bs-preloader__icon
ru kz

Алматы жаһандық қаржы орталықтарының рейтингісінде өз позициясынан айырылды

Алматы жаһандық қаржы орталықтарының индексінде 44 позициясынан айырылды, деп хабарлайды LS.
Алматы жаһандық қаржы орталықтарының рейтингісінде өз позициясынан айырылды

Британдық Z/Yen компаниясы мен Қытай даму институты әлемдік қаржы орталықтары рейтингінің 28-ші шығарылымын жариялады. Зерттеуге 121 қаржы орталығы енгізілген, оның 111-і қазір негізгі индексте орналасқан.

«Нұр-Сұлтан рейтингте екі позициясынан айырылып, 74 орынға түсіп қалды. Ал Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша елорда 11-орыннан алтыншы орынға көтерілді. Сондай-ақ, Алматы 44 орынға құлап, 99 орынды иеленді. Сонымен қатар қала алғаш рет финтех секторындағы қаржы орталықтарының тізіміне еніп, 67 орынға шықты», – деп көрсетілді зерттеуде.

Сондай-ақ, құжатта хабарланғандай, орталықтардың орташа рейтингі 41 пунктке (6,25%) төмендеді. Сарапшылар бұл жекелеген елдердегі пандемия аясында, сондай-ақ геосаяси толқулар салдарынан халықаралық саудадағы белгісіздік кезінде қаржыға деген сенімсіздікті көрсетуі мүмкін деп санайды.

Қаржы орталықтарының тізімінде бірінші орында әлі де Нью-Йорк тұр. Одан кейін Лондон, Шанхай, Токио және Гонконг орналасқан.

Зерттеу 138 инструменталдық фактордың көмегімен жасалды. Оларды Дүниежүзілік банк, The Economist Intelligence Unit, ЭЫДҰ және БҰҰ сияқты ұйымдар ұсынады.

Аталған рейтинг аясында 8,5 мыңнан астам респондент онлайн-сауалнамалардың көмегімен қаржы орталықтарының 54,5 мыңға жуық бағасын ұсынды.

Бұған дейін LS Қазақстанның Жаһандық инновациялық индексте 77-ші орынға ие болғанын жазған болатын.

Дереккөзі: https://lsm.kz/almaty-fincentr

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Канадада сақтандыру полисі бойынша несиелер танымал
Канадада сақтандыру полисі бойынша несиелер танымал

Канадада өмірді сақтандыру полисі бойынша нес...

Ресейде өмірді сақтандыру қалай дамуда
Ресейде өмірді сақтандыру қалай дамуда

Ресей сақтандыру нарығы 2021 жылдың бірінші жар...

ҚР сақтандыру компанияларының жиынтық кірісі бір жылда 27%-ға өсті
ҚР сақтандыру компанияларының жиынтық кірісі бір жылда 27%-ға өсті

2022 жылдың 11 айында ҚР сақтандыру компаниялары ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру