bs-preloader__icon
ru kz en

Зейнетақы аннуитетінің артықшылықтары

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша бір жылда жасалған зейнетақы аннуитеттерінің көлемі 9%-ға ұлғайды. Егер 2019 жылы сақтандырушылар осындай шарттар бойынша 65,3 млрд теңге сомаға сыйлықақылар тартса, 2020 жылы – 71,3 млрд теңге болды, деп жазады «Капитал» іскерлік ақпарат орталығы.
Зейнетақы аннуитетінің артықшылықтары

«Евразия» ӨСК-де 2021 жылдан бастап зейнетақы аннуитетіне сұраныс бұрындары осы өнімді ала алмаған қазақстандықтар арасында өсе бастағанын айтады. Компания 2020 жылдың қыркүйегінен бастап зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу бойынша түсім байқалғанын айтып өтті. Осындай аннуитетті сатып алу үшін жеткілікті сомалары бар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) салымшылары экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша Заңды күтумен үзіліс алды.

«Қазақстандықтар өз жинақтарының «артығымен» анағұрлым тиімді жұмсауды жоспарлады. 2021 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақы аннуитеті шарттарына сұраныс қалпына келді. Бұдан бөлек, бұрын зейнетақы аннуитетін ала алмағандардың арасында осы өнімге қызығушылықтың артқанын байқап отырмыз. Бұл бұрын азаматтар БЖЗҚ-да жеткілікті жинақтары болмағанымен немесе белгілі бір жасқа сәйкес келмегендіктен аннуитет шартын жасай алмағанымен байланысты», - деді «Евразия» ӨСК-нің басқарма төрайымы Гульмира Убегалиева.

«Nomad Life» ӨСК-де сондай-ақ аннуитеттердің сұраныста болуын айтып отыр. «Егер осы өнім бойынша жасалған шарттардың саны туралы айтатын болсақ, онда 2020 жылдағы цифр 2017 жылдағы көрсеткіштен шамамен 2 есе асады. ҚР Ұлттық Банкінің дерегі бойынша осы өнімді енгізген сәттен бастап 61 мыңнан астам адам 283 млрд теңге сомаға зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасты. Негізінде бұл БЖЗҚ-дан төлемдермен салыстырғанда бұл өнімнің артықшылықтарымен байланысты», - дейді «Nomad Life» ӨСК-нің басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

«Freedom Finance Life» ӨСК-де 2020 жылы осындай шарттар бойынша сыйлықақылардың көлемі 69%-ға өсті. «2020 жылы біздің ӨСК 11,06 млрд теңгеге зейнетақы аннуитеті шарттарын жасады. Бұл бірінші кезекте қазақстандықтарға зейнетақы төлемдерін алудың анағұрлым тиімді, ыңғайлы жолдарын таңдауға мүмкіндік беретін зейнетақы жүйесінің реформасымен байланысты», - деп хабарлады компанияның басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Аннуитет қолжетімдірек болды

Зейнетақы аннуитетінің негізгі артықшылықтарының бірі – қазақстандықтар зейнетақы жасы келгенге дейін БЖЗҚ-дан төлемдер ала алады. Әйелдер – 52 жаста, ерлер – 55 жаста. Салыстырма үшін: қазір әйелдер зейнетке 60 жаста шығады. 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейін елде әйелдер үшін зейнетке шығу жасы – 58-ден 63 жасқа дейін кезеңмен жоғарылайды.

2021 жылы нарықта кейінге қалдырылған аннуитет пайда болды. Бұл өнімді сонымен қатар зейнетақы жасы келгенге дейін алуға болады.

«Салымшылар ӨСК-мен шартты 45 жаста жасап, ал өмір бойылық ай сайынғы сақтандыру төлемдерін кейінірек ала алады: ерлер – 55 жастан бастап, әйелдер 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 52 жастан бастап. 40 жаста кейінге қалдырылған аннуитет шартын жасасу мүмкіндігі БЖЗҚ-ға 60 айдан кем емес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударғандарда пайда болады. Аннуитет шартын жасасу үшін жастың төмендеуін ескеріп, аннуитет шарты бойынша біздің клиенттеріміздің орташа жасының төмендегенін айта кетсек болады», - дейді «Евразия» ӨСК-нің басқарма төрайымы Гульмира Убегалиева.

Ол зейнетақы аннуитетін алатын ерлердің тарихи үлесі барлық ӨСК-нің портфелінде басым болатынын айтады. «Бірақ соңғы айларда біз қуанышпен әйелдер үлесінің өсімін айта аламыз», - деді әңгімелесуші.

«2020 жылы біздің компаниямыздың зейнетақы аннуитеті шарттарының 80%-ын ерлер жасады. Негізінде оларды 55-57 жастағы ерлер жасады. Олардың үлесіне 2020 жылы жасалған барлық зейнетақы аннуитеті шарттарының 42% түсіп отыр. Әйелдер арасында шарттардың максималды үлесі 52-53 жаста жасалды. Егер гендерлік белгіні түсірсек, онда мұндай шарттардың максималды көлемі 55-57 жаста жасалған», - деп хабарлады «Халык-Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы Жанар Жубаниязова.

Гульмира Убегалиева 2021 жылы зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін БЖЗҚ-да жинақтар бойынша жеткіліктілік шегі айтарлықтай төмендегінін айтады.

Егер 2020 жылы 55 жастағы ерлер осындай аннуитетті сатып алу үшін  БЖЗҚ-да кемінде 11,3 млн теңгесі болуы тиіс болса, ал қазір оларға 6,7 млн теңгесі болса жеткілікті. Өткен жылы 52 жастағы әйелдер аннуитет шартын жасасу үшін БЖЗҚ-да 15,5 млн теңгесі болуы тиіс болса, осы жылдан бастап айтарлықтай кем – 9 млн теңге.

Зейнетақы аннуитетін сатып алушыда ӨСК-ден өмір бойы ай сайын төлемдерді алу мүмкіндігі бар. «Бұл зейнетақы аннуитетінің негізгі артықшылықтарының бірі. Бұл опция төлемдер сомасы ӨСК-ге аударылған жинақтар сомасынан асып түссе де қолданылады», - деп хабарлады «Евразия» ӨСК-де.

Инвестициялар әртараптандырылған

«Халык-Life» ӨСК-де олардың компанияларында орташа жылдық инвестициялық табыс 10-11%-ды құрайтынын хабарлады. «Сақтандырушыларға қаржы тұрақтылығы бойынша жоғары талаптар және қаржы құралдарына талаптар қойылады. Бұл сақтандырушыларға жоғары тәуекелді инвестициялық саясатты жүргізуге мүмкіндік бермейді», дейді ӨСК-де.

Сақтандырушылар инвестициялардың елеулі бөлігін жоғары кредиттік рейтингтерімен сапалы және жоғары сенімді эмитенттердің қарыз құралдарына салады. «Біздің ӨСК активтерді әсіресе Қаржы министрлігінің облигацияларына, Ұлттық Банктің ноталарына және квазимемлекеттік компаниялардың облигацияларына инвестициялайды. Жалпы сақтандырушының зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша инвестициялық қызметі өмір бойылық сақтандыру төлемдерін қамтамасыз етуге бағытталған. Және бұл ретте ӨСК ұзақ мерзімді жинақталатын күрделі пайызды ескере отырып, 5% мөлшерде жыл сайынғы индекстеуге кепілдік береді», - деп хабарлайды «Халык-Life» ӨСК-нің басшысы Жанар Жубаниязова.

«Freedom Finance Life» ӨСК-де сенімділік пен кірістіліктің арасында оңтайлы балансты құру үшін компания алуан түрлі активтерге салады. «Біздің сақтандыру портфеліміз экономика секторлары, сондай-ақ елдер бойынша да әртараптандырылған. Сақтандыру өнімдері бойынша валюталық тәуекелді өтеу үшін қаражатты шетелдік эмитенттерге, АҚШ, Ресей, Түркия, Оман, Германия, Ұлыбританияға және т.с.с. инвестициялаймыз. Негізінен ҚР мемлекеттік қағаздарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, банктердің, халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларына және квазимемлекеттік компаниялардың облигацияларына саламыз. Мұндай бағалы қағаздардың кірістілігі 9,5% бастап 13,5% дейін құрауы мүмкін», - дейді «Freedom Finance Life» ӨСК-нің басшысы Азамат Ердесов.

Табыс пен төлемге кепілдік беріледі

Зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерге заңнамамен кепілдік беріледі. «Осы жылдан бастап аннуитеттік төлем ең төмен күнкөріс деңгейінен 70%-дан төмен бола алмайды. Қазақстанда 2021 жылы ең төмен күнкөріс деңгейі 34 302 теңге деңгейінде бекітілді. 2020 жылы бұл көрсеткіш төмен болған: 32 668 теңге. Яғни, сақтандырушының инвестициялық қызметіне тәуелсіз ол кепілдендірілген төлемді төлеуге міндетті», - деп хабарлайды Гульмира Убегалиева.

Сондай-ақ, зейнетақы аннуитетінің артықшылықтарының бірі – ӨСК-ден төлемдер жыл сайын 5%-ға индекстеледі. «Бұл норма Қазақстанның заңнамасында көрсетілген. Осылайша, сақтандырушылар кірістіліктің ең төмен деңгейіне-ақ кепілдік береді. Төлемдерді индекстеу ӨСК қызметінің тиімділігіне байланысты емес. Төлемдар бәрібір жыл сайын өсетін болады», - дейді Nomad Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

Қаражаттың мұралануы

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқандар сонымен қатар шартта төлемдердің кепілдендірілген кезеңін белгілей алады. Мысалы, 10, 20 және максималды 30 жыл. Егер салымшы осы кезеңнің ішінде қайтыс болса, төлемдер оның мұрагерлеріне жүзеге асырылады. Мұрагерлерді сақтандырылушы өзі таңдай алады.

«Мысалы, егер шартта 15 жыл кепілдендірілген кезең көрсетілсе, бірақ зейнетақы аннуитеті шартын жасағаннан кейін үш жылдан кейін сақтанушы қайтыс болса, онда тағы 12 жыл төлемдерді оның мұрагерлері немесе аннуитет шартында көрсетілгендер алатын болады», - деп түсіндірді «Евразия» ӨСК-де.

Ипотека жөнінде қалай

«Евразия» ӨСК-де зейнетақы аннуитеті шарты ең алдымен, сақтандыру шарты болып табылатынын хабарлады. Ол бойынша клиент өмірді сақтандыру компанияларына (ӨСК) олар аударған жинақтардың сомасы бітті мен жоқ па тәуелсіз, төлемдер алатын болады.

«Өмірдің өсуші ұзақтығын ескере отырып, әрбір ӨСК өзіне қазақстандықтардың ұзақ өмірі тәуекелін алады. Өйткені зейнетақы аннуитеті бойынша ӨСК-ден төлемдер сақтандыру компаниясында жинақталған сомаға тәуелсіз, өмір бойы жүзеге асырылады. Осы тәуекелді құраушыны ескере отырып, ипотеканы өтеу, тұрғын үй сатып алу үшін және тағы басқаларына аударылған жинақтардың бір бөлігін ӨСК-ден шешіп алу мүмкін емес», - деді «Евразия» ӨСК-нің басқарма төрайымы Гульмира Убегалиева.

Бірнеше қоржындардан табыс

Зейнетақы аннуитетін сатып алушыларда бірнеше көздерден зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі бар.

«Біріншіден, зейнетақы жасына жеткеннен кейін салымшылар егер олардың еңбек өтілі 1998 жылдың 1 қаңтарына кемінде алты айды құраса, төлемдер ала алады. Мұндай төлемдер еңбек өтіліне пропорционал жүзеге асырылатын болады. Екіншіден, мемлекет базалық зейнетақыны береді. Үшіншіден, салымшы зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ӨСК-ден төлемдер ала алады. Төртіншіден, салымшы аннуитет шартын жасағаннан кейін зейнетке шығу сәтіне жинақталған, БЖЗҚ-дан төлемдерді алады», - деп нақтылайды «Халык-Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы Жанар Жубаниязова. 

ӨСК-нің қызметіне мемлекет лицензия береді, мемлекет қадағалайды. «Зейнетақы аннуитеттері бойынша төлемдерге Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қаражаты есебінен кепілдік беріледі. ӨСК таратылған және банкрот болған жағдайда, зейнетақы аннуитеттері бойынша үздіксіз төлемдерді және сақтандыру портфелінің құрамына кіретін міндеттемелерді орындау бойынша мирасқорлықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп бұрын хабарлаған ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде.

Дереккөзі: https://kapital.kz/finance/93356/v-chem-plyusy-pensionnogo-annuiteta.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру