bs-preloader__icon
ru kz en

Өмір сақтандырушылары коронавирус тудырған дағдарысты қалай бастан кешіруде

Қазіргі уақытта коронавирус 150-ден астам елде таралды және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен пандемия деп танылды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, әлемде 440 мыңнан астам адам ауруды жұқтырып, 20 мыңнан астам адамның қайтыс болғаны тіркелді. Бұл материалда біз әр түрлі елдер жаңа вирустармен қалай күресетіні туралы жаңалықтар топтамасын ұсынамыз.
Өмір сақтандырушылары коронавирус тудырған дағдарысты қалай бастан кешіруде

Ресей

Бүкілресейлік сақтандырушылар одағы (БСО) Ресей Банкіне, Мемлекеттік думаға, Қаржы министрлігіне және РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге коронавирус пандемиясы кезеңінде сақтандыру саласының жұмысын қамтамасыз етуге қатысты шаралардың көлемді жиынтығымен жүгінді. Ұсыныстар арасында – сақтандыру компанияларына құжаттардың сканерлері бойынша шығындарды реттеуге, техникалық байқау туралы заңның бірқатар ережелерін ауыстыруға, ТЖ кезінде сақтандыру саласын реттеуді жеңілдетуге рұқсат беру бар.

Осылайша, сақтандыру қауымдастығының ұсыныстары арасында – сатандыру наразылықтары мен шарттарды бұзуды электронды форматта жіберілген құжаттардың сканерленген нұсқалары бойынша реттеуге рұқсат ету.

Сонымен қатар, карантиндік іс-шаралар және адамдардың бір-бірімен байланысын азайту қажеттілігі аясында техникалық байқау туралы заңның бірқатар нормативтік талаптарының күшіне ену мерзімін ауыстыру қажет. БСО өндірістік-техникалық базаға және техникалық сарапшыларға қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде ТБ туралы заң ережелерінің күшіне енуін кейінге қалдыруды, сондай-ақ қолданыстағы ТБ операторлары үшін аккредиттеудің жаңа талаптарына сәйкестігін растау рәсімінің өту мерзімін ұлғайтуды ұсынады.

Коронавирус пандемиясы кезеңінде сақтандыру саласының жұмысқа қабілеттілігін сақтау үшін БСО сақтандыру компанияларына бірқатар реттеуші талаптарды төмендетуді ұсынады.

Одақтың пікірінше, сондай-ақ сақтандыру резервтері мен меншікті қаражатты орналастыруға қойылатын талаптардың бір бөлігін уақытша қайта қарау қажет (атап айтқанда, шетелдік активтерге салымдар лимитін 30-35%-дан 60%-ға дейін арттыру, бір эмитентке салымдар лимитін арттыру, сақтандыру резервтерін жабуға 90 күннен аспайтын мерзімі өткен дебиторлық берешекті қабылдауға рұқсат ету және т.б.). Бұдан басқа, БСО сақтандыру компанияларының қарыздарды тартуы жөніндегі талаптарды уақытша әлсіретуді, сондай-ақ сақтандырушыларға 2020 жылдың 31 наурызынан бастап тұрақтандыру резервін қалыптастырмауға рұқсат беруді ұсынды. Сондай-ақ, БСО пікірі бойынша активтердің құрылымдық арақатынасын бақылау мақсатында бірқатар бағалы қағаздардың нарықтық құнын бағалау үшін тіркелген күнді (31.01.2020) пайдалануға уақытша рұқсат ету қажет.

АҚШ

Америка Құрама Штаттарының өмір сақтандырушылары коронавирустың өршуі тіркелген елдерге барған американдық клиенттерін сақтандыру туралы алаңдатты.

Осылайша, Lincoln Financial Group осындай адамдарға полистерді сату үшін 30 күндік күту кезеңін орнатты. Бұған дейін American International Group Inc Қытай, Гонконг, Италия және Оңтүстік Кореяға сапар жасаған клиенттерге өмір сақтандыруларын сату туралы шешім қабылдауды кейінге қалдыратынын мәлімдеген.

Erie Family Life болашақ клиенттерге компанияның офисіне бармай өмірді сақтандыру шартын жасауды ұсынады. Ұсыныс 55 жасқа дейінгі адамдар үшін қолжетімді, сақтандыру полисін жабу мөлшері $500 мыңға дейін.

«Бұл қиын уақытта біз адамдар үшін қауіпсіздікті қалаймыз, - дейді Erie Family Life аға  вице-президенті Луис Колаиццо. – Біздің андеррайтинг адамдар сауалнамаларына және олардың ашық қолжетімді деректеріне сүйене отырып, тәуекелдерді есептейді».

AM Best және Fitch Ratings рейтингтік агенттіктері осы аптада америкалық өмірді сақтандырушылардың болжамдарын тұрақтыдан жағымсыз деңгейге қайта қарады, өйткені жаһандық экономикалық дағдарыс оларға да әсер етті.

Таиланд

Таиланд үкіметі коронавирус бар пациенттер үшін барлық медициналық шығындарды көтеруде, ал сақтанушылар коронавирус тан сақтандыру полистерінсатып алу арқылы үлкен қаржылық қорғау мен тыныштыққа ұмтылады.

Мұндай сақтандыру полистері өтемнің екі түрін ұсынады: вирусты диагностикалау кезінде біржолғы төлем және медициналық шоттарды өтеу – 99 баттан 1 250 батқа дейінгі сыйлықақылар.

Өткен аптада Тай жалпы сақтандыру қауымдастығының мәжілісінде қатысушылар COVID-19 бойынша өтемді ұсынуға байланысты тәуекелдерді жете бағаламай отырып, сақтанушылар мен сақтандырушылар тап болатын моральдық тәуекелдерге алаңдаушылық білдірді.

COVID-19 бойынша сақтандырудың болуы жоғары сақтандыру сомасы бар сақтанушыларға вирустың әсеріне ұшырауы және наразылық білдіруі мүмкін екенін ескере отырып, OIC сақтандырушылар мен сақтанушыларды мұқият қадағалайтынын мәлімдеген.

Қазіргі уақытта бірнеше сақтандырушылар бір жолғы төлемдерді өтейтін сақтандыру полистерін сатуды тоқтатты, полистердің сатылымы  500 000 бірліктен 750 000 бірлікке дейін ұлғайды.

Нигерия

Prudential Zenith Life Insurance адамдарға өмірді сақтандыру полистерін ұялы телефон арқылы сатып алуға мүмкіндік беретін төлем қызметін іске қосты. Әлеуетті клиенттерге * 5966# теріп, санаулы минут ішінде олар СМС-хабарлама алады. Бұдан әрі төлем жүргізуге немесе агентпен шарт жасасуға болады.

Зерттеулер нигериялықтардың сақтандыру деңгейі жеткіліксіз екенін көрсетеді – ел тұрғындарының тек бір пайызы өмірді сақтандыру полисіне ие.

Дереккөзі: http://www.asn-news.ru/news/73099#ixzz6HkwcinN1

https://www.insur-info.ru/press/154396/

https://www.pottsmerc.com/news/state/erie-insurance-makes-life-insurance-attainable-during-coronavirus-pandemic/article_6a876355-3634-53b0-b317-37b0147c5792.html

https://www.reuters.com/article/us-health-coronavirus-insurance/u-s-life-insurers-impose-waiting-periods-to-skirt-coronavirus-risk-idUSKBN2161QK

https://nairametrics.com/2020/03/20/prudential-zenith-life-insurance-launches-mobile-payments-for-protection-with-5966-ussd-code/

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Әлемдік деңгейге жету
Әлемдік деңгейге жету

«Казахстанская правда» республикалық басылым...

Кофе қатерлі ісіктен қорғай алады
Кофе қатерлі ісіктен қорғай алады

Аустралиялық ғалымдар тұрақты түрде кофе тұты...

AM Вest агенттігі Халық-Life рейтингін растады
AM Вest агенттігі Халық-Life рейтингін растады

AM Вest агенттігі "B++" ("Good") деңгейіндегі қаржылық ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру