Осылайша, Ұлттық Банкте МБЖЖ жүйесіне өмірді сақтандыру компанияларын енгізу мүмкіндігіне қалай қарайды деген сауалға, қазақстандық ӨСК өкілдерінің өзі бұл өнім банктердің емес өмірді сақтандыру компанияларының жұмысының мәнін қамтиды деп есептейтін болғандықтан, төмендегідей жауап берілді:
- Қазіргі таңда Қазақстанда Мемлекетті білім бері жинақтаушы жүйесі (МБЖЖ) қызмет етеді, бұл жүйе арқылы Қазақстанның кез келген азаматы Қазақстанда және шетелде оқу ақысына қаржыны жинақтай алады. Бқл бағдарлама екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) салымдары арқылы іске асырылған.
Алайда МБЖЖ қолданыстағы тетігі ӨСК үшін де қолайлы. Осы бағдарламаға ӨСК тартудың негізгі артықшылығы сақтандыру арқылы қорғау болып табылады. Ал бұл өмірдегі ата-ананың (асыраушының) қайтыс болуы немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу сияқты қолайсыз оқиғалар басталған жағдайда, бала белгіленген жасқа толғанда, кез келген жағдайда білімге қажетті соманы алатындығын білдіреді.
Сонымен қатар балалардың оқуына қаражатты жинақтауұзақ мерзімді сипатқа ие болады, бұл ӨСК бизнесінің ерекшелігі болып табылады. Осылайша, сақтандыру ұйымдарының ұзақ мерзімді кезеңде өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үлкен тәжірибесі бар.
Осыған байланысты ҚР Ұлттық Банкі ЕДБ-мен қатар МБЖЖ-ға ӨСК қатысуы бойынша ұсынысқа бастамашылық етуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ жақын арадағы 2-3 жылдағы сақтандыру нарығын, оның ішінде Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығын дамыту бойынша жоспарлары туралы сұраққа Ұлттық Банктің баспасөз-қызметі нақты айтқанда «жақын жылдардағы өмірді сақтандыру нарығын дамыту бойынша реттеушінің саясаты төмендегілерге бағытталатын болатынын» хабарлады:
- өмірді сақтандыру нарығының қазіргі жағдайын жақсарту;
- оның динамикалы өсуін және бәсекелесті дамуын қамтамасыз ету;
- сақтандыру өнімдерінің тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
- Өмірді сақтандыру салаы дамыған елдердің экономикасында ең стратегиялық салалардың бірі болып табылады және мемлекеттің жалпы қолдауына (оның ішінде салық бойынша) ие болады, – ҚР Ұлттық Банкінің жауабында айтылды, – өйткені ол әлеуметтік-бағытталған және экономиканың табысты өсуіне мүмкіндік беретін елеулі инвестициялық ресурстардың тұрақты көзі болып табылады.
2019 жылғы маусымда Ұлттық Банкте ҚР ҰБ Төрағасы сақтандыру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында өмірді сақтандыру нарығының күрделі мәселелері және өмірді сақтандыру компанияларының (ӨСК) ұсыныстары талқыланды.
Қарастыруды талап ететін өмірді сақтандыру нарығының негізгі мәселелері:
- өмірді сақтандыру нарығының ерекшелігін ескере отырып, пруденциялық нормативтерді есептеуді қайта қарастыру;
- сақтандыру ұйымдарымен инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін кеңейту;
- сақтанушының инвестицияларға (unit-linked) қатысумен сақтандыру өнімдері мен бірлескен зейнетақы аннуитеттері бойынша заңнаманы жетілдіру;
- өмірді сақтандыру өнімдері бойынша салық салуды жұмсарту арқылы салық заңнамасын жетілдіру.
Қазіргі таңда Ұлттық Банкте аталған мәселелер зерттеліп, оларды ӨСК ұсыныстарын есепке ала отырып, заңнаманы жетілдіру арқылы шешу жолдары қарастырылуда.
- Сақтандыру нарығында, оның ішінде ӨСК нарығында жағдай жалпы қалай бағаланады?
- Өмірді сақтандыру саласы көрсеткіштер өсуінің оң динамикасын көрсетуде. Осылайша, тек қана соңғы 5 жылдың ішінде ӨСК активтері 3 есеге өсті және 2018 жылғы қорытындылары бойынша 330 млрд теңгеден асты.
«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша 2018 жылда жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 89 млр теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 35%-ға артық. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі жиынтық сақтандыру сыйлықақыларында соңғы 15 жыл ішінде 1,5%-дан 23%-ға дейін өсті. Дамыған елдерді дәстүрлі түрде осы саланың үлесі жинақталған сыйлықақыларында 60%-ға дейін жетеді.
Өмірді сақтандыру өнімдері бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасы жан басына шаққанда 2018 жылғы қорытындылары бойынша 6 936 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда (5 777 теңге) 20%-ға ұлғайды.
- Сіз Ұлттық Банкте қазақстандық ӨСК жұмысының қандай нәтижелерін көргіңіз келеді?
- ӨСК төлемге қабілетті болуы тиіс және қаржылық тұрақтылыққа ие болуы тиіс, бұл өзіндік және тартылған қаржы есебінен барлық субъектілері алдында қарастырылған көлемде өзіне қабылданған міндеттемелерді уақтылы орындау үшін өте маңызды. ӨСК қаржылық тұрақтылығына негізінен төмендегілер арқылы қол жеткізіледі:
- экономикалық негізделген сақтандыру тарифтерін пайдалану;
- сақтандыру шарты бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерін орындау үшін барабар сақтандыру қорларын қалыптастыру;
- өз қаржысын тиімді инвестициялау;
- заңнамамен белгіленген пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтау.
P.S. Бұрын біздің порталымызға берген сұхбатында «Халык-Life» АҚ Басқарма Төрағасы Оксана Радченко өмірді сақтандыру компаниялары МБЖЖ – мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінің қатысушылары болуы әбден мүмкін болатыны жайында пікір білдірген еді. Сонымен қатар ол «Халык-Life» АҚ «Nomad Life» АҚ-мен бірлесе отырып, Ұлттық Банкпен өмірді сақтандыру компанияларын МБЖЖ жүйесіне қосылу мүмкін мәселесі бойынша келіссөзді жүргізуге бастамашылық жасағанын хабарлады. (https://lifeinsurance.kz/ekspert/oksana-radchenko-kompanii-po-strahovaniyu-zhizni-vpolne-mogli-by-stat-uchastnikom-gons)..
Сондай-ақ осы мәселеге қатысты біздің басылымымызға Қаржы орталығының директоры Асқар Ибрагимов та өз пікірін білдірді (https://lifeinsurance.kz/produkt/askar-ibraimov-esli-strahovye-kompanii-predlozhat-interesnyy-produkt-dlya-grazhdan-my-gotovy-podderzhat-eto).
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.