bs-preloader__icon
ru kz en

Бірден бірнеше ӨСК «МБЖЖ шеңберіндегі өмірді сақтандыру» жаңа сыныбы бойынша лицензияларды алды

Өткен жылдың қыркүйегінде сақтандыру ұйымдарының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МБЖЖ) қатысуына мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
Бірден бірнеше ӨСК «МБЖЖ шеңберіндегі өмірді сақтандыру» жаңа сыныбы бойынша лицензияларды алды

Сонымен лицензияларды алды:

•             «Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясы» АҚ;

•             «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ;

•             «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ.

МБЖЖ – бұл кез келген азамат үшін өз баласына Қазақстанда немесе шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім ақысын төлеуге жеткілікті қаражат жинақтау мүмкіндігі. Бүгінгі таңда МБЖЖ бағдарламасына екінші деңгейдегі 4 банк қатысады, жалпы сомасы 33,5 млрд теңгеге 22 мың білім беру депозиті ашылды. Енді сақтандыру ұйымдары банктермен қатар халыққа осы инвестициялық өнімді ұсына алады.

МБЖЖ шеңберінде өмірді білім беру жинақтау сақтандыруы шартын жасасу арқылы ата-аналар сақтандыру ұйымы есептейтін инвестициялық кіріске қосымша жылдық 5%-дан 7%-ға дейінгі мөлшерде мемлекет сыйлықақысын ала отырып, өз балаларын оқытуға қаражат жинақтай алады.

Сақтандыру өнімінің басқа да артықшылықтары бар. Біріншіден, кірістілік мөлшерлемесіне депозитке қарағанда (8%-дан 10%-ға дейін) сақтандыру шартының бүкіл қолданылу мерзімінде кепілдік беріледі. Екіншіден, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдігі толық жинақталған соманы өтейді, ал Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігі 20 млн теңгеге дейінгі соманы ғана өтейді. Үшіншіден, ата-анасы еңбек ету қабілеттілігінен айырылған немесе қайтыс болған жағдайда, жинақталған сомаға қарамастан оқудың толық құны төленеді.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру