bs-preloader__icon
ru kz
✕

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 430 мың теңгеден асады - болжам

Қазақстанда орташа айлық жалақы 2027 жылға қарай айына 430,4 мың теңгеге дейін өседі. Мұндай болжамды ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 430 мың теңгеден асады - болжам

«2023-2027 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамына» сәйкес, бес жылдан кейін еліміздегі халық саны 20,5 млн адамнан асады. Бұл ретте 15 жастан бастап жұмыс күші 9,5 млн адамға жетеді.

9 млн жұмыспен қамтылған халықтың арасында жалданушы қызметкерлер 7,5 млн адам болады. Тағы 1,5 млн адам өздігінен жұмыс істейтіндер болады.

ҰЭМ-де сонымен қатар, егер 2022 жылы жұмыссыздар 453,1 мың адам (4,9%) болса, 2027 жылы бұл көрсеткіш 446,1 мың адам (4,7%) құрайтынын күтеді.

Ведомствоның болжамы бойынша 2027 жылы орташа айлық жалақы 430,4 мың теңгеге жетеді. 2023 жылы бұл көрсеткіш шамамен 322,3 мың теңгені құрауы тиіс. Нақты жалақы индексі 3,4%-ға тең болады.

Еске салайық, 2022 жылдың II тоқсанының қорытындылары бойынша бір қазақстандықтың орташа айлық жалақысы 312 мың теңгені құрады. Орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс тамызда 146,6 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, осы кезеңге қазақстандықтардың нақты ақшалай табыстары 2,7%-ға төмендеген. 

Дереккөзі: https://lsm.kz/zarplaty-kazahstancev-prevysyat-430-tys-tenge

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Табиғи ұзақ өмір сүру тәуекелін хеджирлеу
Табиғи ұзақ өмір сүру тәуекелін хеджирлеу

Сақтандыру саласы қазір өз жетістігінің нәтиж...

«Standard Life" ӨСК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің жаңа құрамы таңдалды
«Standard Life" ӨСК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің жаңа құрамы таңдалды

Сәйкес шешім осы жылдың 6 сәуір күні Компания а...

Үнді реттеушісі пандемия қаупі пулын құруды қарастыруда
Үнді реттеушісі пандемия қаупі пулын құруды қарастыруда

Үндістанның сақтандыру секторын реттеуші, Сақ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру