bs-preloader__icon
ru kz

Халык-Life клиенттер үшін мобильді қосымша жасады

Қазақстанның Халық Банкінің еншілес компаниясы Халык-Life нарықта бірінші болып AppStore мен PlayMarket-те мобильді қосымшаны шығарды, деп хабарлайды өмірді сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі.
Халык-Life клиенттер үшін мобильді қосымша жасады

«Біз күніге адамдар күнделікті өмірде көбіне-көп мобильді гаджеттерді пайдаланып жатқанын байқаймыз. Ең үлкен танымалдылыққа смартфондар ие, ал планшеттер біртіндеп тауашалы құрылғылар бөлігіне өтуде, компьютерлер мен ноутбуктер танымалдылығын жоғалтуда, себебі оларды тек қана жұмыс үшін пайдаланады. Бұл үрдістерді ескере отырып, біз біздің клиенттерімізбен қарым-қатынастың жаңа каналдарын меңгере бастадық және олар үшін «Halyk Life» мобильді қосымшаны шығардық», - деп түсіндіреді «Халык-Life» АҚ-ның басқарма төрайымы Жанар Жубаниязова.

Мобильді қосымша IOS пен Android операциялық жүйелерінде қолжетімді екенін айта кеткен маңызды. «Енді адамдарда сервистік қызметтерді онлайн режимде алу мүмкіндігі пайда болды және сұрақтардың көбісін шешу үшін енді компанияның кеңсесіне физикалық түрде келудің қажеті жоқ. Қосымша, ең алдымен, адамдарға уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, сақтандыру жарналарын төлеу процесін жеңілдетеді және сақтандыру шарттарын жасасу мен оған одан әрі қызмет көрсетумен байланысты қаржы шығыстарын оңтайландырады, енді мұның бәрі біздің клиенттерімізге бар-жоғы бірнеше шертуде қолжетімді» - оқиғаға пікір білдіреді Жанар Жубаниязова.

Бірегей сервис қолданыстағы сақтандыру шарттарына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл сервистің арқасында, клиенттер кез-келген уақытта:

  • сақтандыру шарттары бойынша ақпаратпен таныса алады, және қажет болса сақтандыру оқиғасы туралы хабарлама жібере алады;
  • сақтандыру жарналарын төлеп, төлемдер тарихын қадағалай;
  • өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру дивиденттерінің мөлшерін бақылай;
  • зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша төлемдердің кестесін, мөлшері мен мәртебесін тексере алады;
  • өзекті жаңалықтар туралы ақпарат ала алады және жақын жердегі филиалдардың орналасқан жері мен байланыс нөмірлерін біле алады.
Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Теңгенің құнсыздануында қалай ұтуға болады
Теңгенің құнсыздануында қалай ұтуға болады

Қазақстандықтар ұлттық валютаның құнсыздануы...

Күзгі көңілсіздікпен қалай күресуге болады?
Күзгі көңілсіздікпен қалай күресуге болады?

Күзгі көңілсіздік диагноз емес, күзгі көңілсі...

Біз салықтарды үнемдейміз және өмірді сақтандырудан ақша табамыз
Біз салықтарды үнемдейміз және өмірді сақтандырудан ақша табамыз

Қазақстандықтардың көпшілігінде өмірді сақта...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру