bs-preloader__icon
ru kz en

Сақтандырушылар лаңкестік әрекеттен зардап шеккен жұмыскерлер мен қызметкерлерге төлемдер жасайды

Қазақстанда болған жаппай тәртіпсіздіктер мен террорлық әрекеттер әлеуметтік салаға, экомика мен бизнеске орасан зор зардап келтірді. ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша залалдың жалпы сомасы 103,7 млрд теңгені құрады. ҚР ІІМ-нің деректері бойынша қайғылы жағдай кезінде құқық қорғау органдарының 17 қызметкері мен жұмыскерлері қайтыс болған, 1,3 мыңнан астам полиция қызметкерлері, әскери қызметкершілер зардап шекті. Бейбіт халық арасында да жарақат алған және лаңкестер қолынан қаза болғандар бар. Сақтандыру жағдайларының басталуы туралы хабарламалар сақтандырушыларға келіп түсуде, деп хабарлайды Freedom Finance Life ӨСК-нің баспасөз қызметі.
Сақтандырушылар лаңкестік әрекеттен зардап шеккен жұмыскерлер мен қызметкерлерге төлемдер жасайды

ҚР «Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес әрбір жұмыс беруші өз қызметкерлерінің қатысында сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Өз кезегінде, сақтандыру жағдайы кезінде сақтандырушы зардап шеккен қызметкерге немесе ол қайтыс болған жағдайда оның асырауындағыларға төлемдер жасайды. Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясында сақтандыру туралы және ол бойынша төлемді қалай алуға болатыны жайлы айтып берді.

ӨСК-мен шарт жасалған кезде өндірісте жазатайым оқиға кезінде қызметкерлерге қаржылық қорғау қамтамасыз етіледі.

Мұндай сақтандыру екі тәуекелді өтейді:

Бірінші – кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу (еңбек жарақатын алу немесе кәсіби ауру себебі бойынша). ҚР заңнамасына сәйкес 5-тен 100% қоса алғанда кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленеді. Сақтандырушы қызметкерге отыздан бір жүз пайызды қоса алғанда кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда, оның табысты (кірісті) жоғалтумен байланысты залалды өтеу ретінде, қызметкерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады. Сонымен қатар, егер сақтандыру оқиғасының басталуы нәтижесінде зардап шеккен қызметкер оған кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда, денсаулықтың зақымдануымен туындаған қосымша медициналық шығындарды көтерсе, онда зардап шеккен қызметкер бұл шығындарды өтеу үшін ӨСК-ге құжаттарды ұсынуға құқылы. 

Екінші – қызметкердің өмірден кетуі. Бұл жағдайда ай сайынғы сақтандыру төлемін қайтыс болғанның асырауында болған адамдар (егер олар заңды түрде төлемді алушылар болып танылса, балалары, жұбайы, ата-анасы) алады.

Төлемдерді жүзеге асыру үшін сақтандырылушының қайтыс болуынан немесе оның кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесінен табысты жоғалтуына байланысты ҚР Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес залал мөлшері анықталады.

Бұдан бөлек, зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға Сақтандырушы бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге шығындарды өтейді.

Сақтандыру төлемін алу үшін не қажет

Қазақстан Республикасы «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес сақтандыру төлемін алу үшін ең алдымен заңнамамен және сақтандыру шартымен белгіленген мерзімдерде сақтандырушыны хабарландырып, сақтандыру жағдайы туралы өтініш беру қажет. Өтінішке құжаттар қоса тіркеледі.

Кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда:

-  сақтандыру шартының көшiрмесi;

- жазатайым оқиға туралы акт;

- зардап шеккен қызметкердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;

- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждық туралы анықтамасының көшiрмесi;

- емделуге кеткен нақты шығыстарды растайтын құжаттар (шот-фактура, кассалық чек және басқалар);

- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем мөлшері не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтамасының көшiрмесi;

- кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық және сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы берген кәсiптiк аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесi;

- жұмыс берушi куәландырған, зардап шеккен қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Қызметкер қайтыс болған жағдайда:

- сақтандыру шартының көшiрмесi;

- жазатайым оқиға туралы акт;

- қызметкердiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;

- қызметкер қайтыс болған жағдайда, пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

- пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

- жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру