bs-preloader__icon
ru kz

«Халық-Life» бірінші болып мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыруға лицензия алды.

Халық-Life өмірді сақтандыру компаниясы Қазақстанда барлық ӨСК арасында бірінші болып мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесіне (МБЖЖ) қатысуға лицензия алды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
«Халық-Life» бірінші болып мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыруға лицензия алды.

МБЖЖ - бұл елдегі кез келген азаматы үшін баласына Қазақстанда немесе шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім төлеуге жеткілікті қаражат жинақтауға бірегей мүмкіндік беретін сақтандыру өнімі. Осылайша, МБЖЖ шеңберінде өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасасу арқылы ата - аналар баланы оқытуға қаражат жинақтай алады, бұл ретте олар жинақтау сомасына жылдық 5% мөлшерінде, ал көп балалы отбасылар жылдық 7% мемлекеттік сыйлықақыны алатын болады.

«Бүгінде Қазақстан нарығында МБЖЖ - бұл мемлекеттің субсидиясы бар алғашқы және бірегей сақтандыру өнімі. Біз, өз тарапымыздан осы лицензияны бірінші болып алғанымызға және жақын арада бұл өнімді өз клиенттерімізге ұсына алатынымызға қуаныштымыз. Жалпы, баланың болашағына салынатын ең маңызды инвестициялардың бірі оған сапалы білім беру екені баршаға белгілі, сондықтан ата-аналар үшін жинақтаудың ең сапалы және перспективалы қаржы құралдарын қазірдің өзінде мұқият таңдау өте маңызды. МБЖЖ - бұл банктік депозиттермен бәсекеге түсетін жаңа қаржы құралы болмақ. Өйткені, бұл өнім балаға оның ата-анасының біреуі кенеттен өмірден қайтса немесе еңбекке жарамсыз болған жағдайда жинақталған соманың көлеміне қарамастан оқудың толық құнын төлеуге кепілдік береді», - деді өз сөзінде Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

МБЖЖ шеңберінде өмірді сақтандыру қолма-қол ақшаны ұзақ мерзімді жинақтау құралы ретінде бірқатар елеулі артықшылықтарға ие. Осылайша, өнім бойынша кірістілік мөлшерлемесі сақтандыру шартының бүкіл қолданылу мерзіміне кепілдік беріледі. Сондай-ақ, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдігі толық жинақталған соманы жабады, ең бастысы, ата-анасы еңбекке қабілеттілігінен айырылғанда немесе қайтыс болған жағдайда, жинақталған сомаға қарамастан оқудың толық құны төленетін болады. Сонымен қатар, МБЖЖ клиенттері салықтарды үнемдеуге – салық салынатын кірісті сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтуға мүмкіндік алады (күнтізбелік жылда 320 АЕК дейін). Бұл ретте сақтандыру жарналарының мерзімі мен мөлшері шектелмейді. Сондай-ақ, егер бала болашақта білім алу грантын жеңіп алатын болса, онда жинақтарды толығымен шешіп алуға немесе сақтандыруды басқа баланың атына қайта рәсімдеуге болады.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Әлемде ерлер мен әйелдердің арақатынасы қалай өзгеруде
Әлемде ерлер мен әйелдердің арақатынасы қалай өзгеруде

Statisticstimes.com сайтының мәліметі бойынша, 3,97 милли...

Нені таңдау керек: инвестициялық сақтандыру немесе ИСП
Нені таңдау керек: инвестициялық сақтандыру немесе ИСП

Пандемия кезінде көптеген адамдар өмірді сақт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру