bs-preloader__icon
ru kz

Жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша төлемдер

Жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша төлемдер

Бір жазатайым оқиға нәтижесінде бір уақытта бірнеше дене жарақаты алынған жағдайда төленетін төлем көлемі қандай?

Бір жазатайым оқиға нәтижесінде бірнеше дене жарақаты алынған және «Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлемдерінің кестесі» тарауында көрсетілген жағдайларда, сақтандыру төлемі оның көлемі неғұрлым көбірек болатын жарақатты қарастыратын тармаққа сәйкес төленеді.

Бір жазатайым оқиға нәтижесінде бірнеше дене жарақаты алынған және «Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлемдерінің кестесі» тарауында көрсетілген жағдайларда, сақтандыру төлемі әрбір дене жарақаты бойынша бөлек төленеді, бірақ сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы сақтандыру сомасының көлемінен артық болмауы тиіс.
 

Бір уақытта аяқ-қолдың екеуі де сынған жағдайда төлем көлемі қандай болады?

«Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлемдерінің кестесінде» сақтандыру төлемінің көлемі аяқ не қолдың бірі жарақаттанған жағдайға арнап белгіленген (басқаша көрсетілмеген болса), аяқ-қолдың екеуі де жарақаттанған осындай жағдайда сақтандыру төлемінің көлемі екі есе артады.

Ерікті жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша Сақтанушының жазатайым оқиға себебінен өлімі - сақтандыру жағдайы орын алған кезде төлем қандай көлемде жасалады?

Сақтанушының өлімі - сақтандыру жағдайы жинақтау мерзімінде орын алған кезде, ерікті жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің көлемі сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру сомасына тең болады.

Егер сақтандыру шартымен Сақтанушының жазатайым оқиға нәтижесінде өлімі қосымша сақтандыру өтемі ретінде қарастырылған болса, мұндай сақтандыру жағдайы орын алған кезде, Сақтандырушы Пайда алушыға сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру сомасынан 100% көлемінде қосымша сақтандыру төлемін жасауға міндетті.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
106 жастағы ер адам ұзақ өмірдің басты қағидаларын атады
106 жастағы ер адам ұзақ өмірдің басты қағидаларын атады

АҚШ тұрғыны қыркүйектің басында өзінің 106-шы т...

Өмірді сақтандыру – бұл өлімге дайындалу емес
Өмірді сақтандыру – бұл өлімге дайындалу емес

Латвия тұрғындарының жартысы арнайы жүргізіл...

Жинақтаушы сақтандыру жеке капиталды қалай көбейте алады
Жинақтаушы сақтандыру жеке капиталды қалай көбейте алады

Соңғы екі айда COVID-19 пандемиясы ел экономикасы...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру