Ұлттық Банк сенімгерлікпен басқарушы ретінде қазақстандықтардың қаражатын төмендегілерге салды:
˗ ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 292,61 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 42,3%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. ҚР Қаржы министрлігінің теңгеге номиналданған МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 8,8%, АҚШ долларында – жылына 4,2% құрады.
˗ ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 756,42 млрд теңге (13,95%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 6,6% құрады.
- 1 049,25 млрд теңге (8,33%) сомасына ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10% құрады. ЕДБ депозиттеріне 248,86 млрд теңге (немесе портфельдің 1,98%) орналастырылды. ҚР ЕДБ салымдарын өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылдық 9,1%-ды құрады.
- 1 134,51 млрд теңге (портфельдің 9,01%-ы) мөлшеріндегі сыртқы басқарудағы активтер. 2021 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өсім 38,94% құрады.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
"Jýsan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1,2 млрд теңгені құрады. Оларға ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (26,09%), ҚРҰБ ноттары (портфельдің 27,28%), Exchange Traded Funds (ETF) пайлары портфельдің 46,36%, қалған активтер инвестициялық шоттарда ақша қаражатында (0,27%) сақталды. Портфельдің 53,64%-ы теңгеде, 46,36%-ы АҚШ долларында. 15.03.2021ж. бастап 30.04.2021ж. дейінгі кезең ішінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 30,24 млн теңгені құрады Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан зейнетақы активтерінің табыстылығы 3,69% болды.
«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1 мамырда 751,2 млн теңгені құрады. Портфельдің құрылымында кері РЕПО операциялары (73,42%), ЕДБ облигациялары (6,71%), шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (19,73%) және шоттардағы ақша қаражаттары бар. Ұлттық валютада портфельдің 80,27%, ал АҚШ долларында 19,73% номиналданған. 15.03.2021ж. бастап 30.04.2021ж. дейінгі кезең ішінде есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 5,01 млн теңге, осы кезең ішіндегі зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,8% құрады.
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 540,54 млн теңгені құрады. Олар ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына (16,65%), ҚР ЕДБ облигацияларына (10,66%), пайларға (ETF индекстерге) (28,34%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (17,29%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражаттарына (5,04%) бөлінген. Ұлттық валютада портфельдің 54,3% -ы, АҚШ долларында 45,7% -ы номиналданған. 15.03.2021 жылдан бастап 30.04.2021 жылға дейінгі кезеңде есептелген инвестициялық табыс мөлшері 5,02 млн теңге, осы кезеңдегі зейнетақы активтерінің табыстылығы 1,26% болды.
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 337,35 млн теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға (79,3%), РЕПОҒА (20,47%) және инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражатқа инвестицияланған. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргізілді. 01.04.2021 жылдан бастап 30.04.2021 жылға дейінгі кезеңде есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 2,64 млн.теңгені құрады. Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі 0,87% құрады.
Сурет ашық дереккөздерден