bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру секторындағы маңызды технологиялық трендтер

Finextra сайты сандық технологияларды өмірді сақтандыру саласына қосу туралы очерк дайындады. Бұл саладағы жетістіктер клиенттердің қалауын өзгертті – енді адамдар тез жұмыс пен дербестендірілген қызметтерді талап етеді, деп есептейді материал авторы.
Өмірді сақтандыру секторындағы маңызды технологиялық трендтер

Қазіргі гаджеттер адам денсаулығының жағдайын, физикалық жүктемелердің көлемін оңай бақылай алады. «Бұл технология сақтандырушыларға клиент туралы ақпаратты ұқыпты жинауға, оған сәйкес өнімдерді, сол зейнетақы аннуитетінің мөлшерін әзірлеуге мүмкіндік береді», – делінген мақалада. Осы себепті сақтандыру компаниялары клиенттерді дене белсенділігі туралы деректермен алмасуға ынталандырады. 

Robo кеңесшілері – өмірді сақтандыру секторын өзгертетін тағы бір технологиялық инновация. Цифрлық кеңесшілер клиенттерге компанияның сайтын, полистердің ерекшеліктерін түсініп алуға көмектеседі. Мұндай сайттың пайдаланушылары өздерінің сұрақтарына жауапты 24/7 режимінде ала алады. Бұл бот компания сайты пайдаланушыларының алдын ала дайындалған сұрақтарына жауап береді. Клиенттердің жинақталған деректерімен барлық өтінімдер диалогтан кейін бірден менеджерлерге электрондық поштаға жіберіледі.

Блокчейн-технологиялары мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. «Бұл ақпаратты сақтаудың, наразылықтарды өңдеудің мөлдір және сенімді тәсілі, сайып келгенде клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартады», – деп хабарлайды Finextra.

Агрегатор-сайттар адамдарға уақытты үнемдеуге және қолайлы бағамен қажетті сақтандыру өнімдерін табуға мүмкіндік береді. Ең танымал мысалдардың бірі – сақтандыру қызметтерінің 4 мыңнан астам дистрибьютерін біріктіретін Insurance Hero. 
 
Дереккөзі https://www.finextra.com/blogposting/18015/important-technology-trends-in-the-life-insurance-sector

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды. 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Неліктен Жаңа Зеландия сақтандырушылары шығынға жұмыс істеп жатыр?
Неліктен Жаңа Зеландия сақтандырушылары шығынға жұмыс істеп жатыр?

Жаңа деректерге сәйкес, мемлекеттік денсаулық...

Бейтаныс нөмірлерден спам қоңырауларын қалай болдырмауға болады
Бейтаныс нөмірлерден спам қоңырауларын қалай болдырмауға болады

Спам қоңыраулары бүгін тітіркендіргіш фактор ...

Теңге 435 долларға дейін әлсіреуі мүмкін
Теңге 435 долларға дейін әлсіреуі мүмкін

2021 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық валюта б...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру