұл ретте өз ақшасын қорғағысы келсе, өмірді жинақтаушы сақтандыруды пайдалануға болатынын айтады. Бұл бағдарламалар ұзақ мерзімді (сақтандырудың ең жоғары мерзімі 20 жыл), ал ӨСК өздері – сенімді ұйымдар.

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«Сақтандыру агенттерісіз жалпы сақтандыру мүмкін емес»
«Сақтандыру агенттерісіз жалпы сақтандыру мүмкін емес»

«НОМАД Иншуранс» СК» АҚ Басқарма төрағасы Дәу...

Дәрігер ми жұмысына пайдалы азық-түліктерді атады
Дәрігер ми жұмысына пайдалы азық-түліктерді атады

Қандай азық-түліктер ми жұмысын ынталандыраты...

Неліктен Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдер көп
Неліктен Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдер көп

2022 жылғы статистика бойынша ҚР-дағы ерлердің ө...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру