bs-preloader__icon
ru kz

Аскар Ибраимов: «Егер сақтандыру компаниялары азаматтар үшін қызықты өнімді ұсынса, біз соны қолдауға дайынбыз»

Жақында біздің порталымызға берген сұхбатында «Халык-Life» АҚ Басқарма Төрағасы Оксана Радченко өмірді сақтандыру компаниялары МБЖЖ – мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінің қатысушысы бола алатыны туралы өз ойын білдірген. Оның үстіне ол сондай-ақ «Халык-Life» АҚ «Nomad Life» ӨСК» АҚ-пен бірлесіп Ұлттық Банкпен өмірді сақтандыру компанияларының МБЖЖ жүйесіне мүмкін қатыстыру мәселесі бойынша келіссөздерді бастамашылық жасады. Біз осы бағдарламаның маңыздылығы және оның өмірді сақтандыру компанияларының дамуындағы әлеуетті рөлі туралы түсініктемелер үшін МБЖЖ тікелей операторына – «»Қаржы орталығы» АҚ –ға хабарластық. Міне lifeinsurance.kz сайтына берген сұхбатында Қаржы Орталығының Президенті Асқар Ибраимов төмендегіні баяндап берді.
Аскар Ибраимов: «Егер сақтандыру компаниялары азаматтар үшін қызықты өнімді ұсынса, біз соны қолдауға дайынбыз»
Аскар Ибраимов: «Егер сақтандыру компаниялары азаматтар үшін қызықты өнімді ұсынса, біз соны қолдауға дайынбыз»
Аскар Ибраимов: «Егер сақтандыру компаниялары азаматтар үшін қызықты өнімді ұсынса, біз соны қолдауға дайынбыз»
Аскар Ибраимов: «Егер сақтандыру компаниялары азаматтар үшін қызықты өнімді ұсынса, біз соны қолдауға дайынбыз»
Аскар Ибраимов: «Егер сақтандыру компаниялары азаматтар үшін қызықты өнімді ұсынса, біз соны қолдауға дайынбыз»

- Асқар Изимбаевич, соңғы бірнеше жыл ішінде МБЖЖ негізгі қорытындылары туралы айтып берсеңіз.

- 2013 жылғы 14 қаңтарда ҚР «Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі туралы» заңы қабылданды. Алты жылдың ішінде Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі шеңберінде Қазақстанның шамамен 20 мың азаматы жинақтаудың осы тетігіне сенім артты. Салымшыларға төленген ақшалай сыйлықақысының жалпы сомасы 2,5 млрд. теңгені құрайды.

МБЖЖ бағдарламасының қатысушы-банктер болып табылады: «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «First Heartland Jýsan Bank» АҚ (бұрын – «Цеснабанк» АҚ), «Нұрбанк» АҚ, «ВТБ банкі (Қазақстан) АҚ» ЕБ, «Tengri Bank» АҚ.

600 дан астам білім беру ұйымы (елдің университеттері, колледждері) біздің Қоғамымызбен МБЖЖ саласында келісім жасасты. 800-ден астам салымшы білім беру қызметіне салымдағы қаражатты пайдаланды. Оның ішінде 177 салымшы білім беру қызметі үшін салым қаражатын шетелдік білім беру ұйымдарына аударды.

- МБЖЖ-ға қандай жаңалықтар енгізілді?

- Қазіргі таңда жүргізілген ребрендингтен кейін МБЖЖ аясында білім беру салымдары AQYL жаңа атауға ие болды, осы атаумен бұл өнім барлық қатысушы-банктерде алға жылжытуда. Біз есептегендей, бұл халықтың білім беру депозиттерін қабылдауын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қолданыстағы заңнамаға МБЖЖ жетілдіруіне бағытталған бір қатар төмендегідей өзгерістер енгізілгенін атап кету жөн:

• қатысушы-банктерге қойылатын талаптар оңтайландырылды – облыстық орталықтарда, астанада және республикалық мәні бар қалаларда филиалдың болуына қатысты талап алынып тасталды;

• білім беру салымдарын ауыртпалықтардың барлық түрлерінен (тыйым салу, шектеу,  өндіріп алу) қорғау ендірілген;

•  мемлекеттің артық есептелген сыйлықақысын қайтару және алдыңғы кезеңдер үшін сыйлықақының қоса есептеу мүмкіндігі жүзеге асырылды;

• МБЖЖ реттемелеу бойынша өкілеттіліктердің бір қатары ҚР Үкіметінен ҚР Білім және ғылым министрлігіне тапсырылды.

Әрине, уақыт бір жерде тұрған жоқ, Қоғамның атына бағдарламаны жақсарту бойынша көптеген ұсыныстар келіп түседі, сондықтан болашақта бағдарлама жетілдіре түсетінін болжауға болады.

- Халық тарапынан МБЖЖ-ға қатысуға сауал қаншалықты жоғары болады?

- «AQYL» білім беру депозиттері қатардағы қазақстандықтар үшін ғана емес, өз қызметкерлері үшін корпоративтік-әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын компаниялар үшін, сонымен қатар халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан шыққан балаларға көмектесуге ниет білдірген меценаттар үшін де қызықты екенін атап кеткен жөн. Мысалы, әйгілі спортшылар Илья Ильин, Серик Сапиев, Александр Левит астаналық балалар үйінің тәрбиенушілердің атына білім беру депозиттерін ашты. Сонымен қатар көптеген басқа да жақсы мысалдар бар.

Сондай-ақ «Бөбек» жеке қорымен ынтымақтастықта іске асырылған жоба бар, оның аясында 5 млрд теңге сомаға 8 мың салым ашылған.

- Қазақстандықтарға мемлекеттік жинақтаушы жүйе нені береді?

- «AQYL» білім беру депозитін жасына қарамастан техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім алу үшін Қазақстанның барлық азаматтары аша алады.

Жинақтармен Қазақстанның ЖОО-да немесе колледжедрде оқуын төлеуге, сонымен қатар шетелде оқудың кез келген түрін, соның ішінде білім беру және тілдік курстарда оқуын төлеуге болады.

«AQYL» білім беру депозиттерінің қарапайым депозиттерден айырмашылығы – бұл 5% мемлекеттік ақшалай сыйлықақысы және орташа есеппен жылдық 10% банктік сыйақысы есебінен қол жеткізілетін жоғары табыстылық.

Егер депозиттің иесі немесе оның баласы грант бойынша ЖОО-ға оқуға түссе, ол білімнің басқа деңгейлерін төлеу үшін қаражатты жинақтауды жалғастырып, немесе мемлекеттік сыйлықақысымен толық мөлшерде шешіп алуға, сонымен қатар қаражатты үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) «AQYL» білім беру депозитіне аударуға құқылы. Мысалы, екінші баланың (інілері мен сіңлілерінің) атына.

Сонымен қатар «AQYL» депозиттерінің басқа қосымша артықшылықтарды атап өту маңызды:

- үшінші тұлғалардың тыйымынан (кредиторлар, соттар және т.б.) қорғалған;

- табыс көзі ретінде салық салынбайды;

- мемлекетпен ж10 млн теңгеге дейін жинақтардың қайтарымы кепілдендірілген;

- мемлекеттің сыйлықақысы 20 жыл ішінде жыл сайын есептелінеді;

- салымның ай сайынғы капитализациясы;

- жылына бір рет қаражатты бір банктен екінші банкке қайта аударуға болады.

- Жақында біздің порталымызға берген сұхбатында «Халык-Life» АҚ Басқарма Төрағасы Оксана Радченко өмірді сақтандыру компаниялары МБЖЖ – мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінің  қатысушысы бола алатыны туралы өз ойын білдірген. Осыған байланысты МБЖЖ жылжуына ӨСК қатысуы қаншалықты көмектесе алады?

- Алдыңғы жауаптарда атап көрсеткендей, Қоғамның атына жүйені дамыту бойынша ұсыныстар жиі түсіп тұрады. Осылайша, біздің атымызға МБЖЖ-ға өмірді сақтандыру компанияларының қатысуына қатысты ұсыныс келіп түсті. Қазіргі таңда білім беру депозиттерін тарту құқығы тек қана екінші деңгейдегі банктерде бар.

Егер сақтандыру компаниялары азаматтар үшін салымдарды кепілдендірілген қайтару тетігін қамтитын қызықты өнімді ұсынса, біз өз кезегімізде оны қолдауға дайынбыз.

- Сіздің ойыңызша, МБЖЖ дамыту үшін тағы қандай іс-шараларды қолдануға болады?

- Білім беру депозиттерінің тарихы аса үлкен емес. МБЖЖ дамуы үшін өнімді тек біздің Қоғамымызбен ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейдегі банктермен де жылжыту бөлігінде күшейтілген ақпараттық қолдау қажет. Бұған БАҚ-та жарнама, жергілікті және республикалық  телеарналарында ақпараттық бейне роликтерді көрсету, республикалық және жергілікті мәні бар мерзімдік баспасөз басылымдарында оқыту мақалаларды жариялау жатады. Сонымен қатар жергілікті атқарушылық органдарда, жастар орталықтарында, мектептер мен бала-бақшаларында қаржылық сауаттылықты насихаттауға қатысу.

Фото: fincenter.kz

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Лайықты қартыққа қалай жинақтауға болады
Лайықты қартыққа қалай жинақтауға болады

БЖЗҚ есептеріне сәйкес, егер адам 40 жылдың іші...

Unit-Linked өнімінің инвестициялық стратегиясын қалай таңдаймыз?
Unit-Linked өнімінің инвестициялық стратегиясын қалай таңдаймыз?

Өткен жылы қазақстандықтар Unit-Linked – өмірді ин...

Өмірді сақтандыру компаниялары немен және қалай табыс табады
Өмірді сақтандыру компаниялары немен және қалай табыс табады

Классикалық өмірді және денсаулықты сақтанды...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру