bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді онлайн-сақтандыруды сатып алған кезде нені білу керек

Өмірді сақтандыру сақтандырылушының еңбекке қабілеттілігін жоғалту немесе қайтыс болуымен байланысты тәуекелдерін өтейді. Сақтандырудың бұл түрінің негізгі мақсаты сақтандырылған адамның немесе оның бенефициарларының қаржылық қамтамасыз етуіне кепілдік беру, хабарлайды Free Press Journal.
Өмірді онлайн-сақтандыруды сатып алған кезде нені білу керек

Түрлі сақтандыру агенттіктері сақтандыру полистерінің бірнеше түрлерін ұсынады, олардың ішінен сіз өз қажеттіліктеріңізге және жағдайларыңызға сәйкес ең жақсы жоспарды таңдай аласыз.

Рәсімдер

Шартқа қол қояр алдында, сақтандыру компаниясының өкілінен түрлі жағдайларда залалды өтеу рәсімін нақтылаңыз, мерзімдері туралы сұрастырыңыз. Ең бастысы – сақтандыру шартында анықталған барлық талаптарды мұқият оқып шығу. Сақтандыру жағдайының белгілері көрсетілген тармаққа назарыңызды аударыңыз. Сақтандыру қандай жағдайларға әрекет ететінін, ал қандай жағдайлар сақтандыру болып танылмайтынын, қандай жағдайларда компания шығындарды өзіне алатынын, және қандай тәуекелдер қарастырылғанын біліңіз. Бұл сізге келешекте төлемдерді алу үшін қажет болады.

Қаржылық мүмкіндіктер

Полисті сатып алар алдында өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді бағалаған дұрыс. Себебі сізге үнемі жарналарды төлеуге тура келеді.

Қаржылық қажеттіліктер

Сізге өтелімнің қандай көлемі қажет екенін тексеріңіз. Бұдан бөлек, отбасының барлық мүшелерінің қаржылық қажеттіліктерін есептеңіз. Мұқият талдаудан кейін сіз өзіңізге және сіздің жақындарыңызға мұқтажсыз өмір сүруді қамтамасыз ететін жоспарды таңдай аласыз.

Салыстыру

Сақтандырушылар сақтандырудың әр түрлі түрлерін ұсынады, сондықтан 5-10 компанияның сайттарын қарап, өтелім және тариф мөлшерлерін салыстырған дұрыс.

Сақтандырушының беделі

Шартқа қол қоймас бұрын, компанияның беделін мұқият тексеріңіз. Реттеуіштің сайтында ол туралы ақпаратты қараңыз, рейтингілік агенттіктің қорытындысын оқып шығыңыз.

Дереккөзі: https://www.freepressjournal.in/business/checklist-for-first-time-online-life-insurance-buyers

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру саласындағы Big Data
Өмірді сақтандыру саласындағы Big Data

мірді сақтандыру әрдайым деректер талдауына н...

Өмірді әмбебап сақтандыру – жәй ғана байлықты қорғау жоспары емес
Өмірді әмбебап сақтандыру – жәй ғана байлықты қорғау жоспары емес

Өмірді әмбебап сақтандыру Голландияда өткен ғ...

2021 жылға өмірді сақтандыру бойынша негізгі кеңестер
2021 жылға өмірді сақтандыру бойынша негізгі кеңестер

Америкалықтардың үштен екіден көбісі індет ол...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру