bs-preloader__icon
ru kz

Экономиканың құлдырауы кезінде өз ақшасын қалай басқаруға болады

Бюджетті бақылау мен басқару жөнінде жалғыз дұрыс пікір жоқ, бірақ кейбір жалпы кеңестер бұл мәселені жақсырақ шешуге көмектеседі, деп жазады The Economic Times.
Экономиканың құлдырауы кезінде өз ақшасын қалай басқаруға болады

Аз шығындар

Дәл осы ережені жеке қаржының ең басты ережесі деп есептеуге болады. Сіз тапқаныңыздан аз қаржы жұмсауға және осы айырмашылықты болашаққа қалдыруға тиіссіз, себебі Сіз есейгенде, бүгінгідей қуатқа ие бола алмағанда, сіз табысқа жете аласыз. Осы ережені сақтамай, сәттілік үлесінсіз қаржылық жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес.

50/20/30 қағидасы

Оның мәні: табыстың жартысы қажетті қажеттіліктерге жұмсалады – шоттар, қарыздар, пәтер жалдау, базалық өнімдер, көлік және т.б. төлеу, 20% жинақ ақшаға жұмсалады, ал 30% жеке шығынға қалады – ойын-сауық, киім-кешек, тәтті тағам, демалыс, мейрамханаға бару, аса қажеті емес, бірақ біз қалайтын нәрселерге жарату.

Сақтандыру

Өмірі мен денсаулығын сақтандыру жазатайым оқиғаға, қатерлі ауруды диагностикалауға, мүгедектікке немесе сақтандырылған адамның қайтыс болуына байланысты ақшалай төлемді білдіреді  .

Пәтерді сақтандыру азаматтық жауапкершілікті де, ықтимал жөндеу шығындарын да өтейді. Бұл туралы біз толығырақ айтқан болатынбыз.

Сақтандыру сатушысына Сізді алдауға жол бермеңіз. Егер сізде асырауындағылар болмаса (яғни сізден басқа, әл-ауқаты сіздің табысыңызға тікелей байланысты адамдар), сізге өмірді көп сақтандырудың қажеті жоқ. Егер Сіздің асырауыңызда адамдар болса, өмірді сақтандыру полисін алған дұрыс, ол ерте кеткен жағдайда асырауыңызға қамқорлық жасау үшін жеткілікті ақша төлейді.

Дереккөзі: https://economictimes.indiatimes.com/wealth/plan/how-to-manage-your-money-in-the-times-of-slowdown/articleshow/78200597.cms

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
БЖЗҚ көрсеткіштері оң динамиканы көрсетті
БЖЗҚ көрсеткіштері оң динамиканы көрсетті

Қазақстандықтардың бірінші қаңтардағы оларды...

Жеті пайдалы қаржылық әдет
Жеті пайдалы қаржылық әдет

Қазіргі әлемде еліктіретін нәрсе өте көп. Дег...

Өмірді сақтандыру неге тиімді
Өмірді сақтандыру неге тиімді

S&P Global Ratings-тің «Өмірді сақтандыру секторының с...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру