S&P Global Ratings рейтинг агенттігінің сарапшылары өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялардың өсу перспективалары жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткішімен өлшенетін экономикалық әл-ауқаттың орташа көрсеткіштері аясында қолайлы болып қалуда деп санайды. «Біз 2020 жылы меншікті капиталдың рентабельділігі (return on equity — ROE) өмірді сақтандыру компаниялары үшін 20%-дан жоғары болады деп күтеміз. Бұл көрсеткіш соңғы 3 жылдағы орташа мәннен төмен, ол шамамен 30% құрады, бірақ өмірді сақтандырумен айналысатын еуропалық компаниялардың көрсеткіштерімен салыстырғанда жоғары (ROE 10% төмен). Біздің болжамдарымыз бойынша активтердің рентабельділігі (return on assets – ROA) ағымдағы жылы шамамен 6%-ды құрайды, бұл сондай-ақ дамыған нарықтардағы сақтандыру компанияларының көрсеткіштерінен жоғары», – деп S&P Global Ratings «Қаржы институттарының және сақтандыру компанияларының рейтингтері» бағытының директорының орынбасары Екатерина Толстова хабарлайды.
Әңгімелесуші өмірді сақтандыру нарығы қалыптасу кезеңінде, өте төмен базадан өсуді көрсетіп отыр деп санайды. Осыған байланысты таяудағы жылдары сақтандыру компанияларының өсуі үшін мүмкіндіктер бар. Өсу нүктелері өмірді жинақтаушы сақтандыру мен зейнетақы аннуитеттерінде бар. «Өмірді сақтандыруда танымал брендтері бар ірі ойыншылар бар. Сонымен қатар нарықтың жаңа қатысушылары пайда болады, оларға өз брендін жылжыту және нарықта танымал болу үшін уақыт қажет. Біз ірі компаниялар жаңа сақтандыру өнімдерін жылжытуда және оларды тұтынушыларға ұсынуда шешуші рөл атқаратын болады, сондай-ақ сақтандыру қауымдастығының реттеушімен және сақтандырушылармен өзара іс-әрекетінің жөнін сілтейтін болады деп пайымдаймыз», – дейді Екатерина Толстова.
Спикер төлем мәдениеті мен қаржылық сауаттылықтың төмен деңгейіне байланысты проблемалар бұрынғыдай Қазақстанда, атап айтқанда, өмірді сақтандыру секторында сақтандыруды дамытуға кедергі келтіретінін атап өтті. Алайда, агенттікте реттеуші органның шаралары орта мерзімді перспективада сақтандыру секторын дамытуды ынталандырады деп күтілуде. Бұл сақтандыру полистерін ұстаушылар үшін салық жеңілдіктерін енгізуге, инвестициялық құраушы бөлігі бар (unit-linked) сақтандыру өнімдерін жоспарланған енгізу жөніндегі реттеуші органның бастамаларына және өмірді сақтандырумен айналысатын компанияларға зейнетақы қаражатын басқару жөніндегі функциялардың бір бөлігін тапсыру мүмкіндігіне, сондай-ақ білім беруді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысты болады. Халық санының одан әрі өсуі және өмір сүру ұзақтығын арттыру өмірді сақтандыруды дамыту үшін жақсы перспективаларға себепші болады.