bs-preloader__icon
ru kz
✕

Теріс табыстылық сақтандырушылардың инвестицияларын өзгертеді

Әлемдік сақтандыру секторы шамамен $ 33 трлн қаржы активіне ие, сондықтан олардың инвестициялық шешімдері экономикалық өсімге және капитал нарықтарының дамуына әсер етуі мүмкін, деп жазады IPE: Home.
Теріс табыстылық сақтандырушылардың инвестицияларын өзгертеді

Шамамен $ 15 трлн немесе мемлекеттік облигациялардың әлемдік нарығының 25% теріс табыстылықпен саудалануда. Сенімді, бірақ төмен табысты қағаздар сақтандырушылар мен олардың клиенттеріне әсер етуі мүмкін, сондықтан бүкіл әлемде қаржыгерлер портфельдерді әртараптандырады. Мұндай стратегиялық жылжу тәуекелдерді сенімді басқаруды талап етеді, өйткені сақтандыру инвестициялары 10 жылдан 30 жылға дейін ұзақ мерзімді болжайды.

2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан бастап BBB рейтингімен корпоративтік облигациялар көлемі төрт есе өсті және бүгінгі күні инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигациялар нарығының жартысына жуығын құрайды. 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан бастап BBB рейтингімен корпоративтік облигациялар көлемі төрт есе өсті және бүгінгі күні инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигациялар нарығының жартысына жуығын құрайды. Ұлттық сақтандыру комиссарлары қауымдастығы (NAIC) жүргізген АҚШ компанияларының сақтандыру портфельдерін талдау облигация ретінде белгіленген NAIC 2 (BBB) үлесі 19,7%-дан (2007 ж.) 28,2%-ға (2018 ж.) дейін артқанын көрсетті. Еуропада ұқсас жағдай – сақтандырушылардың BBB рейтингі бар корпоративтік және тәуелсіз облигацияларға салымы 5%-дан (2008 ж.) 20%-ға дейін өсті (2017 ж.).

Тәуекел қағаздарына табысты салымдар сақтандыру компанияларынан жағдайды қадағалау үшін тұрақты бағалауды талап етеді, бұл мыналарды қамтиды: несиелік рейтингті төмендету жағдайындағы орнықтылықты талдау, эмитенттердің дефолт сценарийлері, несиелік тәуекелдердің тиімді стратегиялары.

Бүкіл әлемдегі сақтандыруды қадағалау органдары эмитенттер туралы ақпаратты ашуды жақсартумен жұмыс істейді. Бұдан басқа, Solvency II нормативтік ережелері нарық ойыншыларынан климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық тәуекелдерді ескеруді талап етеді. Бұл талап сақтандыру компаниялары үшін проблемалар туғызады, бірақ экологиялық технологиялар мен орнықты инфрақұрылымға инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Сақтандырушылардың проблемаларды шешуге деген көзқарасының өзгеруі және олардың капиталды жаңа салаларға тиімді бөлу қабілеті бәсекелестік артықшылықты туғызуы және барлық мүдделі тараптар үшін жоғары табыстылықты қамтамасыз етуі мүмкін», – деп басылымға Aberdeen Standard Investments сақтандыру активтерін басқару бөілімінің басшысы Ричард Перейра мәлімдеме жасады.  

Дереккөзі https://www.ipe.com/home/where-insurers-are-placing-their-money/10043519.article

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Күніге қуырылған тамақты жеген кезде, ағзаға ол қалай әсер етеді
Күніге қуырылған тамақты жеген кезде, ағзаға ол қалай әсер етеді

Қазіргі заманда өзіңіздің рационыңызды қуыры...

Қазақстандықтар 2018 жылда қандай аурулармен жиі ауырған еді?
Қазақстандықтар 2018 жылда қандай аурулармен жиі ауырған еді?

Желшешек ауруы тіркелген жағдайлардың саны бо...

Баланың біліміне қалай қаражатты жинап, ақшасыз қалмауға болады
Баланың біліміне қалай қаражатты жинап, ақшасыз қалмауға болады

Әрбір ата-ана күн сайын өз баланың болашағы ту...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру