bs-preloader__icon
ru kz
✕

Қазақстандықтар ауру жағдайына ерікті сақтандыруға қызығушылық танытты

Ауырып қалған жағдайда ерікті жеке сақтандыру бойынша жинақталған сыйлықақылардың көлемі қаңтар айында 7,6 млрд тг – осы кезеңдегі ең жоғары көрсеткішті құрады, деп Ranking.kz зерттеуінде айтылады. Бір жылдағы өсім 15,4%-ға жетті.
Қазақстандықтар ауру жағдайына ерікті сақтандыруға қызығушылық танытты

Бұл ретте бір жыл ішінде ерікті жеке сақтандырудың үлесі 40,8%-дан 34,2%-ға дейін қысқарды. Ауру жағдайына ерікті жеке сақтандыру бойынша төлем көлемі бір жыл ішінде 14,1%-ға төмендеп, 2020 жылдың қаңтар айында 1,8 млрд теңгені құрады. Ерікті жеке сақтандыру бойынша барлық төлемдердің үлесі бір жыл ішінде 60,5%-дан 47,6%-ға дейін қысқарды.

Бір жылда ерікті жеке сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақыға сақтандыру төлемдерінің қатынасы 31,5%-дан 23,4%-ға дейін азайды. Сегментте жиналған сыйлықақы көлемі бойынша сақтандыру компанияларының арасында 2,6 млрд теңге көлемімен «ИНТЕРТИЧ» сақтандыру компаниясы көш бастап келеді – өткен жылға қарағанда 20,8%-ға артық болды. «Халық» СК Халық банкінің еншілес ұйымы: 1,3 млрд тг – өткен жылмен салыстырғанда 36,6% - ға кем.

Олар сақтандыру төлемдерінің көлемі бойынша да алда келеді: бірінші орында – «Халық» СК (556,9 млн теңге - 3,2%), екінші орында – «ИНТЕРТИЧ» СК (515,9 млн теңге - 34,9%).   Ranking.kz

Дереккөзі: http://www.ranking.kz/ru/a/infopovody/vo-vremya-vspyshki-koronavirusa-strahovshiki-sobrali-za-yanvar-pochti-8-milliardov-tenge-premij-v-sfere-dobrovolnogo-strahovaniya-na-sluchaj-bolezni-rekordnyj-pokazatel-dlya-pervogo-mesyaca-goda

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресейде юаньда өмірді жинақтаушы сақтандыруды ұсынды
Ресейде юаньда өмірді жинақтаушы сақтандыруды ұсынды

«Юаньмен әрқашан ұтыста» өмірді жинақтаушы са...

Канадада қызмет көрсетілмейтін полистер дағдарысы ушығып келеді
Канадада қызмет көрсетілмейтін полистер дағдарысы ушығып келеді

50 жылға жуық тәжірибесі бар сарапшы Рона Конне...

Егер сіздің сақтандыру компаниясы банкротқа ұшыраса не болады?
Егер сіздің сақтандыру компаниясы банкротқа ұшыраса не болады?

«Банкроттық үшін тым үлкен» деп саналған AIG са...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру