bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру бойынша компанияны қалай дұрыс таңдау керек екендігі туралы 7 кеңестер

Бүгінгі таңда Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығында тіркелген және өмірді сақтандыру бойынша 7 компаниялар өз қызметін жүзеге асыруда. Олардың барлығы жеткілікті ұқсас қызметтер ұсынады. Қалай дұрыс таңдау жасауға болады? Қабылданған таңдауға одан әрі сенімді болу үшін не нәрсеге назар аудару керек?
Өмірді сақтандыру бойынша компанияны қалай дұрыс  таңдау керек  екендігі туралы 7 кеңестер

1.Сіз өзіңіздің ақшаларыңызды сенім артатын сақтандыру компаниясының сенімділігі таңдау кезінде ең басты өлшем болып табылады. Сондықтан компанияны таңдай келе, осы ең сенімділікті бағалау қажет. Әрине, сақтандырушының сенімділігін кәсіпқой маман еместердің талдауы  оңайға соқпайды. Алайда мұны өз бетінше жасауға болатын негізгі белгілер бар:

Біріншіден, бұл сақтандыру компаниясының қаржылық жай-күйі. Ол туралы ҚР Ұлттық банкінің www.nationalbank.kz сайтына кіру арқылы білуге болады, "статистика" бөлімінде барлық қазақстандық сақтандыру компанияларының негізгі қаржылық көрсеткіштері  ұсынылған. Активтердің және меншікті капиталдың  мөлшерлеріне назар аударыңыз. Сақтандыру компаниясының негізгі қаржылық көрсеткіштері ақырын өскені өте маңызды. Бұл компанияның қаржылық жай-күйі жақсы, ол сенімді, ал оның клиенттік базасы өсіп келетіндігін білдіреді.

Екінші едәуір маңызды болып саналатын сенімділік белгісі – жиналған сыйлықақылар қатынасы және жүзеге асырылатын төлемдер. Сол сайтта осы екі параметрлерге, яғни сақтандыру жағдайлары бойынша клиенттерге төлемдер  мен компаниямен жиналатын сыйлықақыларға назар аударыңыз. Егер жиналған сыйлықақылар бір миллиард теңгемен есептелмеген жағдайда, ал клиенттерге төлемдер сыйлықақы сомасынан 10%-дан артық емес болған кезде, бұл дегеніміз көбіне компания өз міндеттемелері бойынша жауап беруге ұмтылмайды деп ұйғарылады. Әрине компанияда белгілі бір кезеңде бұндай көп емес сақтандыру жағдайлары туындағанын естен шығармауы керек, бірақ мұндай  жағдайлар жиі туындамайды.

2. Міндетті түрде лицензияның болуын тексеріңіз. Сіздің көзінізге түскен компанияның Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар екендігіне  көз жеткізіңіз. Рұқсат құжатының көшірмесін компанияның өзінен де танысу үшін талап етуге болады, бірақ ҚР Ұлттық банкі  www.nationalbank.kz. сайтында орналастырылған лицензиялар Тізілімінен қарау артық болмайды.

3. Сақтандыру қызметі нарығында компанияның қаншалықты ұзақ жұмыс істегендігінің маңызы зор, Сізді компанияның тарихымен таныстыруды өтініңіз. Нарықта компания ұзақ тұрған сайын, ол оның тұрақтылығы мен дамытудың жоспарлылығын сипаттайды. Компания ұзақ жасаған сайын, ол сақтандыру ісінде үлкен тәжірибеге ие болады. Егер компанияның кең филиалдық желісі және сақтандыру қызметтерінің үлкен тізбесіне ие болған жағдайда бұл көрсеткіші компанияны алға жетелейді. Барлық тәуекелдер бір мезгілде әр-түрлі салаларда көрінуі мүмкін емес болғандықтан, сақтандыру портфелі кеңірек және әртүрлі болған сайын,  бұл компанияның сақтандыру қызметін көрсетуі сенімдірек және қауіпсіз болады. Егер төлем мөлшерлері сыйлықақылар жинағынан айтарлықтай асқан жағдайда  компанияның тез арада жабылуын болжауға болады.

4. Сақтандыру компаниясының  тәуекелдері  қайта сақтандырылған болуы қажет. Компания сенімділігі, сондай-ақ, оның оңтайлы таңдалған қайта сақтандыру саясатымен қамтамасыз етіледі. Сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер мінсіз беделімен және қаржылық тұрақтылығының  жоғары рейтингтері бар шетелдік ірі компанияларда қайта сақтандырылғаны жөн.

5. Сақтандыру ережелерімен мұқият танысыңыз. Бұл, әрине, шаршатады, бірақ өте пайдалы. Сақтандыру жағдайының белгілері және төлемдерден шығару аударылатын жердегі ережелердің сол бөліміне ерекше көңіл бөліңіз.

6. Сақтандыру компаниясының сайтына кіріңіз. Сайттағы жаңалықтар жиі жаңартылып тұра ма?, компания ұсынған сақтандыру бағдарламаларының сипаттамалары бар ма?,  олар қандай көлемде ұсынылған?, клиенттермен кері байланыс бар ма?, компанияның  қаржы қызметінің нәтижелері жарияланады ма? - екенін біліңіз.

7. Сондай-ақ, компанияда қандай жаңа қызмет көрсету технологиясы енгізілуде, оның ішінде ұсынылатын сервистің сапасы, төлемнің ыңғайлы нысандары, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жеделділігі және т. б. маңыздылығы аса білінбейді. Тіпті телефон арқылы қарым-қатынас кезінде де өзінің әлеуетті клиенттеріне компания қызметкерлерінің қандай көзқараспен қарайтынын түсінуге болады.

Лайықты сақтандыру компаниясын таңдауға көмектесетін, күтпеген жағдай туындаған кезде сізді жерге қаратпайтын және сіздің алдыңызда барлық өзінің міндеттемелерін орындайтын осы 7 негізгі факторлар, өйткені сіз, өмірді сақтандыру бойынша компаниясына тек өзініздің  ақшаларыңыздан басқа, сондай-ақ әлдеқайда құнды өз өміріңізді сенім артасыз.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандыру компаниялары стресс-тестілеуден өтті
Сақтандыру компаниялары стресс-тестілеуден өтті

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ...

Өмірді сақтандыру бойынша жасалған шарттардың саны өсті- ҚНРДА
Өмірді сақтандыру бойынша жасалған шарттардың саны өсті- ҚНРДА

2024 жылғы бірінші маусымдағы жағдай бойынша Қа...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру