Әйелдерге арналған стандартты сақтандыру негізінен 18-50 жас аралығындағы жүкті емес әйелдерге, ал репродуктивтік сақтандыру шарты жасалған кезде – 55 жасқа дейінгі әйелдерге арналған. Сақтандыру шартын жасау үшін, әйелдер консультациясынан жүктілік мерзімі (20 аптаға дейін) және сақтандыру сәтіндегі денсаулығының жағдайы туралы анықтаманы тапсыру керек. Жүктілік кезеңіне арналған сақтандыру бағдарламасы баланы көтерумен және оны босанумен байланысты асқынулар барысында қаржылық көмек көрсетуді болжайды.
Бір жылға арналған стандартты «әйелдер сақтандыруы, мәселен, ресейлік сақтандыру компанияларының бірінде 14 мың рубльді немесе шамамен 70 мың теңгені құрайды. Сақтандыру полисін жыл сайын 65 жасқа жеткенге дейін ұзартуға болады. Мұндай сақтандыру қорғанысы әдетте әйелдердің қатерлі ісігін және басқа да қатерлі ісік түрлерін, жүрек-тамыр ауруларын, остеопорозды қамтиды.
Әйелдерге сондай-ақ өлім жағдайы мен өмірдің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыруды және келесі қосымша тәуекелдерді сақтандырудан тұратын тұтас пакеттер де ұсынылады: жазатайым оқиға нәтижесінде өлім жағдайынан сақтандырумен қоса жетімдік жағдайында қосымша сақтандыру сомасын төлеу, тұрақты және толық еңбекке жарамсыздық жағдайынан сақтандырумен қоса еңбекке жарамсыздық кезеңінде сақтандыру сыйақыларын төлеуден босату, әйел ағзасының ауыр сырқаттану жағдайынан сақтандыру.
Мұндай бағдарламалардағы сақтандыру кезеңі - 10, 15, 20, 25 жыл. Бұл ретте шарттың қолдану мерзімі аяқталатын күнге қарай әйелдің ең үлкен жасы 75 жастан аспауы керек, ал кейбір жағдайларда, қосымша тәуекелдерді сақтандыру бағдарламалары бойынша – 55-64 жас аралығында болуы тиіс.
Сурет дерекнамасы: http://www.smartindianwomen.com/how-important-is-it-for-women-to-have-an-insurance/