bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстанның төлем балансының дефициті $6,3 млрд құрады – Ұлттық Банк

Төлем балансының ағымдағы шоты 2019 жылғы 7,3 млрд АҚШ доллары дефицитімен салыстырғанда 6,3 млрд АҚШ доллары дефицитімен қалыптасты. Ағымдағы шотты жақсартудың негізгі факторы шетелдік инвесторларға төленетін кірістің қысқаруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен консорциум арасындағы дауды реттеу аясында «Қарашығанақ консорциумының» қатысушыларынан түскен 1,3 млрд АҚШ доллары сомасындағы валютаның әкелінуі болды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз-қызметі.
Қазақстанның төлем балансының дефициті  $6,3 млрд құрады – Ұлттық Банк

Есепті кезеңде тауарлар экспорты 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 46,7 млрд АҚШ долларына дейін 19,7%-ға қысқарды. Экспорттың қысқаруы негізінен мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуіне байланысты. Тауарлар импорты 36,2 млрд АҚШ долларына дейін 9,6%-ға төмендеді, бұл инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруына байланысты. Нәтижесінде сауда балансының оң сальдосы 10,5 млрд АҚШ долларына дейін 42,1%-ға азайды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвесторларға төленетін кіріс мұнай бағасының төмендеуі мен COVID-19 пандемиясының әсерінен 13,9 млрд АҚШ долларына дейін 34,6%-ға төмендеді.

Қаржы шоты бойынша капиталдың таза әкелінуі (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) 2020 жылы 15,3 млрд АҚШ долларын құрады, 2019 жылы капиталдың таза әкетілуі 1,6 млрд АҚШ доллары болды. Капиталдың әкелінуі негізінен «Теңізшевройл» ЖШС болашақ кеңейту жобасын іске асыруды қаржыландыруды жалғастырумен, ҚР Қаржы министрлігінің тәуелсіз облигацияларды орналастыруымен, Азия Даму Банкінен үкіметтік қарызды тартумен және ҚР Ұлттық қорының операцияларымен қамтамасыз етілді.

Резервтік активтер (ҚР Ұлттық Қорының активтерін есептемегенде) 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 35,6 млрд АҚШ долларына бағаланды, бұл қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортын 9,7 ай қаржыландыру қажеттілігін өтейді.

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«Ұмытылған» депозиттерден ақшалар БЖЗҚ-ға жіберіледі
«Ұмытылған» депозиттерден ақшалар БЖЗҚ-ға жіберіледі

Осы жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанның деп...

Егер өмірді сақтандырушы АҚШ-та банкротқа ұшыраса не болады
Егер өмірді сақтандырушы АҚШ-та банкротқа ұшыраса не болады

Сақтандыру саласы АҚШ-та қатаң реттелгенімен, ...

Экстремалды аттракциондар адамдарды қуантады- дейді ғалымдар
Экстремалды аттракциондар адамдарды қуантады- дейді ғалымдар

Питтсбург Университетінің когнитивті невроло...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру