bs-preloader__icon
ru kz en

Тиімді зейнетақы аннуитеті шартын қалай жасаймыз

2021 жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру барынша өсуші сынып болып қалуды жалғастыруда. Аннуитеттік сақтандыру бойынша өмірді сақтандыру компанияларының (ӨСК) жиынтық сыйлықақылары 2020 жылдың осы кезеңіне 122,5%-ға өсті және 85 млрд теңгеден асып түсті. Аннуитеттік сақтандырудың барлық сегменттері сондай-ақ жинақтардың жоғары динамикасын сақтап тұр. Зейнетақы аннуитеттері жылдық көріністе 129,8%-ға өсті. Сарапшылардың пікірінше жылдан жылға зейнетақы аннуитеттеріне сұраныс тек өсетін болады.
Тиімді зейнетақы аннуитеті шартын қалай жасаймыз

БЖЗҚ ақпараты бойынша, 1 тамыздағы жағдай бойынша қордан өмірді сақтандыру компанияларына 41 млрд теңге аударылған. «Зейнетақы аннуитеті – бұл бүткіл әлемде танылған зейнетақы қорларынан төлемдерге балама. Әдетте өмірді сақтандыру компаниялары өздеріне өмір бойылық төлемдерге жауапкершілік алады, сол себепті Батыста ӨСК сондай танымал. Бізде мұндай қызметтерге сұраныс енді ғана пайда болуда», - дейді қаржы талдаушысы Максим Линчев.

Зейнетақы аннуитеті шарттарының артықшылықтары төлемдердің өмір бойылық мерзімі және олардың жыл сайын 5%-ға индекстелуі болып табылады. Зейнетақы аннуитеті шартының арқасында төлемдерді алушы жасы ұлғайған шақта ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі мәселесіне тап болмайды.

«Егер төлемдер зейнетақы қорынан жүргізілсе, мұндай тәуекел бар, себебі салымшының шотында қаражат біткен кезде олар тоқтайды. Сонымен қатар, тағы бір артықшылығы ӨСК-ден аннуитеттік төлемдердің алушысы сақтандыру компаниясының инвестициялық қызметінің нәтижелеріне тәуелді емес: төлемдер кез-келген жағдайда индекстелетін болады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан сақтандыру компанияларына Қазақстанда қаржылық тұрақтылық бойынша жоғары талаптар қойылады, сондай-ақ қаржылық құралдарға да талаптар бар және бұл сақтандыру компанияларына жоғары тәуекелді инвестициялық саясатты жүргізуге мүмкіндік бермейді. «Сақтандырушының инвестициялық қызметі, атап айтқанда, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша, БЖЗҚ-дан ерекшелігі, құнсыздану, ЖІӨ, қор нарығының мүмкіншіліктері сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерден он жыл алдыға белгісіздік жағдайында клиентке сақтандыру төлемдерінің өмір бойылығын қамтамасыз етуге мақсатты», - деп нақтылайды Халык-Life-тің басқарушы директоры Виталий Любимов.

Салымшы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру компаниясына аударған кезде ештеңе жоғалтпайды, керісінше, айтарлықтай артықшылықтарға ие. Біріншіден, салымшы стандартты зейнетақысын ала отырып жәй ғана өз жинақтарын тауысып қою ықтималдығы жойылады. «Қазақстан Республикасында медицина сапасының және жалпы өмір сүру деңгейінің жоғарылауын ескеріп, мұндай тәуекелдің ықтималдығы жоғарылайды. Сақтандыру компаниясы БЖЗҚ-дан аударылған жинақтар сомасы таусылды ма жоқ па, оған тәуелсіз сақтандыру төлемдерінің өмір бойылық алынуына кепілдік береді. Бұл ретте, клиент (сақтанушы) тағайындаған тұлғалармен немесе клиент (сақтанушы) тірі кезінде алмаған төлемдерінің мұрагерлерімен алынуын қарастыратын, төлемдердің кепілдендірілген кезеңінің опциясы қолжетімді», - дейді «Евразия» ӨСК-нің басқарма төрағасы Гульмира Убегалиева.

Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан жинақтарды аударған кезде клиент зейнетақы жасына жеткенге дейін, атап айтқанда ерлер үшін 55 жаста және әйелдер үшін 52 жаста ай сайынғы төлемдерді ала бастайтынын айта кету керек.

Сақтандырушыны ауыстыруға бола ма

БЖЗҚ-дан ӨСК-ге жинақтарды аударғаннан кейін, клиент өз жинақтарын басқа сақтандыру компаниясына аудара алады. Бірақ бұл алғашқы зейнетақы аннуитеті шартын жасағаннан кейін екі жылдан кейін ғана мүмкін.

Аннуитет бағдарламасын рәсімдеу үшін және бір ӨСК-ден басқасына қаражатты аудару үшін жеткіліктілік сомасы шамамен барлық сақтандырушыларда бірдей. Бір компаниядан екіншісіне ауысқан жағдайда клиент үшін басты тиімділік сақтандыру ұйымдарының қаржылық көрсеткіштеріне сүйене отырып, анағұрлым сенімді сақтандырушыны таңдау мүмкіндігі болып табылады. «Зейнетақы аннуитеті бағдарламасының аясында бір сақтандыру компаниясынан екіншісіне қаражатты аударған кезде, қаражат аударылатын ӨСК ҚР Ұлттық Банкінің қаулысына сәйкес комиссияны (істі жүргізуге – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен 1,5%-дан артық емес және әрбір жүзеге асырылған сақтандыру төлемінен 3%) ұстап қалады. Сонымен қатар, басқа сақтандыру компаниясына ауысқаннан кейін жаңа төлемдерді клиент бұрынғы сақтандырушы сол кезеңге есептеген индекстеусіз алатынын ескерген маңызды. Клиент қаражатты аударған сақтандыру компаниясы ауысқаннан кейін келесі жылдан бастап, индекстеуді қайтадан жүргізетін болады», - деп нақтылады «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» ӨСК-нің басқарма төрағасының орынбасары Алемжан Акажанов.

Шартты жасамас бұрын, ӨСК-нің сенімділігіне көз жеткізу керек, ол бірнеше факторлармен сипатталады: уәкілетті органның лицензиясының болуы, әлемдік рейтингілік агенттіктерден кредиттік рейтингілердің болуы, уәкілеттік орган тарапынан ӨСК қызметіне реттеуші талаптардың орындалуы, қаржы мәселелері болған кезде компанияны қолдай алатын, ӨСК-де ірі акционердің болуы, әлемдік ең ірі қайта сақтандыру компанияларында қайта сақтандыру. «Сонымен қатар, зейнетақы аннуитеті шартын жасау алдында, ӨСК қызметінің сенімділігіне назар аудару қажет: клиенттердің активтерін басқару тәжірибесі, соңғы бірнеше жылда сақтандыру қызметінің даму динамикасы, уәкілетті органның лицензиясының болуы, компанияның қаржы тұрақтылығының кредиттік рейтингісінің болуы, қаржылық қиындықтар кезінде компанияға қаржылай қолдау көрсетуге қабілетті, ӨСК-де ірі акционердің болуы, әлемдік ірі қайта сақтандыру компанияларында қайта сақтандыру және ӨСК-нің тұрақты дамуын растайтын басқа да факторлар», - дейді Freedom Finance Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Шпаргалка

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдер ерлер үшін – 55 жастан бастап, әйелдер үшін – 52 жастан бастап (2027 жылға дейін бұл жас 55 жасқа дейін ұлғаятын болады) қолжетімді.

Жуық арада бірлескен зейнетақы аннуитетін енгізу жоспарлануда. Яғни, бір шартты отбасының бірнеше мүшелері жасай алады. Оның артықшылығы, ерлі-зайыптының біреуі өмірден өтсе, екіншісі шартқа сәйкес зейнетақы төлемдерін алуды жалғастыратындығында.

Сурет ашық дереккөздерден

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру