bs-preloader__icon
ru kz en

Рамай Курбангалиев: «БЖЗҚ салымшының жинағын 10 күн ішінде сақтандырушы компанияға аударуға міндетті».

«НОМАД LIFE»ӨСК» АҚ сату және аймақтық даму департаментінің директоры зейнетақы аннуитетінің заңдық «джунглиіне» enpi.kz түсініктеме жасады.
Рамай Курбангалиев: «БЖЗҚ салымшының жинағын 10 күн ішінде сақтандырушы компанияға аударуға міндетті».

Егер мен сатандыру компаниясымен келісім жасасып, зейнетақы аннуитетін немесе «өмір бойғы» зейнетақыны сатып алғым келсе, онда біраз уақыт өткеннен кейін менің зейнетақы жинағым БЖЗҚ-дан таңдап алынған сақтандыру команриясына ауыса ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 62 бабына сәйкес БЖЗҚ клиенттің сақтандырушымен шартқа отырғандығы туралы шешімін алған күннен бастап 10 жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей сіздің зейнетақы жинағыңызды сіз таңдаған сақтандыру компаниясына аударуға міндетті. 

Зейнетақы жинағын БЖЗҚ-дан аударуды шешкен клиенттен сақтандыру компаниясы қанша алуы тиіс?

ҚР Ұлттық Банкі өзінің 20.10.2015ж. № 194 қаулысында сақтандыру компаниясының зейнетақы аннуитетін жасасу бойынша шығындарының рұқсат етілген деңгейі және комиссиялық сыйақы көлемі сақтандыру сыйақысының 3%-дан артық емес және әр сақтандыру төлемдерінің  3%-ынан артық емес болуыкерек деп белгіленген.

Сақтандыру компаниялары зейнетақы аннуитеттері бойынша сақтандыру төлемдерін қаншалықты жиі жасауы керек?

Мұнда барлығы да оңай. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы аннуитеттері бойынша сақтандыру төлемдерінің мерзімділігі ай сайын болуы тиіс.

Сақтандыру компаниясы зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін алғашқы төлемін қашан жасауы керек?

Зейнетақы аннуитеті бойынша алғашқы төлем зейнетақы жинағының БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына ауысқан кезінен бастап 10 жұмыс күннен кешіктілмей төленуі қажет.

Салымшының (алушының) зейнетақы төлемдерін БЗЖҚ-дан сақтандыру ұйымына аударумен байланысты шығындарды кім өтейді? 

БЖЗҚ есебіненжасалады.

Салымшы (алушы) зейнетақы жинағын аудару туралы өтінішін өзі әкеліп бере алмаған жағдайда зейнетақы жинағын аудару туралы өтінішті наториалдық сенімхат берілген жеке тұлға арқылы беруіне құқығы бар ма?

Иа, құқығы бар.

Біз сіздерді зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу жолдарымен толығырақ таныстыруды жалғастыратын боламыз! Арнамыздан ажырамаңыздар.

Дерек көзі: http://enpi.kz/kompanii/ramay-kurbangaliev-enpf-obyazan-v-techenie-10-dney-perevesti-nakopleniya-vkladchika-v-strahovuyu-kompaniyu-

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Болашақ зейнеткерлер үшін бес сабақ
Болашақ зейнеткерлер үшін бес сабақ

Соңғы бірнеше айда COVID-19 пандемиясы бүкіл әлем...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру