Осы сақтандыру түрі кімнің мүддесінде әрекет етеді?
Заңға сәйкес «сақтандырудың объектiсi оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге не оның өлiміне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүлiктiк мүддесi» болып табылады. Яғни, сақтандыру жағдайы басталған кезде зардап шеккен қызметкер немесе оның қайтыс болуымен айланыты зиянды өтеуге құқығы бар тұлға, Заңмен орнатылған тәртіпте және мөлшерде сақтандыру төлемін алады.
Қашан сақтандырылу керек?
Қызметкерді жазатайым оқиғадан (ЖО) міндетті сақтандыру келісім шартын заңды тұлғаның тіркелгенінен кейін және/немесе лицензияланатын іс-әрекет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алғаннан кейін 10 күн ішінде жасасуға болады. Сақтандыру келісім шартын жұмыс беруші жыл сайын жасасу қажет. Келісім шартты жасасудан бас тарту жұмыс берушінің 1 000 АЕК мөлшерде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілігіне алып келеді.
Сақтандыру келісім шартының болмауы айыппұлдан басқа үлкен қаржылық шығындарға алып келуі мүмкін, себебі ЖО кезінде төлемдер ондаған миллион теңге құрауы мүмкін, бұл әсіресе кәсіптік ауруларға және қызметкерлердің мүгедектілігіне қатысты – жұмыс беруші бұл жағдайда зиянды толық көлемде өздігінен өтеуге міндетті.
Сақтандыру төлемдері қашан жүргізіледі?
Сақтандыру компаниясы егер ЖО нәтижесінде қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігі дәрежесі 30-дан 100% қоса алғанда дейін орнатылса немесе оның қайтыс болуы жағдайында жүзеге асырады.
Кәсіптік еңбек қабілеттіліктен айырылу дәрежесі 5-тен 29% қоса алғанға дейін анықталса, зиянды өтеу жұмыс берушімен әрекеттегі Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырады.
Қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция комитетінің территориялық бөлімшелері медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы анықтайды.
Сақтандыру келісім шартының құнына не әсер етеді?
Сақтандыру сыйақысының мөлшері барлық қызметкерлерге еңбекке төлеудің жылдық қорына және кәсіпорынның іс-әрекетіне тәуелді. Сонымен қатар келісім шарттың құнына сақтандыру келісім шартын жасауға алғы шарт болып табылатын, соңғы бес жылда кәсіпорында болған жазатайым оқиғаларының статистикасы әсер етеді де, сол арқылы түзету коэффициентінің шамасын анықтайды.
Егер жазатайым оқиға болса...
Жұмыс берушіге ЖО басталуы туралы белгілі болған сәттен үш жұмыс күнінен кешіктірмей , жазбаша түрде бұл туралы сақтандыру компаниясына хабарлау керек. Заңмен сонымен қатар жұмыс берушінің міндеті орнатылады – Еңбек жөнінде Өкілетті орган өкілдерінің және сақтандырушының міндетті қатысуымен сақтандыру жағдайын тексеруді қамтамасыз ету. Содан кейін сақтандырушыға Заңның 20 бабымен қарастырылған сақтандыру төлемдерін жүргізуге қажетті құжаттарды беруі қажет. Бұл ретте сақтандыру компаниясына құжаттардың толық тізімін уақытылы беруден, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша сақтандырушының ары қарай жұмысы тәуелді болады.
Сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешімді сақтандырушы Зағмен қарастырылғаан барлық құжаттарды берген сәтінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Төлемдер қалай жүргізіледі?
1. Сақтандырушы Компания зардап шеккен қызметкерге (қайтыс болған жағдайында – залалды өтеуге құқығы бар тұлғаларға) аннуитет келісім шарты негізінде кезектік төлемдер түрінде өтейді.
Төлемдерді қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілінінен айырылу дәрежесін орнату немесе созу (қайта куәландыру) мерзіміне тең мерзімде жүзеге асырылады. Максималды төлем жүргізу мерзімі – қызметкердің зейнет жасына жетуіне дейін. Бұл жағдайда егер қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бір жылға дейін мерзімге орнатылса, бірінші сақтандыру төлемі Заңмен қарастырылған барлық құжаттарды берген сәтінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Кәсіптік еңбекке қабілеттілініен айырылуды орнату немесе создыоу жағдайында немесе қызметкердің қайтыс болуы жағдайында, жұмыс беруші зардап шеккен қызметкер немесе қызметкердің қайтыс болуына байлансыты залалды өтеуге құқығы бар тұлға пайдасын аннуитет келісім шартын жасауға міндетті. Аннуитет келісім шарты қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жасасқан сақтандырушымен сақтандыру жағдайы болған әрекет ету мерзімінде жасалады. Аннуитет келісім шартында аннуитеттік төлемдердің мөлшері мен жүзеге асыру кезектілігі орнатылады.
2. Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi 30-дан 100% дейін белгiленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде (емделу, қосымша тамақтану, дәрі сатып алу, протез салу, бөттен адамның күтімі, санаториялық-курорттық емделу, арнайы тасымалдау құралдарын сатып алу, басқа мамандыққа дайындау және басқалары). Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар сақтандырушының өтеуіне жатпайды.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден аспауға тиіс:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi 30%-дан 59% қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 500 АЕК;
2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi 60%-дан 89% қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 750 АЕК;
3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi 90%-дан 100% қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 1000 АЕК.
Қызметкердің қайтыс болуымен байланысты залалды өтеуше құқығы бар тұлғалар шеңбері:
- қайтыс болған адамның асырауында немесе онық қайтыс болу күніне одан күтім алуға құқығы болған еңбекке қабілетсіз тұлғлар.
- Қайтыс болған адамның оның қайтыс болуынан кейінтуған бала;
- Жұмыс істемейтін және қайтыс болған адамның асырауында болған оның 14 жасқа толмаған немесе аталған жасқа жеткен, бірақ медициналық қорытынды бойынша денсаулық күйіне айланысты тұрақты күтімді қажет ететін балаларын, немерелерін, аға-інілері мен әпке-қарындастарын күтімімен айналысатын, еңбек қабілеттілігіне тәуелсіз ата-анасының бірі, жолдасы немесе басқа отбасы мүшесі;
- Қайтыс болған азаматтың асырауында болған және ол қайтыс болғаннан кейін 5 жыл бойы еңбекке қабілетсіз болған тұлғалар.
Залал өтеледі: кәмелетке иолмағандарға – 18 жасқа дейін; 18 жаста және одан жоғары оқитындарға – күндізгі оқыту түрі бойынша оқу орнында лқуын бітіргенше, бірақ 23 жасқа дейін; 58 жастан асқан әйелдерге және 63 жастан асқан еркектерге ғұмыр бойы; мүгедектерге – мүгедектік мерзіміне; қайтыс болған адамның асырауында болған оның балаларын, немерелерңн, аға-інілері мен әпке- қарындастарын күтімімен айналысатын жолдасына немесе басқа отбасы мүшеіне – олар 14 жасқа ьолғанша немесе денсаулық күйі өзгергенше.
3. Зардап шеккен қызметкердің қайтыыс болуы жағдайында – оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушымен жерлеу шығындары 100 АЕК мөлшерінде өтеледі.
Сенімді сақтандырушыны қалай таңдауға болады?
Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 өмірді сақтандыру компанияларының 6-да осы сақтандыру түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар. Ол міндетті болуына байланысты, сақтандыру және төлем жүргізу тарифтері мен шарттары зағмен бекітілген, сәйкесінше барлық сақтандыру компанияларының құны мен келісім шарт шарттары бойынша ұсыныстары теңбе-тең.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде қысқа мерзімде және толық көлемде төлем жүргізетін сенімді сақтандыру компаниясын қалай таңдауға болады?. Сақтандырушы сенімділігін бағалауға болатын критерийлерді реттеуші –ҚР Ұлттық банкі сайтынан табуға болады. Активтер мөлшеріне, төлем қабілеттілігінің маржа коэффициентіне, қалыптасқан сақтандыру қорларының мөлшеріне, сақтандыру төлемдерінің көлеміне назар аудару керек. Сонымен қатар клиенттермен ұзақ мерзімді қатынастарды көздеген сенімді және адал сақтандыру компаниясы келісім шартқа отыру кезінде сақтандыру тарифтерін әдейілеп азайтпайды. Адекватты тарифтерді орната отырып, бұндай компания тиесілі сақтандыру өтеуін жүргізеді және сақтандыру төлемін жүргізубеу үшін себептер іздемейді.