bs-preloader__icon
ru kz en

Сақтандырушылар 2020 жылы «ақылды» сақтандыру полистарын сатулар бойынша жаңа болжамдар құруда

BergInsight бағалауы бойынша, 2015 ж. Еуропа және Солтүстік Америкада «ақылды» сақтандырудың 11,6 млн полистары болған (5,3 млн Еуропада және 6,3 млн Солтүстік Америкада). 2015-2020 жж. Олардың саны еуропалық және солтүстік америкалық нарықтарда 25,8 млн және 42,1 млн данаға дейін артады.
Сақтандырушылар 2020 жылы «ақылды» сақтандыру полистарын сатулар бойынша жаңа болжамдар құруда

ЕМС саласында фитнес-тректерді қолдану болашақта сақтандыру компанияларына адамдар денсаулығы ерекшеліктерінен немесе адамдар топтарынан шыға келе жеке бағдарламаларды құрастыруға көмектесуі мүмкін. Бұл ЕМС бағдарламаларын оңтайландыруға, олардан сақтандырылғандар қажеттілік етпейтін қызметтерді шегеру мүмкіндіктерін береді. Осы тәрізді клиент бағдарлылық әлеуметтік пакет құнын төмендетуге көмектесіп қана қоймай, қызметкерлер өнімділігін және компанияның жалпы тиімділігін арттырады.

Сырқаттардың алдын алу және қызметкерлердің денсаулықтарын нығайту мәселелерінің өзектілігі медициналық сақтандыру бағдарламасына кірістірілген ұйымдар санымен нақтыланады дейді сақтандырушылар. Қазір компаниялар қолданатын Digital-технологиялар қызметкерлердің медициналық мәліметтерін жинау, сақтау және талдауға және де бағдарламаларды аса тиімді етуге мүмкіндік береді.

Осымен қатар «ақылды» сақтандыру полистарын сатудың өсуі, әрине, автокөліктерде орнатылған GPS-жүйелердің кеңінен таралуымен және автокаскода басқа да телематикалық құрылғылардың белсенді қолданылуымен негізделеді. Осы текті жүйелер арқасында полис тәуекелі және құны әрбір клиенттің жеке жүргізу стиліне байланысты анықталынады, ол оған сақтандыруда үнемдеуге, ал сақтандыру компанияларына алаяқтықпен күресуге мүмкіндік береді деп «Ақылды гаджеттер 2020» есебінде айтылады.    

 J’son&PartnersConsulting талдамдық есебінде көрсетілгендей, 2017 жыл қорытындысы бойынша автокасконың «ақылды» сақтандыруының енуі Ресейде қолданыстағы каско полистерінің жалпы санының 3% құрайды. Жалпы алғанда 2017 жылы «ақылды» сақтандыру нарығының өсуінің теріс динамикасы еңсерілді, алайда касконың орташа сақтандыру сыйақысы және сыйақының жиынтық көлемі төмендеді. 2020 жылға қарай,  сарапшылар бағалауы бойынша, «ақылды» полистердің енуі Автокасколардың қолданыстағы полистерінің санының 10%-на жетеді.

Тәуекел Институты сарапшыларының болжамдары бойынша 2020 жылға қарай «ақылды» сақтандыру полистарының саны 5-3 есеге артады және де ақылды фитнес-гаджеттер нарығының (сақиналардан іш киімге дейінгі) қарқынды өсуімен сүйемелденеді.

Дерек көзі: https://forinsurer.com/news/18/01/31/35761

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ӨСК жеке капиталы жылдық мәнде 57,8%-ға өсті
ӨСК жеке капиталы жылдық мәнде 57,8%-ға өсті

Ақпан айында жоғары сыйақы алымдары компаниял...

Өмірді жинақтаушы сақтандырудың дамуындағы жаңа орам
Өмірді жинақтаушы сақтандырудың дамуындағы жаңа орам

Коронавирус пандемиясының әсері бүткіл қаржы ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру