bs-preloader__icon
ru kz
✕

Сбербанк өмірді сақтандыру мен медициналық сақтандыруды біріктіреді

«Сбербанк өмірді сақтандыру», «Сбербанк Первый» және DocDoc компаниясы өмірді сақтандырудың және халықаралық медициналық сақтандырудың «Денсаулық қоры» аралас өнімін шығарды, деп asn-news.ru. хабарлайды.
Сбербанк өмірді сақтандыру мен медициналық сақтандыруды біріктіреді

Бұл туралы «Сбербанк өмірді сақтандыру» бас директоры Алексей Руденко хабарлады. Бағдарлама тек қана «Сбербанк Первый» клиенттеріне арналады. Ол 7-10 жылға созылады, оның мерзімінің аяғында клиент өзінің сақтандыру жарнасының  100% алады. Алайда бұл бағдарлама қосымша табыстылықты қарастырмайды. Өнімге медициналық онлайн-қолдау, чек-ап, шексіз телемедициналық кеңестер, сонымен қатар күрделі ауруларды анықтау кезінде сақтандыру қорғау қызметі жатады. Бұл ретте емдеудің жылдық лимиті Ресейде 15 млн р., ал шетелде 30 млн р. құрайды. Клиенттер чек-аптан Ресейде де, шетелде де өте алады. Бұл орайда олар жылына екі рет баламалы медициналық қорытынды ала алады.

Сондай-ақ бағдарламаға жасанды интеллект технологиясы арқылы баламалы медициналық қорытындының пайдаланылуын қамтиды.

Жыл сайынғы жарналар клиенттің жасына байланысты түрленеді. Осылайша, 18 жастағы клиент жыл сайын  461,5 тыс. р. аударады, 50 жастағы клиент – 1,9 млн р., ал 63 жастағы клиент – 5,4 млн р. аударады.

«Сбербанк Первый» премиялық желінің басшысы Мария Поденконың сөзінше, 2-апталық пилоттық жобасы барысында бұл полисті желінің 28 клиенті сатып алды. Сонымен қатар ол «Сбербанк Первый» клиенттерінің көбісі 50 жастан асады, сондықтан тұрақты чек-аптардың мүмкіндігі олар үшін аса өзекті болып табылады.

Алексей Руденко ең жиі күрделі аурулардың қатарына – онкология мен жүрек тамыр аурулары кездесетіндігін айтты. Сондай-ақ ол Ресейде 3,5 млн адам онкология ауруына шалдығанын және бұл сан жылдан жылға өсетіндігін еске салады.

«Қатерлі ісікті ерте кезеңде айқындау үнемі өсуде – 2010 ж. 51%-дан 2020 ж. 62% цифрға жетеді. Бұл ретте өміршеңдігі де өсуде. Біздің өніміздің құндылығы ерте кезеңде онкологияны айқындау болып табылады», – деді ол.

Дереккөзі: http://www.asn-news.ru/news/67087#ixzz5IszdJ0rE

Фотосурет http://nr-portal.ru, cont.ws сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру