Веры Брежневаның күлкісі – миллионға бағаланады! Бұл жай ғана мақтау сөз емес. «Росгосстрах» компаниясының тобы Вера Брежневаның күлкісін 45 миллион рубльге (немесе бір миллион долларға) сақтандырды. Сақтандыру полисы Вераның керемет күлкісін, сонымен қатар оның өмірі және денсаулығын сақтандырулық қорғауды қарастырады.
Ал әнші Полина Гагарина бір миллион долларға дауысын сақтандырды. Полис тәуекелдердің стандартты жиынтықтары бойынша да, қайғылы жағдайлар, сырқаттанулар бойынша да, сонымен қатар дауысты жоғалту тәрізді ойластырылмаған жағдаяттар бойынша да қорғауды қарастырады.
«Шоколадты қоян» Пьер Нарцисс өзінің шоколадты түсті терісін жоғалтпауы үшін, әртісті «ақшылдану» қауіпінен сақтандырды.
Земфира Рамазанова өзінің саусақтарын 170 мың долларға сақтандырды. Әнші бұл шешімін, егер де оларды зақымдап алатын болса, онда гитарада ойнай алмайтындығымен, сәйкесінше тіршілік қамын жасай алмайтындығымен, түсіндіреді.
Николай Басков өз байламдарын 2 миллион долларға сақтандырды. Атап өтейік, тіптен «ресейлік бұлбұлдың» опера сахнасы бойынша марқұм әріптесі Лучано Паваротти өзінің дауысын екі есе арзанға бағалаған – бір миллион долларға. Николай келісімшартты үлкен салмақтылықпен қарастырды, онда мансабына зиян келтіруі мүмкін барлық өмірлік қауіптер көрсетілген.
«Чашка кофею» хитінің орындаушысы Марина Хлебникова өзінің сырт келбеті немесе дауысын сақтандырмады: әнші әрірек кетті – яғни ғарыштық қашықтарға. Марина өзін өзге ғаламдықтармен кездесу жағдайына қауіпсіздендірді. Әншіге сықтандыру сыйақысын әлі де өтемегендеріне қарағанда, жасыл адамдармен кездесу кейінге қалдырылған тәрізді.
«ВИА Гра» тобының экс-мүшесі Анна Седокова өзінің денесін 500 мың долларға сақтандырды. Әншінің тартымды пішінінің әрбір бөлігін $50 мың бағалады, яғни жалпы сомманың 10%-на. Әнші өмірлік сақтандыруды рәсімдеді, осылайша, өзін өмірінің соңына дейін қауіпсіздендірді. Әртіс тұрмыстық жарақаттардан да, түсірілімдердегі, мысалы, телешоуларға қатысудағы, қайғылы жағдайлардан да қорқатындығын мойындады.
Криштиану Роналдо өзінің аяқтарын 150 миллион долларға сақтандырды. Криштианды аяқ-қолдарын асыра бағалады деп кінәләу қиын: футболшылар алаңда үнемі жарақаттар алады, және де спортшылардың көпшілігі жарақаттарға байланысты жас кездерінде-ақ мансаптарымен қоштасады.
Келісесіздер ме, Джей Ло өзінің артқы бөлігін сақтандырды деген атақты жағдайсыз, әлем қызықсыз болар еді. Қазір әрбір жаңа жұлдыз, «денелерін» жалаңаштай, ылаңдық киімдер кие және даулы фотосессияларға түсе отырып, 48-жасар американдық шоу-бизнес ардагерінен асып түсуге тырысуда.
Британдық гитарист Кит Ричардс TheRollingStones рок-тобының мүшесі сол қолының орта саусағын зақымдаулар және жұмысқа қабілетсіздіктен 1,6 миллион долларға сақтандырды. Неліктен дәл ортаңғысын – жақсы сұрақ: гитарада ойнау үшін оның барлық саусақтары да жұмыс жағдайында болуы қажет. Тек ортаңғысымен ол папараццияға және басқа да мазаны кетіретін адамдарға сыпайылық тіліне аударғанда «Мені жайыма қалдыра алмас па едіңіз» дегенді білдіретін сипатты ымды көрсете алады.
1981 жылы итальяндық көркем Джина Лоллобриджида өзінің кеудесін сақтандырды. «Фарфан-тюльпан» кезеңінен бері әртістің тартымды әсемдіктері оның көптеген жанкүйерлеріне ұйқы бермеген. Жұлдыздың денесінің дәл осы бөлігін бүтін сақтау шешімін қабылдауы таң қалдырмайды. Джина әлі күнге дейін сақтандыруын созуда және ол омырауы мен іші арасындағы қашықтықты тексеретін медициналық сарапшыға тұрақты қаралынып тұрады делінеді. Егер де, құдай сақтасын, омырауы түсіп кететін болса, өтем ақы алады.
Спорт тарихындағы ең қымбат полис иесі Дэвида Бекхэм. Футболшы өзінің денсаулығын 100 млн фунтқа сақтандырды (шамамен 180 миллион АҚШ доллары).
Голливудтың ең атақты аққұбасы Шэрон Стоун өзінің керемет денесінің барлық бөліктері бірдей құнды деп әділетті шешім қабылдады. Дене пішінін 5 миллион долларға сақтандырды.
Өзінің дауысын сақтандырған бірінші жұлдыз қайталанбас Марлен Дитрих болды. Әртіс сол замандардағы астрономдық соммаға – 1 миллион долларға келісімшартқа қол қойды! Және де Марлен бұл рекордты ұзақ жылдар бойы сақтап тұрды.
Неміс топ-моделі Хайди Клум өзінің «жарнамалық» аяқтарын $2,2 млн бағалады.
Американдық әнші Мэрайя Кэри аяқтарын $35 млн сақтандырды.
Атақты Тина Тернер өз уақытында өзінің сырт келбетіне сараңдық танытпады: өзінің омырауының сақталуын $780 мыңға бағалады, ал аяқтарын — $3,2 миллионға.
Рианна аяқтары қандай да бір келеңсіздіктерге ұшыраса $1 млн алады.
Дерек көздері: https://www.kp.ru/daily/26313.4/3192666/
https://www.gazeta.ru/lifestyle/travel/photo/samye_dorogie_chasti_tela_znamenitostei.shtml#!photo=9