Сауалнамаға жауап берушілердің көпшілігі (39%) осылайша ақшаларын девальвациядан сақтағысы келетінін және оны АҚШ долларында немесе еурода сыйақының жоғары жылдық мөлшерлемесі арқылы көбейткісі келетінін айтты. Сауалнамаға жауап берушілердің 24%-ы ӨЖС-ні сыйақының мөлшерлемесі 1%-дан аспайтын, валюталық банктік депозитке жақсы балама деп санайды.
Сауалнамаға жауап берушілердің 16%-ы ӨЖС өз балаларының жоғары білім алуына жинау үшін өте қолайлы деп санайды. Мысалы, 2023 жылы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) әрекет ететін болады, оған ӨСК-ні тартуды жоспарлап жатыр.
11%-ы – өз отбасына сенімді болашақты қамтамасыз ету мақсатымен инвестициялайды. Осылайша, сақтандыру жағдайы кезінде қаржылық қауіпсіздік жастықшасы болады. Сауалнамаға жауап берушілердің 7%-ы ӨЖС-ні пайдаланғысы келеді немесе ірі сатып алуға жинақтау мақсатымен пайдаланып жатыр. 3% – заңды тұлғалар, және қызметкерлерді ынталандыру мақсатымен өмірді корпоративтік жинақтаушы сақтандыру бойынша ӨСК-мен шарт жасайды. Олардың ішінен 57% - әйелдер, олардың орташа жасы 32-46 жас және 43% - 37- 50 жастағы еркектер.
Сауалнамаға жауап берушілердің ай сайынғы жалақысы 250 000-нан 1 500 000 теңгеге дейін құбылады.
ӨЖС сенімділігі
Инвестициялау немесе жинақтау үшін ӨЖС бағдарламасын таңдағандар бұл қаржы құралының артықшылығымен танысып үлгерді. Жалпы, өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары – бұл сақтандыру және инвестициялау функцияларын біріктіретін өнімдер. Біз мезгілде күтпеген жағдайлардан денсаулық пен өмірді сақтандыруға және ақша жинауға болады. Бұл тәуекелді сақтандыру өнімдерінен, мысалы, медициналық немесе туристік сақтандырудан және банк депозиттерінен басты ерекшелігі.
ӨЖС бағдарламаларының сенімділігі мен пайдасын сипаттайтын негізгі факторлар:
Ең алдымен, ӨЖС бағдарламалары бойынша салық жеңілдіктері әрекет етеді. Әдетте сақтанушы табысты немесе жалақыны алған кезде 10% ЖТС төлейді. Өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы бойынша шартпен ол ішінара салықтарды төлемеуіне болады, ал «үнемделген» соманы табыспен немесе жалақымен бірге ала алады. Сонымен қатар, сақтанушыға сақтандыру компаниясымен шартты бұзған кезде ӨЖС шартымен сақтандыру төлемдері мен сатып алу сомалары үшін салық төлемеуіне болады.
ӨЖС шартын жасаған кезде инвестициялық салымның қол сұғылмаушылығы бар. Компания клиенттерінің сақтандыру жарналары 100%-ға тәркілеуден және тыйым салудан қорғалған және мүліктік даулар кезінде бөлінуге жатпайды.
«Өмірді сақтандыру компаниясымен ӨЖС шартын жасаған кезде клиент сақтандыру қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясының болуына, қаржылық қиындықтар жағдайында компанияны қолдауға қабілетті, ӨСК-нің ірі қатысушысының (акционерінің) болуына, ірі қайта сақтандыру компаниясының және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының болуына назар аударуы тиіс», - деп нақтылады Freedom Life ӨСК-де.
Сурет ашық дереккөздерден