bs-preloader__icon
ru kz
✕

Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамтамасыз етуге мемлекеттік бюджеттің шығындары 334,8 млрд теңгені құрады

Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамтамасыз етуге шығындары өсуде: жыл басында көрсеткіш 11%-ға ұлғайды. Алайда бұл анық жеткіліксіз, деп жазады Finprom.kz.
Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамтамасыз етуге мемлекеттік бюджеттің шығындары 334,8 млрд теңгені құрады

Қаңтарда 334,8 млрд тг құрады, ол бір жыл бұрынғыға қарағанда 11,1%-ға көбірек. Сегменттің үлесі бір жыл бұрынғы 29,5%-ға қарсы, ҚР бойынша барлық шығындардан 27,8%-ды құрады. Анықтама үшін: 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан үшін мемлекеттік бюджеттен әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамтамасыз етуге 3,8 трлн тг бөлінді, жылына плюс 9%.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанға республикалық бюджеттің секвестрленбейтин (яғни қысқартуға жатпайтын) бағдарламалары 4,2 трлн тг мөлшерде орындалды, ол бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,4%-ға көбірек. Оның ішінде бала туылуға байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы 52,3 млрд тг, бір жасқа дейін бала күтіміне байланысты жәрдемақы – 31,7 млрд тг, мүгедек-балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға және қамқоршыларға жәрдемақы – 49,6 млрд тг, көпбалалы аналарға жәрдемақы – 49,1 млрд теңгені құрады.

Елде соңғы жылы 425,6 мың адам туылды – бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,6%-ға көбірек. Әрбір туылған балаға республикалық бюджеттен бір жасқа дейін бала күтіміне байланысты айына шамамен 6,2 мың тг жәрдемақы келді. Шамамен 7,2 мың теңгені құраған 2019 жылғы орташа көрсеткіш 2020 жылғы көрсеткіштен 13,5%-ға жоғары болғанын айта кету керек.

Дереккөзі: http://finprom.kz/ru/article/zatraty-gosbyudzheta-na-socialnuyu-pomosh-i-socialnoeobespechenie-rastut-v-nachale-goda-pokazatel-uvelichilsya-na-11-odnako-etogo-yavno nedostatochno

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қарапайым канадалыққа өмірді топтық сақтандыру жеткілікті ме
Қарапайым канадалыққа өмірді топтық сақтандыру жеткілікті ме

Өмірді сақтандыру – отбасы бюджетін қаржылық ...

Байкерлерге арналған сақтандыру өнімі әзірленді
Байкерлерге арналған сақтандыру өнімі әзірленді

Мотоцикл апаттарының өсуіне жауап ретінде Delta ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру