Әдетте алаяқтар үшінші тұлғаларға ссуда берудің бірнеше негізгі тәсілдерін қолданады:
Құжаттарды қолдан жасау немесе ұрлап алу
Бұл кредиттік алаяқтардың классикалық схемасы. Қылмыскерлер банкінің немесе МҚҰ клиентінің құжаттары мен дербес деректерін иемденеді және олар бойынша әртүрлі қаржы ұйымдарында кредиттер ресімдейді. Алаяқтың фотосуретті ауыстырып қоюы мүмкін, ал егер оның қолында жеке куәліктің түпнұсқасы болмаса - Клиенттің шынайы деректерімен және өзінің фотосуретімен жалған құжат жасауы мүмкін.
Әлеуметтік инженерия
Әлеуметтік инженерияның көмегімен алаяқтар несиені өз бетінше рәсімдеуге және ақша аударуға мәжбүр етеді. Әдетте қылмыскерлер адамдарға қоңырау шалып, оларды қорқытады (шоттан үлкен сома алынғанын хабарлайды) және адамның өзі жеке деректеріні, жеке кабинетінің логиндері мен құпиясөздерін, смс-пен келген құпия кодтарды хабарлайды. Осы әңгіме барысында онлайн-кредит рәсімделеді.
Бұзып кіру
«Егер сіздің дербес және төлем деректеріңіз киберқылмыскерлердің қолына түссе, онда олар сіздің онлайн немесе мобильді банкингіңізді бұзып, кредиттерді алаяқтық жолмен рәсімдей алады. Өз атыңызға кредитті заңсыз рәсімдеу фактісін кредит тарихының көмегімен анықтай аласыз. Дербес кредиттік есепті Мемлекеттік кредиттік бюродан, Бірінші кредиттік бюродан, ХҚКО-лардан немесе Электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады», - деп хабарлады ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша агенттігінің қаржылық қызмет тұтынушылының құқығын қорғау департаментінде.
Әрекеттер алгоритмі
Кредиттік бюро
Кредиттік бюроға жүгініңіз. Қазақстанда олар екеу – Бірінші кредиттік бюро мен Мемлекеттік кредиттік бюро. Кредиттк тарих қаржы ұйымының атауы мен қарыз мөлшерін анық білуге көмектеседі.
Полиция
Құқық қорғау органдарын алаяққа қарсы қылмыстық іс қозғау үшін емес, ең бастысы кредитті сіздің алмағаныңыз туралы фактіні анықтау үшін хабардар ету қажет. Сонымен қатар, құжатыңыздың жоғалғаны туралы анықтама алу қажет, онда жүгінген күніңіз көрсетіледі.
Кредитормен байланыс
Ссуда берген несиелік ұйымға хабарласыңыз. Бұл мәселені шешудің ең қарапайым тәсілі шығар. Есіңізде болсын, ауызша емес, жазбаша өтініш беру керек. Банктер мен МҚҰ-ын ҚНРДА қатаң бақылайды, сондықтан олар жеңілдіктер бере алады және шағын қарызды жоя алады. «Сіздің өтінішіңіз тіркелуі тиіс, өтініш қабылданған күн мен тіркелген нөмірі өзіңізде қалатын өтініш көшірмесіне қойылуы тиіс», - деп қорытындылады ҚНРДА департаментінде.
Фото ашық дерек көздерінен алынды