bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандық банктер кибер шабуылдардың саны өскенін айтады

Ағымдағы жылдың тоғыз айында интернет-алаяқтықтың 8,3 мың жағдайы тіркелген – алдыңғы жылдың тиісті кезеңіндегіден 52,8%-ға артық. Соңғы үш жылда мұндай қылмыстар екі есеге артқан,- деп жазады Ranking.kz.
Қазақстандық банктер кибер шабуылдардың саны өскенін айтады

Кибер шабуылдардың ең қауіпті түрлерінің өрісінде өсім байқалады. Оның көмегімен аккаунттар мен банктік ақпарат жиі ұрланатын, әлемдегі кең таралған кибер қылмыстардың бір түрі фишинг болып табылады. Бұл компьютер алаяқтығының бір түрі, негізгі мақсаты – қылмыс құрбанын алдау жолымен алаяққа оған қажетті ақпаратты беруге мәжбүрлеу. Фишинг заңмен қудаланады. Төлем карталары нарығының белсенді дамуына және сәйкесінше, қолма-қол ақшасыз төлемдер санының өсуіне байланысты бүкіл тарихта фишингтік шабуылдардың ең жоғары саны соңғы екі жылда тіркелген. Сонымен, ҚР-да 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 1090 фишингтік шабуылдар анықталған, өткен жылдың осы кезеңінде – 832 шабуыл болған. Бұл ретте, 2018 жылдың тиісті кезеңінде барлығы 150 шабуыл, 2017 жылда – 99, 2016 жылда – 116 шабуыл тіркелген.

Ақпараттық қауіпсіздік өрісінде мұндай оқиғалар санының өсуіне сондай-ақ COVID-19 індетінің жағдайы әсер етті. Осылайша, 2019 жылдың ішінде екінші деңгейдегі қазақстандық банктерден болған кибер оқиғалар туралы 50 хабарлама тіркелсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 134-ке жеткен.

Бүгінде төлем карталарын еліміздің 21 банкі шығарады.

Дереккөзі: http://www.ranking.kz/ru/a/infopovody/kazahstanskie-banki-otmechayut-rost-kolichestva-kiberatak-v-tekushem-godu-bylo-zafiksirovano-bolee-130-atak-v-sektore

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірдің түрлі кезеңдерінде сақтандыру полисін қалай таңдауға болады
Өмірдің түрлі кезеңдерінде сақтандыру полисін қалай таңдауға болады

COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі адамдардың әде...

ҚНРДА-да сақтандыру заңнамасының өзгертулері туралы айтты
ҚНРДА-да сақтандыру заңнамасының өзгертулері туралы айтты

Шілдеде президент сақтандыру нарығын реттейт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру