bs-preloader__icon
ru kz
✕

Жаңа тренд: танымал адамдардың жария қызметінің тәуекелдерін сақтандыру

2020 жылға қарай бұл сегмент $10 млрд долларға дейін соманы қамтитын болады, өйткені өсу үшін оның үлкен мүмкіндіктері бар, деп ukrstrahovanie.com.ua хабарлайды.
Жаңа тренд: танымал адамдардың жария қызметінің тәуекелдерін сақтандыру

Ұлыбританиядағы Hiscox UK&Ireland сақтандыру компаниясының медиа-департаментінің басшысы Джеймс Бредли жаңа технологиялардың және әлеуметтік желілердің өсу жағдайында жария тұлғалар авторлар болып табылатын жарияланымдардың жаңа түрі пайда болады, деп есептейді.  

Саясаткерлер және бизнесмендер, мәдениет қайраткерлері, спорт жұлдыздары, тележүргізушілер және басқа да танымал тұлғалар өзіндік ақпараттық контентті құрайды және таратады. Бредлидің пікірінше, бұл қызмет сақтандыру арқылы қорғауға зәру. Мысал ретінде ол Twitter-дегі СЕО Tesla  Илон Масктың жарияланымдарын келтіреді. Бұл жарияланымдардың нәтижесінде оған $40 млн мөлшеріндегі айыппұл салынды және ол компанияның директорлар кеңесі төрағасының қызметінен айырылды.

Бір ай бұрын Hiscox танымал және жоғары қызметтегі тұлғалардың жария қызметінің тәуекелдерін өтейтін сақтандыру бағдарламасын іске қосты. Компаниядағылар бұл бағдарлама Ұлыбританияда бірегей болып табылады, деп кесіп айтады.

Дереккөзі: https://www.ukrstrahovanie.com.ua/news/strahovanie-riskov-publichnoy-deyatelnosti-znamenitostey-novyiy-trend-v-otrasli

Суретте: Илон Маск

Фотосурет 24smi.org, banki.ru сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандағы өмірді сақтандыру рекордтық өсім көрсетті
Қазақстандағы өмірді сақтандыру рекордтық өсім көрсетті

Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығы тұрақ...

Алаяқтар телефон нөмірлерін қалай ауыстыра алады
Алаяқтар телефон нөмірлерін қалай ауыстыра алады

ІІМ деректері бойынша, 2022 жылдың қараша айынан...

Басқа елдерде адамдар қандай зейнетақы алады
Басқа елдерде адамдар қандай зейнетақы алады

Бастапқыда зейнетақы төлемдері негізінен әск...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру