Бұл туралы Алматы қ. Өңірлік коммуникация қызметінің алаңшасында «БЖЗҚ» АҚ Өңірлік желіні сүйемелдеу және дамыту департаментінің директоры Мәмила Мұсабекова хабарлады.
Зейнетақы аннуитеті (латын тіліндегі annuus — жыл сайынғы) – бұл БЖЗҚ-дан төлемдерге балама келетін қорланымды алудың тәсілі. Зейнетақы аннуитет – зейнетақы қорланымының жеткілікті сомасы және зор денсаулығы бар тұлғалар үшін ыңғайлы болатын өмір бойғы төлемдер.
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы БЖЗҚ салымшыларына әйелдердің 50,5 жасқа (2018 жылы), ал еркектердің 55 жасқа толған кезінде қорланымның жеткілікті мөлшері жиналғанда сақтандыру компаниясымен зейнетақы қорланымды пайдаланумен өмір бойғы сақтандыру төлемдері туралы зейнетақы аннуитет шартын жасасуға мүмкіндік береді. Мұндай шарт бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін де жасалуы мүмкін, егер мүгедектік мерзімі белгіленбеген болса.
Қазақстанда еркектер (54+ жасында) арасында зейнетақы аннуитетті сатып алу мүмкіндігі бар салымшылардың саны 10,8 мың адамды құраса, әйелдер арасында (49+ жасында) – 2,6 мың адам құрап отыр.
«2018 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы аннуитет шартын жасасуға құқығы бар әйелдердің жасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 55 жасқа толғанша жыл сайын жарты жылға арта береді», - деп Мәмила Мұсабекова мәлімдеді.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін қажетті зейнетақы қорланымының жеткіліктілігі сақтандыру ұйымымен есептелінеді. Бұл ретте сақтандыру ұйымынан бір айлық төлемнің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күніне қолданылатын ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап «2016-2018 жылдарға республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнетақының ең төмен мөлшері 33 745 теңге мөлшерінде белгіленген. 2018 жылға әйелдер үшін 13,5 млн теңге, еркектер үшін – 9,5 млн теңге құрайды.
«Сақтандыру ұйымымен зейентақы аннуитеті шартын жасасу немесе БЖЗҚ-да зейнетақы қорланымның сақталуы, зейнеткерлік жасқа жеткен бойыда кейіннен ол қорланымды БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша алу – бұл салымшының саналы түрде жасалған таңдауы. Адам ұзақ уақыт жұмыс істеген сайын, зейнетақы салымдарды ұзақ төлеген сайын, оның зейнетақы шотында ақшаның үлкен сомасы жиналады, ал бұл зейнетақы жоғары болады деген сөз», – деп Мәмила Құрманжановна атап көрсетті.
Дереккөзі: http://24.kz/ru/news/social/item/235667-v-etom-godu-minimalnyj-razmer-pensii-sostavil-33-745-tenge
Фотосуреттер Kapital.kz сайтынан алынды.