bs-preloader__icon
ru kz en

Сақтандырушылар қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын басқарғысы келеді

Толық емес 2018 жылдың ішінде сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинақтарының 22,2 млрд теңгесі аударылды, деп kursiv.kz хабарлайды.
Сақтандырушылар қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын басқарғысы келеді

БЖЗҚ мәліметтеріне сәйкес былтырғы жылдың 11 айы ішінде сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинақтарының 22,2 миллиард теңгесі аударылды. Бұл зейнетақы қорының барлық төлемдерінің сомасынан 14%-ды құрайды.

«Бұл аса көп емес, бірақ нарық бірте-бірте дамып келеді, бұл бірнеше жыл қатарынан life-компанияларына банкроттықа ұшырап қалмауға мүмкіндік берген», – деді «Халык-Life» АҚ басқарушы директоры Виталий Любимов.

«Аннуитеттер өте баяу өсіп келеді. Өйткені енді ерлер зейнетақы шоттарында 10 млн теңге жиналғанда, ал әйелдер – 12 миллион жиналғанда, өз жинақтарын сақтандыру компаниясына аудара алады. Зейнетақы жүйесінің 20-жылдық тарихы ішінде бұл сомалар аса үлкен емес», – дейді «Nomad-Life» ӨСК» АҚ басқармасының орынбасары Асқар Шәкенов.

Төлемдердің аса үлкен емес мөлшерін сақтандырушылар ыңғайсыз басқарумен түсіндіреді, бірақ ол да жақын арада өзгеруі тиіс. «Процедураларды жеңілдетіп, барлығын электрондық форматқа аудару жоспарлануда. Егер әрбір 2 жыл сайын адам сақтандыру компаниясын ауыстыратын болса, бірақ ол үшін кеңсеге барып, өтініш беріп, шартты жасауға міндетті, ал қазір барлығы да электрондық түрде болады. Сайттарда құжаттардың нысандары толтырылады, сіздің ақшаңыз жұмыс істей бастайды», – деді Любимов.

Толық емес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы шамамен 156 млрд теңгені құрады. Бұған қоса 32 млрд теңге (немесе 20%) – бұл Қазақстанның аумағынан тыс ТТМ (ПМЖ) кетуімен байланысты төлемдер құрайды.

«Шетелге кетушілерге сақтандыру компаниясынан ақшасын алуға мүмкіндік бермейтін заңдағы норма сақтандырудың осы түрі сақтанушыларды тоқтататын. Енді заң жобасында осыған мүмкіндік беретін норма пайда болды, адамдар шетелге кететін кезде, бүкіл сомасын алып кететіндерін біледі», – деп «Халык-Life» АҚ басқарушы директоры атап өтті.

Қараша және желтоқсан айларында қаржы нарығында life-компаниялары зейнетақы активтерін басқару бойынша кмпанияларға ұқсас зейнетақы активтерін басқара алады деген сыбыс пайда болды. Былтырғы жылдың наурыз айында Aviva Investors әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниясы БЖЗҚ-ның $220 млн долларын басқаруға кіріскендігін естеріңізге саламыз. Кейінірек қадағалаушы орган осыған ұқсас компанияларды іздеу бойынша тендерді хабарлаған еді.

«Біз инвестициялық ұсыныстарды Ұлттық Банкке жіберген едік, онда біз инвестициялау бойынша мүмкіндіктерді қарастыруды өтінген болатынбыз, бірақ шешім әлі қабылданбады, сондықтан бізге БЖЗҚ-дан активтерді табыстау туралы айтуға болмайды», – деп Шәкенов қорытындылады.

Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/pensionnaya-sistema/2019-01/strakhovschiki-khotyat-upravlyat-pensionnymi-nakopleniyami

Фотосурет ашық дереккөздерден алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жоспар бойынша зейнетақының артықшылықтары
Жоспар бойынша зейнетақының артықшылықтары

Ұлттық Банктің есебіне сәйкес, осы жылдың он а...

S&P Қазақстанның өмірін сақтандыру нарығын оң бағалайды
S&P Қазақстанның өмірін сақтандыру нарығын оң бағалайды

S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Ағымдағы жағ...

Өмірді сақтандыру сыйлықақыларында өсуде
Өмірді сақтандыру сыйлықақыларында өсуде

ӨСК алымдардың ай сайынғы оң динамикасын сақт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру