Рейтингтердің халықаралық жіктегіші бойынша Халык-Life ұзақ мерзімді рейтингтері Қазақстан Республикасында өмірді сақтандыру бойынша компаниялар арасында ең жоғары болып табылады.
Рейтингтің жоғарылауына қомақты инвестициялық табыстылықпен қамтамасыз етілген компанияның соңғы жылдардағы операциялық көрсеткіштерінің жақсаруы ықпал етті. Сонымен қатар, 2022 жылы Компания өз капиталының рентабельділігін 2021 жылмен салыстырғанда 13,8%-ға (21,8%-дан 35,6%-ға) арттырды.
AM Best болашақта компания өмірді сақтандыру мен аннуитеттер портфелінің өсуіне негізделген, сондай-ақ Компания өзінің операциялық шығыстарын қысқарту үшін қабылдайтын іс-қимылдар салдарынан жоғары операциялық нәтижелерді көрсетуді жалғастырады деп күтеді. AM best талдаушылары да өсу жоспарларын қолдау үшін пайданы жеткілікті көлемде ұстап тұруға мүмкіндік беретін қомақты операциялық нәтижелер мен дивидендтік саясатқа негізделген Компания капиталының жеткіліктілігін жоғары деңгейде бағалайды. AM Best, алдағы уақытта Компания капиталының жеткіліктілігі осы деңгейде сақталады деп күтеді.
«Тағы бір беделді халықаралық агенттіктің біздің жұмысымызды барынша жоғары бағалағаны үшін біз өте қуаныштымыз. Халықаралық агенттіктің қабылданған рейтингтік әрекеттері компанияның дұрыс стратегиялық бағыты мен тиімділігін тағы бір рет растады. Бұл нарықтық позицияларды нығайтуға және ішкі нарыққа қатысуды кеңейтуге, сондай-ақ компанияның клиенттер базасын ұлғайтуға қосымша ықпалын тигізеді деп санаймыз. Жоғары рейтингтер Компанияның нарықтағы мықты позициясын, оның өз міндеттемелері бойынша, оның ішінде сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда жауап беру қабілетін көрсетеді», – деген түсінік берді Халык-Life Жанар Жубаниязова.
Фото Халык-Life ӨСК баспасөз қызметінікі