bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді тәуекелді немесе жинақтаушы сақтандыру: нені таңдау керек

Сақтандыру полистерінің айырмашылықтары неде, олар капиталды қорғауға қалай көмектеседі, деп vc.ru хабарлайды. Көптеген адамдар өмірді сақтандыру ұсынысына тап болған. Одан бас тартқан да шығар, өйткені бұл халықта аса танымал емес құрал. Сіз бас тартып, дұрыс жасадыңыз ба? Ал егер бас тартпасаңыз, өмірді сақтандырудың дұрыс полисін таңдадыңыз ба?
Өмірді тәуекелді немесе жинақтаушы сақтандыру: нені таңдау керек

Өмірді сақтандырудың екі түрі бар.

Тәуекелді сақтандыру

Тәуекелдерден қорғай алады: төлемді өлім тәуекелі жағдайында алуға болады.

Сонымен қатар (егер сіз осы опцияларды таңдаған болсаңыз):

  • еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда (белгілі бір топтағы мүгедектік);
  • күрделі ауруды диагностикалау;
  • ауруханаға жатқызу, хирургиялық әрекет, жарақат.

Егер жоғарыда аталғандардың ішінен ешқайсысы орын алмаса, сақтандыруды қайтармайды, ақша күйіп кетеді. Әдетте, жарналардың мөлшері сақтандыру сомасынан 2-5% құрайды, бірақ өзгеруі де мүмкін – бұл сақтандырылған тұлғаның тәуекелінен, жынысына, денсаулық жағдайына, жасына және т.б. байланысты болады.  

Жинақтаушы сақтандыру

Оған сіз таңдаған болсаңыз, өлім және басқа жоғарыда көрсетілген тәуекелдер жағдайында төлемдер, сонымен қатар тәуекелді сақтандыруда жоқ өмір сүру тәуекелі бойынша төлем жатады. Егер сіз бағдарлама мерзімінің аяғына дейін өмір сүрген болсаңыз, кейбір кепілдендірілген сомаға (әдетте бұл шамамен жарналар сомасына тең) және сақтандыру компаниясымен еңбекпен табылған инвестициялық табысқа қол жеткізесіз.

Мұндай сақтандырудың құнын бағалау өте жеңіл: өмір сүру бойынша алғыңыз келетін соманы сақтандыру бағдарламасының жылдар санына бөліңіз. Мұнда бағдар бағдарламаға енетін қосымша тәуекелдерге байланысты өзгеруі мүмкін: жынысы, жасы және т.б.

Осылайша, тәуекелді сақтандыру – бұл ерекше қорғау, ал жинақтаушы – біршама соманы белгілі бір мерзімге кепілдікпен қорғау және жинақтау. Тәуекелді сақтандыру жинақтаушы сақтандыруға қарағанда арзанырақ, өйткені өмір сүру бойынша ақша қайтарылмайды.

Сонымен қатар тәуекелді сақтандыру едәуір икемді: қорғауды алып тастағыңыз келсе – төлеуді доғарыңыз. Ал егер сіз жинақтаушы сақтандыру шартын жыртып тастасаңыз, онды сіз өмір сүру бойынша кепілдендірілген соманы ала алмайсыз, оның орнына өзіңізге жарналардың бір бөлігін (алғашқы жылдарда жыртып тастасаңыз – ештеңені де қайтара алмайсыз) қайтара аласыз.

Сізге өмірді сақтандыру қажет пе, егер қажет болса, екеуінің ішіндегі қайсысы қажет? Төмендегідей ұсыныстарды беруге болады.

Сізге өмірді тәуекелді сақтандыру қажет, егер

1. Қорланымның мөлшері жеткіліксіз: денсаулығында күрделі қиындықтар болған жағдайда, сіздің еміңізге, өмірге, сол кезде әлі де өзекті болып қалатын барлық қаржылық мақсаттарға (мысалы, зейнетақы, балаларды оқыту) қаражатыңыз жетпейді. Бірақ бұл жағдайда сізде өмірді жинақтаушы сақтандыру арқылы осы маңызды мақсаттарға қол жеткізу үшін қаражатыңыз жетпейтіні анық.

2. Сізде жеткілікті капиталыңыз бар, ол сізге өмір сүру үшін де, денсаулықты түзету үшін де жетеді. Бірақ оның басым бөлігі:

  • өте агрессиялық құралдарда (акциялар, бизнес), мұнда ақшаны жоспардан тыс алу шығындарға ұшырап қалу тәуекелі бар;
  • өтімді емес активтерде (жылжымайтын мүлік сияқты), оларды тек елеулі жеңілдікпен сатуға болады.

Онда тәуекелді сақтандыру бұл активтерді күтпеген ірі алулардан қауіпсіздендіреді.

3. Сіздің өміріңіз әлі бір қалыпқа түскен жоқ: маңызды мақсаттарыңыз жоқ, өмір сүру елін әлі белгілемедіңіз, жұмысыңыз да белгісіз, қызмет ету саласын кенеттен ауыстырып отырасыз, немесе жұмыстан бизнеске кетіп жатырсыз.

Сіздің табыстарыңызы тұрақсыз, сонымен қатар сіздің өміріңізде маңызды мақсаттарға (әсіресе зейнетақы) шығындарыңыз қашан болатыны, салық заңнамасы, валюта қандай болатыны және т.б. белгісіз. Мұндай жағдайда өмірді сақтандыру тиімсіз болуы мүмкін: мүмкін, сіз жаңа қоңысыңызда едәуір лайықты бағдарламаны таба аласыз.

Бірақ мүлдем қорғаусыз болу да – қауіпті, өйткені күтпеген ірі шығындардың тәуекелі бар, ал тұрақсыз қаржы жағдайында олар өте қауіпті. Сондықтан тәуекелді сақтандыру түрінде қорғау бұл жағдайда болуы тиіс.

4. Сіз өте жас (40 жасқа дейін) инвесторсыз, бұл ретте сіздің маңызды қаржылық мақсаттарыңызға қол жеткізуге дейін он жылдай бар. Қазірше сізде бұл мақсаттарға қажетті капитал жинақталмаған, бұл ретте қорланым толықтай немесе көбінесе сіздің еңбекке қабілеттілігіңізге байланысты.

Сонда сізге тәуекелді сақтандыруды және сіз мақсаттарға қаржы жинап отыратын инвестициялық портфельді (ЖИШ-ке назар аударыңыз) біріктіру тиімді болады, бұл жас кезінде жинақтаушы сақтандырудан да арзанырақ болады.

Осылайша, сіз мақсатқа күтілетін табыстылығы жоғары инвестициялық құралдарда жинайсыз. Сақтандыру сізді қолдайды: егер бір жағдай болып қалса, төлемдер емге де (портфельден ақшаны алудың қажеті жоқ), еңбекке қабілеттілігінен айырылу салдарынан сіз қатыса амай қалған инвестициялық стратегияға жарналардың өтемақысына да жетеді.

Бірақ мұндай жағдайда сақтандыру қорғаудың мөлшері бірнеше жылғы табысқа тең болуы керек.

Жинақтаушы сақтандыруды мынадай жағдайда алуға болады

1. Сізде белгілі бір соманы жинау үшін мақсаттарыңыз бар, оларды нарықтық тәуекелдерге ұшыратуға болмайды, бұл ретте сіз елді белгілеп алып, мақсаттың құны анық, ал валютасы – отандық болса.

Онда, сіз тіпті еңбекке қабілеттілігінен айырылып қалсаңыз да, немесе осы мақсаттарға агрессиялы стратегия шығындарды көрсететін болса, соманың бір бөлігін тиісті мерзімге дейін кепілдендіру үшін, осы мақсаттардың бір бөлігіне жинақтаушы сақтандыру полисі арқылы ақша жинауға болады.

2. Сізде ажырасу немесе мүлікті өндіріп алу тәуекелі болуы мүмкін, сондықтан қауіпсіздендіргіңіз келген ақшаны жинақтаушы сақтандыруға (бірақ егер бұны қысқа мерзімге бес-жеті жылға дейін жасау қажет болса, онда өмірді инвестициялық сақтандыруды жасаса болады) салуға болады.

3. Сіздің ақша жинау тәртібіңіз нашар, мақсатқа ақша жинау сізге қиын, сіз тәжірибелі емес инвестор болсаңыз, стратегияны өзіңіз таңдағыңыз келмесе, сонымен қатар сіз тәуекелді жұмсауға дайын болмасаңыз, депозиттер мен осыған ұқсас нұсқаларды қаласаңыз. Бірақ сізде тұрақты табысыңыз бар болса. Онда максималды маңызды мақсаттарға сіз жинақтаушы сақтандыру арқылы қаржыны жинай аласыз.

Сақтандыру компаниясын қалай таңдауға болады

1. 1998 жылғы дағдарыстан өткен, әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан компанияларды таңдаңыз. Егер ресейлік компанияларға сенбесеңіз, онда 100 пайыз шетел капиталы бар коипанияларды таңдаңыз.

Ең басты, бұл ОБ лицензиясы бар ресейлік заңды тұлғалар болғаны, өйткені шетелде заңды тұлғада сақтандыру кезінде сіз шетелдік заңнама бойынша жұмыс жасайсыз, барлық даулар жергілікті заңдардың білуін, адвокаттарға шығындарды талап етеді – егер сақтандырылған тұлға бірдеңеге ұшыраған болса, бұл қолайлы шешім емес. Сондай-ақ шетелдік бағдарламалар бойынша салықтық жеңілдіктер жүрмейді – РФ СК 213-бабы.

2. Рейтингтік агенттіктер тізімінде максималды көрсеткішке ие болған компанияны таңдаңыз.

3. Тәуекелдерді қайта сақтандыратын компанияларға назар аударыңыз: бұл кемінде 30 жылдық тарихы бар, халықаралық агенттіктердің сенімділіктің максималды рейтингісі бар ірі компания болуы тиіс.

4. Сақтандыруға енгізу үшін опциясын өз бетінше таңдау мүмкіндігі бар компанияны таңдаңыз. Ол ештеңені өзгертуге болмайтын (енгізу және шығару үшін тәуекелдерге қатысты) тіркелген бағдарлама емес, конструктор болғаны дұрыс.

Өмірді сақтандыру қомақты көп миллионды капиталы бар адамдарға ғана қажет емес деп ойлаймыз. Бұл ретте оның басым бөлігі – депозит сияқты кертартпа өтімді құралдарда орналасқан, ол емделуге де, өмір сүруге де, басқа қаржы мақсаттарға да жетеді, бұл ретте ажырасудан және өндіруден қорғауды олар өзге тәсілдермен (траст, отбасы қорлар және т.б.) жасайды.

Бірақ осы жағдайда да кәсіпқойлар қауіпті ауруларды емдеуге елеулі өтеумен тәуекелді бағдарламаларды (€1-2 млн) ұсынады, өйткені қолданыстағы инвестициялардан немесе бизнестен ірі соманы алуға ыңғайсыз болады.

Сақтандыру төлемдерінен денсаулық бойынша аяқ асты шығындарды қаржыландырып, капиталды банкте 1-2%-бен емес, едәуір қызықты құралдарда ұстап тұру тиімдірек.

Дереккөзі: https://vc.ru/43015-riskovoe-ili-nakopitelnoe-strahovanie-zhizni-chto-vybrat

Фото utmagazine.ruhttp://101biznesplan.ru. сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандырушылар сіздің тәуекеліңізді бағалау үшін нені қолданады
Сақтандырушылар сіздің тәуекеліңізді бағалау үшін нені қолданады

Сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін, сақтанд...

Өмірді сақтандырудың үздік полисін қалай табамыз
Өмірді сақтандырудың үздік полисін қалай табамыз

Өмірді сақтандыру алуан түрлі болады, сол себе...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру