bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандықтарға Жаңа жылды тойлау қаншаға шығады

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылы үшінші тоқсанда орташа жалақы 299 782 теңгені, ал 2022 жылғы қарашадағы жағдай бойынша инфляция деңгейі өткен жылдың статистикасына қатысты 19,6%-ды құрады. Осы көрсеткіштерді ескеріп, Freedom Life ӨСК талдаушылары ашық дереккөздерден (азық-түлік дүкендері, қазақстандық шипажайлар, туристік компаниялардың сайттары) мәліметтерді зерттеп, қазақстандықтарға орта есеппен алғанда жаңа жылдық мерекелер, егер оларды үйде немесе шетелде тойласа қаншаға шығатынын есептеді.
Қазақстандықтарға Жаңа жылды тойлау қаншаға шығады

Жаңа жыл дастарханының құны

Үйде тойлайтындар жаңа жылдық дастарханға орташа есеппен шамамен 25 000 -50 000 жұмсауы мүмкін. Мұндай соманы сақтандырушылар қазақстандықтардың көбісінде мерекелік дастарханда әдетте болатын, тағамдар мен азық-түліктер құнын есептеген кезде алды.

Ботқа түрлерін есептегенде еттен жасалған ыстық тағамдар (мәнті, қуырдақ және т.б.)                                                                   2500-3000 теңге

Құстың етінен жасалған тағамдар (көмештелген құс еті және басқасы)                                                                                  1500 -2500 теңге

Оливье салаты                                                                         2500-3000 теңге

Ішік астындағы майшабақ салаты                                          1700-2000 теңге

Мимоза салаты                                                                        1200-1500 теңге

Салқын еттен жасалған тағамдар                                           5000-6000 теңге

Ірімшік                                                                                      1000-5000 теңге

Консервіден тағамдар                                                               700-1000 теңге

Ет салып істелген бәліш немесе самса                                   2000-2500 теңге

Сусындар                                                                                    200-2000 теңге

Торт, тәтті нан, тәтті бәліштер, кәмпиттер                                400-5000 теңге

Нан                                                                                               200-400 теңге

Жемістер (алма, банан, мандарин, апельсин)                        2000-5000 теңге

Ішімдік (шарап, шампан)                                                          1200-5000 теңге

Отандық шипажайларда Жаңа жылды өткізу

Қазақстандық шипажайларда бағалардың кең ауқымы бар – 30 000-нан 300 000 дейін және одан жоғары. Барлығы шипажайлық аймақтың мәртебесіне, танымалдылығына және орналасқан жеріне байланысты. Мысалы, ең қымбат шипажай Ақтауда – орташа тұру, тамақтану және жаңа жылдық шоу бағдарлама үшін 300 000 теңге. Ең бюджеттік ұсыныстарды Бурабайдағы демалыс орындары ұсынады – тұру үшін 12 000 теңгеден бастап. Негізінен, құны үш күнге көрсетіледі (31.12.2022 бастап 02.01.2023 дейін).

Шетелге шыққан кезде қанша ақша жұмсайды

Зерттеу барысында, жаңа жылдық саяхаттарға бағалар жазғы және күзгі ұсыныстардан қатты ерекшеленбейтіні анықталды. Баға саяхаттау еліне байланысты, 115 000 теңгеден бастап 1 000 000 теңгеге дейін және одан артық құбылады. Қазақстандықтар үшін жаңа жылдық жол жүру Үндістанға, БАӘ, Мысырға және Түркияға қалғандарынан арзанырақ шығады. Доминиканада және Мальдив аралдарында демалу барлығынан қымбат. Саяхаттардың ең төменгі құнына тұрудан басқа сонымен қатар таңғы астар кіреді.

Бұл елдерге бір аптаға жаңа жылдық саяхаттарды сатып алу кезінде Үндістаннан басқасына (Гоаға визаның құны шамамен 16 000 теңге) виза талап етілмейді. Алайда ПТР тест және туристік сақтандыру секілді басқа шығыстар да бар.

ПТР тесттің құны нәтижені алу уақытына байланысты әр түрлі. Мысалы, биоматериалды алғаннан бастап бір тәуліктен кейін талдау нәтижелері – шамамен 5000 теңге. Егер нәтижені қысқа мерзімде (4 сағатта) алу қажет болса, онда құны жоғары болады – шамамен 20 000 теңге.

Егер шетелге шығушы туристті сақтандыру туралы айтатын болсақ, мұнда ТМС-ны рәсімдеудің бірнеше жолдары бар.

2022 жылы міндетті туристтік сақтандырудың құны – саяхаттау еліне, күндер санына, жол жүру бағытына және басқа факторларға байланысты, орта есеппен 8000-9000 теңге. Көбінесе міндетті туристтік сақтандыруды турдың құнына қосып қояды.

2022 жылы, міндетті сақтандырудан бөлек, басқа елге жиналып жатқан қазақстандықтар тыныштығы үшін жазылым рәсімдей алады. Бұл туристтерді ерікті медициналық сақтандырудың неғұрлым ыңғайлы және тиімді цифрлық форматы.

«Тыныштық үшін жазылымның шарттары бойынша сақтандыру жағдайы кезінде төлем таңдалған шарттарға және саяхаттау еліне байланысты 10-нан 100 мың еуроны құрайды. Жазылым шұғыл медициналық көмекті, жедел стоматологиялық қызметтерді, медициналық тасымалдауды, саяхаттау еліне үшінші тұлғалардың тасымалдау (егер қажет болса) бойынша шығыстарын және COVID-19 диагнозымен ауруханаға жатқызуды өтейді», - деп түсіндірді Freedom Life ӨСК-де.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ӨСК 2022 жылды жақсы аяқтауға дайындалып жатыр
ӨСК 2022 жылды жақсы аяқтауға дайындалып жатыр

Сақтандыру сыйлықақылары өсуде, ӨСК үлестіріл...

Үй шаруасындағы әйелдерге өмірді сақтандыру полисі не үшін қажет
Үй шаруасындағы әйелдерге өмірді сақтандыру полисі не үшін қажет

Тіпті сіз каскадер емес, қарапайым үй шаруасын...

Ресейде жинақтаушы зейнетақы реформасын талқылауда
Ресейде жинақтаушы зейнетақы реформасын талқылауда

Ресейде міндетті зейнетақыны сақтандырудың (М...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру