bs-preloader__icon
ru kz

IFSB бас хатшысы: «Сақтандыру қызметтерінің, нақты айтқанда ислам сақтандыру қызметтерінің нарығы да Қазақстанда, жалпы ТМД-де дамуы тиіс»

Бұл туралы IFSB бас хатшысы (Ислам қаржы қызметтері жөніндегі кеңес) доктор Белло Лавал Данбатта Астана Халықаралық қаржы орталығында Ислам қаржы қызметтері жөніндегі кеңесінің апталығы аясында мәлімдеді, деп «Казинформ» ХАА корреспонденті хабарлайды.
IFSB бас хатшысы: «Сақтандыру қызметтерінің, нақты айтқанда ислам сақтандыру қызметтерінің нарығы да Қазақстанда, жалпы ТМД-де дамуы тиіс»

«Осы апталық аясында бізде ислам сақтандыру мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды. Бұл Қазақстандағы және жалпы өңірде капитал нарықтарының дамуына қатысты үш күндік семинар болды. Біз банктік сектордың белсенді дамуын көріп отырмыз, бірақ сақтандыру қызметтерінің нарығы, нақты айтқанда ислам сақтандыру қызметінің нарығы Қазақстанда және жалпы ТМД-де дамуы тиіс, деп есептейміз», – деді Белло Лавал Данбатта тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол семинардың жалғасы ретінде Нұр-Сұлтан қаласында ислам қаржы қызметтері бойынша кеңестің апталығы аясында ислам қаржысы нарығына тікелей қатысты жұмыс топтарының мәжілістері өткізілгенін баяндады.

IFSB – ислам институттарын тиімді қадағалау және реттеу үшін стандарттарды әзірлейтін халықаралық орган болғанын атап өткен жөн.

Дереккөзі: https://www.inform.kz/ru/neobhodimost-razvitiya-rynka-islamskih-strahovyh-uslug-v-kazahstane-otmetil-gensek-ifsb_a3550646

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды. 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру түрлері
Өмірді сақтандыру түрлері

Өмірді сақтандыру әдетте табиғи себептер мен ...

Ұлттық Банк «цифрлық теңгені» енгізуді талқылауда
Ұлттық Банк «цифрлық теңгені» енгізуді талқылауда

Қазақстанның Ұлттық Банкі ОБЦВ шешетін міндет...

«Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы бойынша қандай сома төленді
«Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы бойынша қандай сома төленді

Ұлттық қордың жалпы валюталық активтерінің кө...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру