Көптеген дамыған елдерде адамдар тек мемлекеттен алатын зецнетақыға ғана қарап отырмай, өздерінің жинаған ақшасы арқылы күн көруде.
1. Банктегі шот
Банктік депозит - қаражат жинаудың ең жеңіл және сенімді тәсілі. Оны жете бағаламауға болмайды. Егер сіз жылдық 7%-бен салымды ашатын болсаңыз, ай сайын оны кемінде бес мыңға толтырып отырсаңыз, онда 15 жылдың ішінде сіз 1,7 млн рубль шамасында (немесе одан төмен, егер салымдар бойынша мөлшерлеме түсіп кетсе) капиталға ие боласыз. Кез келген жағдайда инфляциядан бұл ақшаны сақтап қалатыныңыз (үйде сақтаған ақшамен салыстырғанда) анық.
Алайда басқа қауіп те бар. Рубльдің бағамы әлі күнге дейін тұрақсыз. Ал оны 15 жылға болжамдауды бірде бір аналитик қолға алмайды. Тәуекелдерді төмендету үшін ақшаны әр түрлі валютада жинағаны дұрыс. Доллар мен еврода сіздің банкте жиналған қорыңыздың кемінде 30% жиналғаны дұрыс.
Айтпақшы салымдарды ашу кезінде маңызды бір ерекшелік бар – бір банкте 1,4 млн рубльден артық ақшаны ұстамаңыз (бұл салымдарды сақтандыру жүйесіне жататын максималды сома).
2. Инвестициялар
Банктерде тек қана резервтік қорды сақтауға болады, Сіздің алты айлық шығындарыңызға тең соманы. Қалған жиналған ақшаны едәуір табысты қаржы құралдарында сақтағаны дұрыс. Оның ішіндегі ең тиімдісі – акциялар және облигациялар. Осылайша, ірі компанияларда федералды заемның облигацияларын (ФЗО) сатып алуға болады. Сонымен қатар брокерлік шотты ашып, биржада өз бетінше сауда жасауға болады.
Бірақ егер сіздің мақсатыңыз мұқтажсыз кәрілікке жинау болса, онда саудамен айналысудың қажеті жоқ. Бағалы қағаздарды сатып алып, инвестициялық портфельді құру жеткілікті. Егер жеке инвестициялық шотты (ЖИШ) ашу керек болса, онда салынған ақшадан салық шегеруге (сомадан 13%, бірақ жылына 52 мың рубльден артық емес) қол жеткізуге болады.
3. Сақтандыру
Өмірді жинақтаушы сақтандыру – бұл екі жақты әсер ету өнімі: сіз ақшаны да жинайсыз, өміріңізді де сақтайсыз. Бұл жүйе былай жұмыс жасайды. Сіз ай сайын шотқа белгілі бір ақша сомасын саласыз. Ал зейнетке шыққанда бүкіл соманы, оған қоса жиналған пайызды да аласыз. Немесе өмр бойғы төлемдер шартын жасайсыз. Егер сіз полистің қолданылу мерзімі аяқталғанша бірдеңеге ұшырайтын болсаңыз, онда мұрагерлер шартта көрсетілген бүкіл соманы аласыз. Жарналардың мөлшері, мерзімі, сақтандыру оқиғалары және басқа да талаптар егжей-тегжей белгіленеді.
Бір ерекшелік бар: ақшаны полистің қолданылу мерзімі аяқталғанша алып кетуге болады, бірақ компания бұл үшін комиссиясын алады. ӨЖС бойынша табыс өте төмен, алайда сіз алғашқы күннен бастап қомақты сомаға сақтандырылатын боласыз. Және өмірді сақтандыруды бөлек сатып алудың қажеті болмайды.
4. Сатып ал да жалға бер
Бұл нұсқа бәріне қолжетімді бола алмайды. Бірақ оған ұмтылуға болады. Алгоритм мынадай болуы мүмкін: алдымен сіз өзіңізге үй, содан кейін жалға берілетін пәтерді сатып аласыз. Ипотекаға да алуға болады. Сіздің міндетіңіз – бастапқы жарнаны жинау, несиенің ай сайынғы төлемдері жалға берілген төлемдермен толық өтелетін болуы тиіс. Зейнетке шыққанға дейін ипотеканы толық жауып тастау керек. Сонды сізде қосымша пассивті ьабыс болады.
P. S. Кез келген инвестициялардың басты ережесі - әртараптандыру (яғни ақшаны әр түрлі қаржы қобдишаларына сақтау) және бірізділік болып табылады. Яғни ақшаны айына/тоқсанда бір рет және бірнеше қобдишаға салу керек. Мұндай стратегия барлық капиталдан бірден айырылып қалу тәуекелін төмендетеді. Зейнетке шыққан күніне сізде пассивті табыстың бірнеше көзі болуы керек: мемлекеттік зейнетақы және түрлі нысандағы өз жиналған ақшасы.
САРАПШЫНЫҢ ПІКІРІ
Бизнестен үлгі алыңыз
Жалпы кәрілікке қаражат жинау және жай ғана ақшаны жинау – бұл бір нәрсе. Сол ақша, тек жанынан алып қараған. Мұнда қаржыгерлердің басты қағидасын ұстану керек. Сіз ӘРДАЙЫМ жұмсаған ақшаңыздан көбірек ақша табу керексіз.
Қолданыстағы бизнестен үлгі алыңыз. Кәсіпкер пайдаға қол жеткізгенде, ол қаражаттың бір бөлігін өзіне жұмсайды, бір бөлігін қорға салады, ал тағы бір бөлігін дамуға инвестициялайды. Бұл теңгерім кезінде бизнестің иесі қуанады, оның компаниясы бір орында тұрмай өседі.
Жеке қаржыда да дәл осылай. Өмірге жұмсалатын шығындардан басқа, қобдишасы да болуы керек, келешекке инвестицияларды да жасау керек.
- Фазиль Искандердің терминологиясы бойынша, жеке бюджетке қатынасы бойынша адамдарды «ойланатын қоян» және «бейқам қоян» болып екіге бөлуге болады», - дейді Сергей Пятенко, ФБК Экономика-құқықтық мектебінің басшысы. – Өз қаржы туралы ойластырудың қажеті бар ма? Шынымен-ақ, жай ғана қоян болып өмір сүруге болады. Тез, кедей болып және ештеңені ойламай өмір сүруге болады. Алайда едәуір тәуелсіз қалай болуға болатындығын және өз өміріндегі тәуекелдерді қалай төмендетуге болатындығын ойластыру қажет.
Дереккөзі: https://www.kp.ru/daily/26860.4/3902874/
Фотосуреттер 1obl.ru, yeshealth.com сайттарынан алынды.