bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру неге тиімді

S&P Global Ratings-тің «Өмірді сақтандыру секторының салалық және елдік тәуекелдігін бағалау: Қазақстан Республикасы» есебінде саладағы сақтандыру сыйлықақыларының өсімі 2021 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша 1,1 есеге құрады. ӨСК клиенттері қандай сақтандыруларды жиі сатып алатынын LIFE INSURANCE-ке Nomad Life және Халык-Life сектордың екі ірі компанияларының өкілдері айтып берді.
Өмірді сақтандыру неге тиімді

Nomad Life-тің өнімдер қоржынында сақтандыру сыйлықақыларының түсімдері бойынша ең үлкен үлесті зейнетақы аннуитеті шарттары алады. Екінші орында – өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары. Соңғыларының арасында үлкен қызығушылыққа «ZOLOTO NOMADOV» және «ZOLOTO NOMADOV Invest» өнімдері ие. Халык-Life-тің ең танымал өнімдерінің бірі - «Халық-Қазына» бағдарламасы.

Жинақтаушы және инвестициялық өнімдер

Жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары клиенттерге қызықты, себебі бүгінгі күні – ол банк депозиттеріне ең жақсы балама. Өйткені жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша есептелетін сыйақы мөлшерлемесі банктікіне қарағанда жоғары. «Бұл ретте жинақтаушы сақтандыру полистерінің иеленушілері салық жеңілдіктерін пайдаланады, құқықтық артықшылықтарды алады, оларға сақтандыру қорғауы қамтамасыз етіледі. «ZOLOTO NOMADOV Invest» бағдарламасы, бұдан бөлек, клиенттерге халықаралық қор нарығына қолжетімділік береді», - деп түсіндірді «Nomad Life» ӨСК» АҚ Сату және өңірлік даму департаментінің директоры Рамай Курбангалиев.

«Халық-Қазына» өнімі өз жинақтарын инвестициялаудың жаңа әдістерін іздеп жүрген адамдардың санатына арналған. «Сақтандыру бағдарламасы сақтандыру мерзіміне байланысты валютада жылдық 3,52%-ға дейін мөлшерде инвестициялық табысқа кепілдік береді. Басты шарт – барлық соманың бір жолғы жарнасы, себебі компания клиенттің ақшасын АҚШ долларына индекстейді, және бұл адамдардың жинақтарын бағамдық залалдардан сенімді қорғауға көмектеседі», - дейді «Халык-Life» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Андрей Джексембаев.

Сұхбаттасушылардың сөзінше өнімдердің танымалдылығы сақтандырушылардың жеңіл шарттары мен салық жеңілдіктері есебінен қамтамасыз етіледі. Сонымен, осы өнімдер бойынша клиенттердің қаражаты өтімді – оларды кез-келген сәтте алуға болады (бұзған кезде сатып алу сомасын алуға). Полистің иеленушісі сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемін алатын пайда алушыны өзі көрсетеді. Бұдан бөлек, ӨСК клиенттері үш жыл және одан артық мерзімге жасалған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша АЕК-нің 320 еселік мөлшері шегінде салық жеңілдігін алады.

Зейнетақы аннуитеті

Алғашқы төрт айдың қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандырудың жиынтық сыйлықақылары 2020 жылдың осындай қорытындысына 54,8 млрд теңгеге жетіп, 203,9%-ға өсті. Аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы аннуитеттері сегментінде сыйлықақыларды жинайтын барлық компаниялар сыйлықақылардың оң динамикасын көрсетті, бірақ сектордың көшбасшысы Nomad Life болды. Сәуір айының қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК портфелінің көлемі 18,4 млрд теңгеге дейін өсті, олардың ішінен 18,1 мрлд теңге зейнетақы аннуитеттеріне тиесілі.

«Зейнетақы аннуитеті клиенттерге осы сақтандыру бағдарламасының арқасында клиенттер зейнет жасына келгенше әлдеқайда одан бұрын өз зейнетақы жинақтарын пайдалана бастайтыны үшін қызықты. Бұдан бөлек, Nomad Life қамтамасыз ететін төлемдер өмір бойы жүзгізілетін болады, яғни, шарттың иеленушісі қартайған кезде өмір сүруге ақшасыз қалатын жағдай болмайды», - деп нақтылайды Рамай Курбангалиев.

Қалай таңдап, қателеспеуге болады

Өмірді сақтандыру нарығында өнімдерді тәуекелді (төлемдер қайтыс болу тәуекелі жағдайында немесе ауру басталған кезде жүргізілетін уақытта) және жинақтаушы деп бөлеміз. Жинақтаушы өнімдер жағымсыз жағдайлар басталған кезде төлемдерді көздейді, бірақ ең бастысы олар шарт мерзімі аяқталған кезде табысқа кепілдік береді.

«Өмірді жинақтаушы сақтандырудың артықшылықтарының бірі – адам үшін негізі кез-келген жаста оңтайлы бағдарламаны іріктеп алуға болады, - дейді Андрей Джексембаев. – Басты артықшылығы адамның өмірі сақтандырылған сақтандыру сомасы сақтандыру шарты аяқталған кезде немесе сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру шарттарымен көзделген, сақтандыру жағдайы басталған кезде төленетіндігінде. Сол себепті ұзақ мерзімді жинақтар полисі сипаттар кешеніне ие: болашаққа инвестиция және шартты жасаған алғашқы күннен бастап сақтандыру қорғауы ретінде».

Жинақтаушы сақтандыру – бұл қаржылық жоспарлау және тәуекелдерді басқару құралы. Өмірді сақтандыру компаниясы жүргізуі тиіс төлемдер жиі нысаналы мақсатқа ие. «Олар мыналар болуы мүмкін, мысалы, балаға жоғары білім алуға ақы төлеу, ірі сатып алуды жүзеге асыру, аға буын адамдарына рентаны қамтамасыз ету, немесе соңғы жағдай, отбасы төлемдер есебінен негізгі асыраушысыз қалғанда, өмірге бейімделетін кез. Егер бұл бөлікте сақтандыру шартының талаптары клиенттің қажеттілігін қанағаттандырса, онда ұсынылатын сақтандыру бағдарламасы – оған шынымен қажет құрал болып табылады», - дейді «Nomad Life» ӨСК» АҚ Сату және өңірлік даму департаментінің директоры.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру жинақтарды ұзақ мерзімді сақтауға арналған. Мысалы, депозит ұзақ мерзімді қаржы құралы ретінде қарастырыла алмайды, ал ӨЖС шарты 3 жылдан 30 жылға дейінгі мерзімге жасалады. Бұл кезеңде адам тұрақты жарналарды енгізе отыра, тәртіпке үйренеді. Ол сақтандыру шартын мерзімнен бұрын бұза алады, бірақ бұл жағдайда клиент сақтандырудың алғашқы жылдары әдетте төленген сақтандыру жарналары сомасынан кем болатын, сатып алу сомасын алады.

«Кепілдендірілген кірістілік – құнсызданудың әсерінен қорғау механизмі. Сақтандыру шартының талаптарына байланысты кепілдендірілген кірістіліктің мөлшері өзгеріп отырады. Сақтандыру шартының тұрақты талаптары, яғни, сақтандыру шарты бойынша тариф пен тәуекелдер шартты жасаған сәтте анықталады және оның қолданылу мерзімі аяқталғанша өзгермейді. Бұдан басқа, өмірді жинақтаушы сақтандыру полисі бойынша төленетін барлық сақтандыру жарналары ерекше мәртебеге ие. Уәкілетті органдардың сақтандыру шарты иеленушісінің міндеттемелері бойынша тыйым салуға немесе басқа сот өндірулерін қою мүмкіндігі жоқ, сондай-ақ сақтандыру жарналары ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде бөлінуге жатпайды», - деп қорытындылады «Халык-Life» АҚ Басқарма төрағасының м.а.

Сақтандырушылар жинақтаушы полистің қосымша опциялары да маңызды болып табылатынын айтады. Полисті кепілдікке қою арқылы қарызды алу мүмкіншілігі, шетелдік валюта бағамына қатысты сақтандыру ұйымы міндеттемелерінің индекстелуі, өз қаражатын инвестициялау үшін әдістердің кең ауқымы, сақтандыру жарналарын төлеудің ыңғайлы шарттары, тарифтік саясаттың икемділігі.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру