bs-preloader__icon
ru kz

Цифрлы құралдар сақтандыру брокерлерінің табысты жұмысының кепілі болып табылады

АҚШ-тағы FuelCycle маркетингілік зерттеулердің интернет платформасы сақтандыру өнімін таңдау барысында тұтынушылардың таңдауларына арналған өз зерттеуінің нәтижелерін жариялады.
Цифрлы құралдар сақтандыру брокерлерінің табысты жұмысының кепілі болып табылады

УкрСақтандыру FuelCycle зерттеуіне сәйкес, сақтандыру брокерлеріне өздерінің бизнес-арсеналының негізгі бөлігінің цифрлы құралдарын жасау керектігін анықтады. Басқаша айтқанда, — сауалнама қатысушыларының жартысы дерлік (48%) цифрлы өнімдерді пайдаланатын сақтандыру компанияларын немесе сақтандыру бағдарламаларын таңдайды (чат-боттар, бағаларды салыстыру платформасы, ақпараттық және сервистік құралдар).

Мәселен, авто, мүлік немесе медициналық сақтандыруды таңдаған кезде, әлеуетті клиент жеткізушілерді зерттеп, қолайлы сақтандыру өнімін таңдау үшін орташа есеппен 3 сағатқа дейін жұмсайды.

«Ақпараттандырылған сатып алушы» заманында сақтандырушы делдалдар өз рөлін неғұрлым консультативтік рөл ретінде қарастырып, ендігәрі бірінші «байланыс нүктесі» болып табылмайтынын ұғынуы керек.

«Агенттер өз бизнестерін Интернетте жүргізуге дайын болуы керек. Бұл олардың әлеуметтік желілерге қатысуын және мобильді қосымшалар мен чаттар арқылы онлайн-консультацияларды пайдалана алуын білдіреді», — деп мәлімдейді FuelCycle аға ғылыми қызметкері Ник Чадвик.

Дерекнама: https://www.ukrstrahovanie.com.ua/news/tsifrovyie-instrumentyi-yavlyayutsya-zalogom-uspeshnoy-rabotyi-strahovyih-brokerov

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың жүйесі дамуды талап етеді
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың жүйесі дамуды талап етеді

Астана қаласында 28 қыркүйекте «Міндетті әлеум...

ӨСК позицияларын қалпына келтірді
ӨСК позицияларын қалпына келтірді

ӨСК 2020 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойын...

Қазақстанда сақтандыру жүйесі қалай дамитын болады
Қазақстанда сақтандыру жүйесі қалай дамитын болады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру