bs-preloader__icon
ru kz en

Зерттеу: ресейліктердің көпшілігі өмірді сақтандырудың көмегімен балаларды қолдауға жинайды

КАПИТАЛ LIFE сақтандыру компаниясы Халықаралық балаларды қорғау күніне Ресейдің түрлі аймақтардағы тұрғындары өз балаларының лайықты келешегін қамтамасыз ету үшін өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) бағдарламаларын қалай пайдаланып жатқаны туралы жалпы ресейлік зерттеу өткізді. Бұл деректер КАПИТАЛ LIFE қызмет көрсететін 612 мың ӨЖС шарттарын талдау негізінде алынды – бұл 2022 жылдың I тоқсанына Бүкілресейлік сақтандырушылар одағының деректері бойынша, елдегі барлық қолданыстағы ӨЖС шарттарының шамамен 40%-ы.
Зерттеу: ресейліктердің көпшілігі өмірді сақтандырудың көмегімен балаларды қолдауға жинайды

ӨЖС бағдарламасын сатып алған ресейліктердің жинақтарының негізгі мақсаттары: балалардың білім алуы мен оларды қолдау - 39%, зейнетақыға жинақ - 23%, керек болған жағдайға қор - 22%.

Балалардың болашағы туралы ойлайтын ата-аналардың басым бөлігі Бурятия Республикасында (ӨЖС-ні сатып алғандардың барлығынан 54%), Хабаровск өлкесінде (50%) және Архангельск облысында (50%) тұрады.

Ресейліктер жиі баланы мектепке беретін кезде, кәмелетке толған шаққа капиталды қалыптастыру үшін, орташа есеппен 9-11 жылға шарт мерзімімен, оған арналған жинақтар туралы ойлана бастайды. Ресейліктердің 2%-ы бала туылғаннан бастап бірінші жылы ӨЖС полисін алатын жағдайлар да бар. Мұндай ата-аналардың көбісі Калининград облысында тұрады.

Алынған деректерге сәйкес, ӨЖС-нің балаларға арналған бағдарламалары бар ресейліктердің үштен бір бөлігі 200 мың рубльден аса көлемде капитал құрады. Жинақтар сомасы бойынша көшбасшылар арасында -  Мәскеу және облыс (бір балаға шамамен 400 мың рубль), Санкт-Петербург және облыс (бір балаға 355 мың рубль) және Приморье өлкесі (276 мың рубль).

«Өмірді жинақтаушы сақтандыру – үлкен емес, бірақ тұрақты жарналардың көмегімен ата-аналарға баланың ЖОО-ға түсуіне немесе өмірдегі басқа маңызды мақсаттарға жеткілікті соманы жинауға мүмкіндік беретін тиімді құрал, бұр ретте отбасылық бюджетке жүктеме бірқалыпты болады. Сонымен қатар, ӨЖС бағдарламалары бала денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді және мысалы, жарақат немесе аурудан емделу сияқты күтпеген жағдайлар кезінде отбасы жинағын сақтап қалуға мүмкіндік береді», - дейді КАПИТАЛ LIFE бас директоры Евгений Гуревич.

Дереккөзі: https://tass.ru/novosti-partnerov/14789905

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Премиалды жеделдету
Премиалды жеделдету

ӨСК сыйлықақыларының динамикасы наурыз айынд...

Қалай баяу қартаю керек
Қалай баяу қартаю керек

Қартаю сөзсіз, бірақ жасушалық деңгейде ол сыз...

Сақтандыру жұмысты жандандырды
Сақтандыру жұмысты жандандырды

ӨСК сыйлықақылары шілдеде 200 млрд теңгеден аст...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру