- Ғалым Ташмуханбетұлы, біздің порталымыз МБЖЖ және осы салаға өмірді сақтандыру компанияларын қосу мүмкіндігі тақырыбын бірнеше рет көтерген болатын. «Өмірді сақтандыру компанияларының классикалық өнімі бола тұра, өмірді жинақтаушы сақтандырудың ұзақ мерзімді бағдарламалары сақтандыру шартында белгіленген сақтанушының немесе пайда алушының әлеуметтік маңызды оқиғаларына: мысалы, баланың кәмелеттік жасына толуы, ЖОО-ға түсуі және т.б. орайластырылған күніне сақтандыру төлемін жүргізуді қарастырады» деген сарапшылардың пікірі бар. Бұл туралы не ойлайсыз?
- ЖОО-ға оқуға түсу сияқты маңызды оқиғаға жинақтау қызметі ӨСК өнімі ретінде едәуір тартымды көрінеді және депозиттерге баламасы болып табылады. Білім беру жинақтары ұзақ мерзімді болып табылатындықтан, олар бірінші кезекте жинақтарда пайда табу мүмкіндігін беруі тиіс, деп ойлаймын. Салымдарды қайтару кепілдігі де аса маңызды фактор болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекет халыққа мемлекеттің сыйлықақысы есептелінетін білім беру жинақтарын ұсынады. МБЖЖ-ге қосылып, ӨСК жақсы ойластырылған инвестиция ғана емес, сондай-ақ болашақта тұрақты жағдайды қамтамасыз етудің кепілі бола алады. Бұл үшін заңнамалық базада өзгерістерді енгізу талап етіледі.
- Сіздің ойыңызша, елімізде МБЖЖ жүйесінің дамуындағы ӨСК әлеуеті қандай? Сондай-ақ Сіз болашақта «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ басшысы ретінде компаниялар және клиенттер үшін қандай мүмкіндіктерді көріп отырсыз?
- ӨСК әлеуетті салымшылар үшін баламалы инвестициялық құралы бола алады. 2013 жылдан бастап МБЖЖ-да сатудың бір ғана арнасы болған, бұл коммерциялық банктер, сондықтан халық арасында бұл жүйеге сұраныс төмен болған. МБЖЖ қатысушысы болу мүмкіндігіне ие болып, ӨСК нарыққа бәсекелестікті әкеліп, сақтандыру өтемін ескере отырып, едәуір тиімді тәсілдемені, яғни банктердің өнімдерінен ерекшелінетін өнімді ұсынады.
Халықта ақшаны екінші деңгейдегі банктерге ғана емес, сонымен қатар сақтандыру компанияларына да салуға мүмкіндік беретін таңдау пайда болады. Бұл ретте егер аяқ астынан жазатайым оқиға басталса, сақтандыру өтемі төленетін болады. «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» ӨСК» АҚ кепілгер болып, айырылып қалған жалақысының өтемін балаларға кәмелеттік жасқа толғанша, оқушыларға 18 жастан 23 жасқа дейін оқуды бітіргенше қамтамасыз етеді.
- Бұл бағытта МБЖЖ жүйесіне өмірді сақтандыру компанияларын енгізу үшін ӨСК өзі және де мемлекеттік органдар нені жасай алады?
- Компаниялар - сақтандыру нарығының қатысушылары оларды МБЖЖ жүйесіне енгізу идеясын алға тартуда, сондай-ақ әлеуетті тұтынушыларды ақпараттандыру бойынша әрі қарай жұмыс жасауда бірлесе отырып күш сала алады. Қазіргі кезеңде ең бастысы – халыққа пайдасын әкелетін сенімді және тартымды өнімді ұсына отырып, мемлекет тарапынан қолдауды алу болып табылады.
- Мемлекет МБЖЖ жүйесіне ӨСК тарта отырып, қандай пайдаға ие болады? Бұл жақдайда адамдар үшін қандай артықшылықтар болады?
- Мемлекет үшін ӨСК тартудан түсетін пайда қаржы институттарының көпшілігімен ерекшелінеді – сәйкесінше азаматтар үшін инвестициялаудың әдістерінің көптігі пайда тигізеді. Бағдарламаға қатысушылардың көптеп қатысуы тұтынушылардың үлкен бөлігін қамтуға мүмкіндік береді, осылайша Қазақстанда білім беру жинақтарының идеясын алға жылжыту тиімді болмақ. Салымшылар болса, жинақтау кезеңінде сақтандыру арқылы қорғауға ие болады. Мен балаларымның болашағы мен біліміне алаңдайтын әке ретінде өзім МБЖЖ пайдаланушысы болып табыламын. Жалпы бұл бағдарламаны көпшілікке тарату еліміздегі жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін маңызды мәнге ие болады.
- Өмірді сақтандыру компанияларына МБЖЖ жүйесіне енгізу кезінде қандай пайда алып келеді? Бұл еліміздің экономикасы үшін неліктен маңызды?
- Пайдасы айдан анық – ӨСК-ны МБЖЖ жүйесіне енгізген кезде, білім беру жинақтары салымшылар үшін аса тартымды бола алады. Жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақысын ескере отырып, ұзақ мерзімді салымдар бойынша ӨСК-ның жоғары тұрақтылы және төлем қабілеттілігі бұл өнімді оң әлеуметтік әсерге қол жеткізудің маңызды инвестициялық құралына айналдырады. Сонымен қатар бұл халықтың қаржылық сауаттылығының деңгейін арттырады.
- Сіздің компанияңыз бұл тақырыпқа мемлекеттік органдармен келіссөздерді жүргізді ме? Сіздің ойыңызша, бұл нарықтағы өзгерістер үшін уақыт келді ме?
- Иә, біз бұл бағытты, бір қатар басқа жобаларды да халыққа едәуір тиімді, ыңғайлы және қажетті өнімдерді ұсыну мақсатында өз деңгейімізде қарастырамыз. Жалпы, уақыт келді, деп есептеймін, сақтандыру нарығы бір орында тұрмай, дамуы тиіс.
Фотосурет компанияның баспасөз-қызметімен ұсынылды.