Себебі дағдарыс қор нарықтарында құбылмалылықты туындатады, ал кез-келген құбылмалылық – бұл әрқашан мүмкіншілік. Ірі институционалдық инвесторлар бұл мүмкіндікті пайдалану үшін қаражат пен құралдарға ие. «Егер сіз ұзақ мерзімді инвестор болсаңыз, онда нарықтағы құбылмалылық сізді алаңдатпауы керек. Кез-келген түсімнен кейін нарық қалпына келеді, оған тек уақыт қажет. Егер сізде нақты ұзақ мерзімді мақсаттар айқындалса, онда нарықта күрт түсім кезінде дүрбелеңге салынып эмоцияның әсерімен арзандап жатқан активтерді сатудың қажеті жоқ – бұл уақытты жәй ғана күте тұрған дұрыс. Осылайша қор нарықтарында түзетім тез жүреді, бірақ қалпына келу біраз уақытты алады», - дейді «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.
Тәжірибеде қор нарықтарының күрт түсімі кезінде көптеген инвесторлар өз инвестицияларын ұлғайтады, себебі бұл инвестициялардың өсімінен табысты ұлғайту мақсатында өзіңіз үшін қолайлы «ену нүктесін» анықтау мүмкіндігі. «Кез-келген жағдайда, әрбір инвестор мен инвестициялық компания бағалы қағаздары қор нарығында саудаланатын компанияның фундаменталды параметрлерін бағалайды, және ұзақ мерзімді болашақта инвестициялық тартымдылықтың оң бағасы жағдайында сатып алу туралы шешім қабылдайды. Көптеген жағдайда, қор нарығында «шок» уақытында мықты фундаменталды және қаржылық көрсеткіштерге ие болуы мүмкін компанияның бағалы қағаздарының үрейлі сатылымы жүреді. Сондықтан, ұзақ мерзімді болашақта «арзандаған» бағалы қағаздарды сатып алу инвестор үшін инвестициялық-тартымды стратегия болуы мүмкін», - деп түсіндіреді «Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы Гүлжан Жақсымбетова.
Осылайша, кәсіпқойлар, ірі институционалдық инвесторлар бағалы қағаздар нарығының құбылмалылығын ебін тауып пайдаланады. Және егер олар уақытша төмендеген бағалардың өсім болжамына сенімді болса, онда әрине олар мұны қолданады. Мысалы, қазір қытайлық мемлекеттік компаниялар Ресей Федерациясы компанияларының арзандаған көгілдір фишкаларын қарастыруда.
Қайда саламыз
Нарықта бірнеше тиімді қаржылық құралдар бар. Мысалы, бағалы қағаздарға инвестициялау, банктік депозиттер және өмірді жинақтаушы сақтандыру. Осы нұсқалардың әрқайсысында өз ерекшеліктері бар. Бірінші жағдайда, жоғары кірістілік үшін болашақ бар. Бірақ, акциялардың бағасы жиі өзгеретінін ескерген дұрыс, сондықтан «минусқа кетіп қалмас» үшін әрдайым олардың құнын бақылау керек. Барлығынан бағалы қағаздар ұзақ мерзімге пассивті инвестициялар үшін тиімді. Депозит егер қаржы резервін құру қажет болса және қажет кезде оған «жылдам» қолжетімділікті алу үшін қолайлы. Алайда, долларда салымды жүзеге асыра отырып, сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі 1%-дан аспайтынын ескерген жөн. «ӨЖС бағдарламасы депозитте секілді ақшаны жинауға мүмкіндік береді, бірақ неғұрлым жоғары кіріспен, жарнаны төлеудің ыңғайлы шарттарымен және сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде жинақтарды ішінара шешу мүмкіндігімен. Бұл ретте сақтандыру қорғауы қамтамасыз етіледі және жалақыны есептеген кезде салық жеңілдіктері қолданылады. Мысалы, ол бойынша шарт 2 жылдан 5 жылға дейін мерзімге жасалатын Freedom First бағдарламасы бойынша долларда сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі - 2.76%-ға дейін. Сонымен қатар, сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде жинақтау өндірілуге және ажырасу мен соттың істі қарауы кезінде мүліктің бөлінуіне жатпайды», - дейді Freedom Finance Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Халық-Life-та дағдарыс кезінде инвестициялар бойынша әмбебап ұсынымдар жоқ деп санайды, себебі бұл сәттерде әрқашан тәуекелдер ұлғаяды. Алайда, бастаушы қазақстандық инвесторге өз қоржынында долларлық активтерінің үлесін ұлғайту қажет. «Бұл жерде түрлі жолдарды қарастыруға болады, ол сақтандырушылардың валюталық жинақтаушы бағдарламалары болуы мүмкін, мысалы «Халық-Life» АҚ-дан «Халық-Қазына» бағдарламасы және кең америкалық индекстер арқылы. 1 жылдан 3 жылға дейін қысқа мерзімді болашақта энергетика секторы қызықты болады деп ойлаймын. Инвестициялар бұл өте жауапты іс және бірінші кезекте тәуекел-профильді, клиент активтерінің жағдайын, оның жоспарын және жеке инвестициялық стратегия тәуелді басқа жағдайларды анықтайтын, кәсіпқойдың кеңесі болған жақсы», - деп түсіндіреді «Халық-Life» ӨСК-нің басқарушы директоры Виталий Любимов.
Өмірді сақтандыру институты инвестициялау құралы секілді әлемде ең тұрақты және фундаменталдылардың бірі болып табылады, себебі салымдардың ұзақ мерзімділігіне негізделген және ұзақ ақшалардың көзі болып табылады. «Жинақтаушы сақтандырудың артықшылықтары өмірді сақтандыру мен қаражатты жинақтаудан бөлек, клиент инвестициялық табысты алатындығында және дивидендттерге қатысуында. Көптеген ӨСК инвестициялық стратегияда консервативті тәсілді ұстанатынына қарамастан, үйлестірілген тәсіл мен қаржы құралдарын сауатты басқарудың арқасында компаниялардың клиенттің табысын көбейту үшін мүмкіндіктері бар. Өмірді жинақтаушы сақтандыру бір мезгілде жинақтардың қорғалуын және өмірді қорғауды қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді жинақтардың басты құралдарының бірі болып қалуды жалғастырады, қосымша девальвациялық тәуекел ескеріледі. Осылайша, салымдар әртараптандырылады және құнсызданбайды», - деп нақтылайды Гүлжан Жақсымбетова.
Nomad Life-та тәртіптік қателерді азайтудың негізгі тәсілдерінің бірі, нарықтарда өршелену кезінде индекстік инвестициялау болып табылады деп санайды. Мұндай басқару кезінде мәмілелердің аз көлемі жасалады, тиісінше, транзакциялық шығындар белсенді басқару кезіндегіден төменірек. Оған қоса, индекстік басқару – бұл кәсіптік басқару. Қаржы инвестицияларымен айналысатын компаниялар үлкен ықтималдықпен жеке инвесторларға қарағанда қажет білімге және дағдыларға ие. «ZOLOTO NOMADOV Invest» - бұл біз ұсынған инвестициялық бағыттар желісі аясында активтерді басқару. Әрбір бағыттың негізгі мақсаты эталондық индекстің артынан жүру болып табылады. Мысалы, «ZOLOTO NOMADOV Invest» «АҚШ 500 ең ірі компаниясы» портфелінің құрамына S&P 500 Total Return (S&P 500®) индексінен кейін жүретін активтер кіреді. Nomad Life ӨСК табыстылықтың ең аз ауытқушылығымен индекстен кейін жүруге ұмтылатын болады (Tracking error). Инвестициялық портфельдерді қалыптастырған кезде Nomad Life бірінші кезекте қор индекстері табыстылығының тарихи нәтижелерінен бағдар алды, сонымен қатар ең ірі шетелдік басқарушы компаниялардан қаржы құралдарын, аумақтық, сондай-ақ сала белгісі бойынша әртараптандырылған, он инвестициялық стратегияларды таңдады – ол тәуекелдерді азайту үшін өте маңызды. Біз пассивтік индекстік инвестициялау тәсілін таңдадық, бұл инвестициялаудың сенімді тәсілі және портфель құрылымы клиенттер үшін түсінікті. Инвестициялай алатын және оны қалайтын адамдар бар, олардың қандай-да бір тілектері бар: кейбірі медицина саласын, тағы бірі технологияларды түсінеді, біз өз қалауы бойынша инвестицияларды қалыптастыру мүмкіндігін береміз», - деп түсіндерді Қайрат Чегебаев.
Инвестор инвестициялауды жоспарлап отырған компанияны таңдаған кезде әрдайым кез-келген инвестиция дағдарыс кезінде сондай-ақ, тыныш уақытта тәуекелдер болатынын есте сақтауы тиіс. Жоғары құбылмалылық немесе бағаның айтарлықтай түсімі кезінде, нарықта ұзақ мерзімді инвестор үшін тартымды бағалар бойынша арзандаған активтерді сатып алуды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашылады, бірақ сол уақытта өз жинақтарыңыздың бір бөлігін жоғалту тәуекелі ұлғаяды.